Télécharger Imprimer la page

Venta LW15 Mode D'emploi page 270

Masquer les pouces Voir aussi pour LW15:

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 28
• Құрылғыны ешқашан қажетті мөлшерден асыра толтыруға болмайды.
• Сауыты толып тұрған құрылғыны тасымалдауға немесе қисайтуға
болмайды.
• Желілік адаптерді ешқашан кабелінен тартып немесе дымқыл қолмен
розеткадан суырып алуға болмайды.
• Құрылғыны толық құрастырғаннан кейін ғана қолданысқа енгізу керек.
• Құрылғыны тегіс әрі құрғақ бетке ғана орналастыру керек.
• Құрылғыны аударылып кетпейтін, әрі оған немесе оның кабеліне ешкім
сүрініп кетпейтін етіп орнату керек.
• Құрылғы мен басқа заттардың және қабырғалардың арасында кемінде 50
см бос орын қалуға тиіс.
• Ең үлкен орнату биіктігі: 2000 метр
• Құрылғы шамадан тыс қызып/зақымданып қалмас үшін ауа алмастыру
саңылауларын ешқашан бүркеп немесе бөгеп тастауға болмайды.
• Әсіресе қыс айларында бөлме ішіндегі ылғалдылық ұзақ уақыт бойы
60 %­дан асса, биологиялық ағзалар пайда болуы мүмкін.
• Құрылғының жасалуы және онда қолданылған конденсатты буландыру
технологиясы, құрылғыны дұрыс іске пайдаланған жағдайда оның
корпусынан судың тамшы немесе бу түрінде бөлінуіне және қақ тұруға жол
бермейді.
• Құрылғыны тек өзіне арналған түпнұсқа Вента керек­жарақтарымен бірге
пайдалану қажет. Бөгде тараптан алынған керек­жарақтарды қолдану
салдарына Venta­Luftwäscher GmbH ешбір жауапкершілік көтермейді.
• Құрылғыны бірнеше күн пайдаланбасаңыз немесе ағытып ұзағырақ
уақыт сақтап қойғыңыз келсе, жағымсыз иістің немесе ағынсыз суда
биологиялық ағзалардың пайда болуына жол бермеу немесе су жиналып
қалмау үшін су сауытының ішіндегісін әбден төгіп, қоқыстарынан арылту
және құрғату керек.
• Құрылғыны пайдаланбаған кезде желілік адаптерін розеткадан ағытып
қойыңыз.
• Құрылғының айналасындағы жердің ылғал немесе су болып қалуына жол
бермеңіз. Ылғал пайда болса, құрылғының жұмыс қарқынын азайтыңыз.
Құрылғының жұмыс қарқыны төмендетуге болмайтын деңгейге жетсе,
құрылғыны ара­тұра үзіліс жасап пайдаланыңыз. Су сіңіріп алатын кілем,
перде, гардин немесе үстел жапқыш тәрізді нәрселердің ылғал болып
қалмауын қадағалаңыз.
270
KZ

Publicité

loading

Ce manuel est également adapté pour:

Lw25Lw45