Télécharger Imprimer la page

Elica FOLD S Prescriptions De Montage Et Mode D'emploi page 61

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 11
Майға қарсы сүзгі: Майға қарсы металл сүзгі айына бір рет агрессивті емес жуғыш заттармен, қолмен
немесе ыдыс жуғыш машинада қысқа уақытта төмен температурада жуылуы керек. Майға қарсы сүзгіні
шығарып алу үшін, серіппеден босату тұтқасын тартыңыз.
Көмір сүзгі (тек сүзгілі нұсқа үшін): Картриджді кемінде төрт айда бір рет ауыстыру қажет. Оны жууға
немесе қалпына келтіруге БОЛМАЙДЫ. Суреттер бөлімінде көрсетілгендей: майға қарсы сүзгілерді алып
тастаңыз, екі жағына көмір сүзгісін салып, оны өнімге бекітіңіз. Майға қарсы сүзгілерді орындарына қайта
орнатыңыз.
Жуылатын белсендірілген көмір сүзгісі (тек сүзгілі нұсқа үшін):
Көмір сүзгісін екі ай сайын (егер сіздегі үлгіде болса- сүзгінің қанығу жүйесі көрсеткен кезде) жуып отыруға
болады. Сызбалар бөлімінде көрсетілгендей: май сүзгісін алыңыз, көмір сүзгісін алыңыз және ыстық сумен,
лайықты жуғыш қоспалармен қолдап жуыңыз немесе ыдыс жуғышта 65°C температурада жуыңыз (ыдыс
жуғышта жуу кезінде толық жуу циклін ыдыс-аяқтарсыз орындаңыз). Артық суды сүзгіні зақымдамай алыңыз,
содан кейін оны толығымен кептіру үшін пешке 100°C температурада 10 минутқа қойыңыз. Майға қарсы
сүзгілерді орындарына қайта орнатыңыз.
Көбіктөсемді 3 жыл сайын және матаның зақымданғаны байқалған сайын ауыстырыңыз.
• Жарықтандыру жүйесі : Жарықтандыру жүйесін пайдаланушы ауыстыра алмайды, егер ол жұмыс істемесе,
тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
ПАЙДАЛАНУ
L1
L2
T1
T2
T1 Моторды ҚОСУ/ӨШІРУ
Түтін тартқышты 1-жылдамдықта іске қосу үшін осы түймені басыңыз.
Түтін тартқышты ӨШІРУ үшін жұмыс барысында осы түймені басыңыз.
T2 Жылдамдықты арттыру
Түтін тартқышты ӨШІРУЛІ күйінен 1-жылдамдыққа қосу үшін осы түймені басыңыз.
Мотор жылдамдығын 1-жылдамдықтан қарқынды жылдамдыққа ауыстырып қосу үшін осы түймені басыңыз
(түтін тартқыш ҚОСУЛЫ болған кезде).
Әр жылдамдық үшін өзінің тиісті ШАМЫ жанады.
1-жылдамдық ШАМЫ: L1
2-жылдамдық ШАМЫ: L2
3-жылдамдық ШАМЫ: L3
Қарқынды жылдамдық ШАМЫ: L4 (жыпылықтайды)
Қарқынды жылдамдықтың уақыты шектелген. Стандартты уақыт – 5 минут. Осы уақыттан кейін түтін тартқыш 2-
жылдамдыққа ауысады.
Бұл функцияны осы уақыт аяқталмай тұрып өшіру үшін T2 түймесін басыңыз; сонда жылдамдық 1-ге ауысады;
түтін тартқышты өшіру үшін T1 түймесін басыңыз.
T3 Шамдарды ҚОСУ/ӨШІРУ
T4 Жылдамдық таймері
T5 Жұмыс күйінің индикаторы.
Жылдамдық таймері
Жылдамдық таймері T4 түймесін басу арқылы іске қосылады; орнатылған уақыт өткен соң түтін тартқыш өшеді.
Уақыт келесідей бөлінеді:
1-жылдамдық — 20 минут (L1 ШАМЫ жыпылықтайды)
2-жылдамдық — 15 минут (L2 ШАМЫ жыпылықтайды)
3-жылдамдық — 10 минут (L3 ШАМЫ жыпылықтайды)
Қарқынды жылдамдық — 5 минут (L4 ШАМЫ жыпылықтайды).
Уақытпен жұмыс істеу барысында түтін тартқышты өшіру үшін T1 түймесін басыңыз; түтін тартқышты
орнатылған жылдамдыққа қайтару үшін T2 немесе T4 түймесін
басыңыз.
L5
L3
L4
T3
T5
T4
61

Publicité

loading

Ce manuel est également adapté pour:

FoldPrf0180808Prf0181962