ТОҚ СОҒУЫН БОЛДЫРМАҢЫЗ:
• Электр тізбек тиісті түрде қорғалғанын және мотордың қуатына, кернеуіне
және жиілігіне сай екенін тексеріңіз.
• Ылғалды немесе дымқыл жерде тұрғанда моторды розеткаға қоспаңыз
немесе розеткадан ажыратпаңыз. Бетон араластырғышты ылғалды немесе
дымқыл аумақтарда пайдаланбаңыз немесе жаңбыр әсерін тигізбеңіз.
• Дененің жерге қосылған беттерге тиюіне жол бермеңіз: құбырлар,
радиаторлар, желілер және тоңазытқыш корпустары.
• Бетон араластырғышты розеткаға қосқанда немесе розеткадан
ажыратқанда саусақтарды ашаның металл істіктеріне тигізбеңіз.
КЕЛУШІЛЕРДІ ЖӘНЕ БАЛАЛАРДЫ АУЛАҚ ҰСТАҢЫЗ:
• Рұқсат етілмеген адамдарды бетон араластырғыштан аулақ ұстаңыз.
• Балалардың бетон араластырғышты ұстауына немесе оған мінуіне рұқсат
етпеңіз.
ҚАТТЫ ЖАҚЫНДАМАҢЫЗ:
• Бетон араластырғышты жүктеу немесе босату кезінде әрқашан тиісті
қалыпты және теңгерімді сақтаңыз.
• Бетон араластырғыш үстінде ешқашан тұрмаңыз. Бетон араластырғыш
аударылып кетсе немесе қозғалатын бөліктерге кездейсоқ тисеңіз, ауыр
жарақат алуыңыз мүмкін.
• Жету үшін кез келген адам бетон араластырғыш үстіне тұра алаттын ештеңені
бетон араластырғыштың үстінде немесе жанында сақтауға болмайды.
КҮТПЕГЕН СӘТСІЗ ЖАҒДАЙДАН ЖАРАҚАТТЫ БОЛДЫРМАҢЫЗ:
• Қолдарды барлық қозғалатын бөліктерден аулақ ұстаңыз. Жұмыс кезінде
дененің ешбір бөлігін немесе күрек сияқты ешбір құралды барабанға салмаңыз.
Жұмыс істеп жатқанында жақтау және тірек иінтірек арасындағы немесе
барабан және тірек иінтірек арасындағы аралықтан қолдарды өткізбеңіз.
ҚҰРАЛҒА КҮШ ҚОЛДАНБАҢЫЗ:
• Ол өзі жобаланған жылдамдығында жақсырақ және қауіпсіздеу жұмыс
істейді. Әрдайым номиналды қуат аралығында жұмыс істеңіз.
• Барабан толығымен жүктелген болса, моторды ешқашан іске қоспаңыз.
Бетонға толы кезінде бетон араластырғышты өшіруге болмайды.
• Бетон араластырғышты өзі арналмаған мақсатта пайдалануға болмайды.
• Бетон араластырғышты ешбір көлік арқылы сүйреуге болмайды. Бетон
араластырғышты қысқа қашықтықққа жылжыту үшін қол дөңгелегін көтеріңіз.
• Алысқа тасымалдау үшін барабанды аударыңыз, бекіту шығыңқы жерінің екі
жағын жүктегішпен көтеріп, бетон араластырғышты жүк көлігіне салыңыз.
ЕШҚАШАН БЕТОН АРАЛАСТЫРҒЫШТЫ ҚАРАУСЫЗ ЖҰМЫС ІСТЕУГЕ
ҚАЛДЫРМАҢЫЗ:
• Бетон араластырғышты толығымен тоқтағанша қалдырмаңыз.
2. ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ НҰСҚАУЛАР
97
KZ