Télécharger Imprimer la page

Moulinex Masterchef Gourmet QA4081B1 Mode D'emploi page 77

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 1
Осыдан кейін қажетті жылдамдықты таңдау арқылы жұмыс істеуді жалғастырыңыз.
Бөлімдердің нөмірлері суреттердегі нөмірлерге сәйкес келеді.
1 - АРАЛАСТЫРУ / ИЛЕУ / КӨПСІТУ / ЭМУЛЬГАЦИЯЛАУ / БҰЛҒАУ
Қақпағы (B2) бар таттанбайтын болаттан жасалған сыйымдылықтың (B1) көмегімен нақты тағамға
байланысты 1,8 кг-ға дейін жеңіл қамырды дайындауға болады.
ҚОЛДАНЫЛАТЫН КЕРЕК-ЖАРАҚТАР:
- Таттанбайтын болаттан жасалған тостаған (В1)
- Қақпақ (B2)
- Қамыр илегіш (С1), араластырғыш (С2), немесе дөңгелек көпсітетін саптама (С3)
1.1 - КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ ЖИНАУ ТӘРТІБІ
• Көпфункционалды бастиекті (A3) босату үшін батырманы басыңыз (A2) және бастиек өз орнында
орнықтырылатындай етіп оны көтеріңіз.
• Таттанбайтан болаттан жасалған сыйымдылықты (B1) құрылғыда орнықтырыңыз (сағат тілі бағытымен
бұрау арқылы) және оған құрам бөліктерді салыңыз.
• Шығыста (A6) қажетті саптаманы (C1, C2 немесе C3) орнатыңыз, оны өз орнында бекіту үшін саптаманы
ширек айналымға сағат тіліне қарама-қарсы бағытта бұраңыз.
• Көпфункционалды бастиекті (A3) көлденең жағдайда орнатыңыз: батырманы (A2) басыңыз және
көпфункционалды бастиекті (A3) орнықтыру жағдайына дейін (батырма (a2) бастапқы жағдайға қайта
келеді) қолмен түсіріңіз.
• Қақпақты (B2) таттанбайтан болаттан жасалған сыйымдылыққа (B1) жабыңыз.
Ескертпе. Қақпақты қолдану міндетті емес, бірақ ол шашыраудың алдын алады.
• Қақпақтың (A5) жоғары жылдамдықты шығыста (А4) дұрыс орнықтырылғанына (сағат тілі бағытымен) көз
жеткізіңіз.
1.2 - ҚОЛДАНЫЛУЫ
Алдымен ауыстырып-қосқыштың батырмасын (А1) рецептіге байланысты қажетті жағдайға бұраңыз.
• Құрал дереу жұмыс істеуін бастайды.
Жұмыс істеу барысында қақпақтағы (B2) саңылау арқылы өнімдерді қосуға болады.
• Құралды тоқтату үшін батырманы (A1) "0" жағдайына бұраңыз.
Кеңестер:
- Илеу
- Саптама ретінде қамыр илегішті (C1 "1" жылдамдықта қолданыңыз. 500 г-ға дейін ұнды (бидай ұнын,
ірілей тартылған ұнды, үгілме қамыр үшін және т.б.) илеуге болады.
- Барынша ұзақ қолдану уақыты: 13 минут.
- Араластыру
- Араластырғышты (C2) "1"-ден "max" (ең жоғары) жылдамдыққа дейін қолданыңыз.
- 1,8 кг-ға дейін жеңіл қамырды (кекстер, печенье және т.б.) араластыруға болады.
- Барынша ұзақ қолдану уақыты: 13 минут.
- Тығыз қамырды илеу үшін ешқашан араластырғышты (C2) қолданбаңыз.
- Көпсіту / эмульгациялау / бұлғау
- Дөңгелек көпсітетін саптаманы (C3) "1"-ден "max" (ең жоғары) жылдамдыққа дейін қолданыңыз.
- Сізге: майонезді, айолиді, тұздықтарды, көпсітілген ақуыздарды (8 жұмыртқа ақуызына дейін), шантильи
кремін (500 мл-ге дейін) және т.б. дайындауға болады.
- Барынша ұзақ қолдану уақыты: 10 минут.
- Дөңгелек көпсітетін саптаманы (C3) ешқашан тығыз қамырды илеу үшін және жеңіл қамырды
араластыру үшін қолданбаңыз.
1.3 - КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ БӨЛШЕКТЕУ ТӘРТІБІ
• Құралдың толығымен тоқтағанын күтіңіз.
• Қақпақты (B2) алыңыз.
• Батырманың (A2) көмегімен көпфункционалдық бастиекті (A3) босатыңыз және оны жоғары жағдайға
ауыстырыңыз.
77
KK

Publicité

loading