Télécharger Imprimer la page

Moulinex Masterchef Gourmet QA4081B1 Mode D'emploi page 76

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 1
Сізге компания құрылғысын сатып алғаныңызға алғыс айтамыз. Құрылғы коммерциялық емес мақсатта
бөлме-жайлардың ішінде тағам дайындау үшін арналған.
СИПАТТАМАСЫ
A - Қозғалтқыш блогі
A1 Электронды жылдамдықты
ауыстырып-қосқыш
A2 Көпфункционалды бастиекті
босату батырмасы (a3)
A3 Көпфункционалды бастиек
A4 Жоғары жылдамдықты шығыс (миксердің /
шырынсыққыштың / ұсақтағыштың
сыйымдылығын жалғауға арналған
A5 Қорғайтын қақпақ
A6 Миксер (қамыр илегіштің, дөңгелек
көпсітетін саптаманың, араластырғыштың)
саптамаларына арналған шығыс
A7 Қоректендіру баусымын сақтауға
арналған орын
B - Жинауға арналған сыйымдылық
B1 Таттанбайтын болаттан жасалған тостаған
B2 Қақпақ
C - Миксердің саптамалары
C1 Қамыр илегіш
C2 Араластырғыш
C3 Дөңгелек көпсітетін саптама
D - Блендер тостағаны (үлгіге байланысты)
D1 Сыйымдылық
D2 Қақпақ
D3 Мөлшерлегіш қақпақша
АЛҒАШ ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА
• Алғаш қолданар алдында барлық саптамаларды (жалғайтын блоктан (Е) басқа: "Тазалау" бөлімін қараңыз)
сабынды сумен жуып шығыңыз. Оларды мұқият шайыңыз және кептіріңіз.
• Құралды тегіс, таза әрі құрғақ бетке орнатыңыз. Жылдамдықты ауыстырып-қосу батырмасының (A1) "0"
жағдайда орнатылғанына көз жеткізіңіз, сосын құралды желіге қосыңыз.
• Құралды бірнеше әдіспен іске қосуға болады:
KK
- Кідірмелі жұмыс істеу (серпілісті режім): жылдамдықты ауыстырып-қосу батырмасын (А1) "Pulse"
жағдайына ("Серпілісті режім") жағдайына бұраңыз. Кідірмелі жұмыс істеу тағамдардың бірқатарын
дайындау үшін қолайлы.
- Үздіксіз жұмыс істеу: жылдамдықты ауыстырып-қосу батырмасын (А1) дайындалып жатқан тағамға
байланысты "1"-ден "max"-қа дейінгі қажетті жағдайға бұраңыз. Жұмыс істеу барысында режімді
ауыстыруға болады.
• Құралды тоқтату үшін батырманы (А1) "0" жағдайына бұраңыз.
Маңызды! Құралды тек қақпақ (A5) пен бастиек (A3) орнықтырылғаннан кейін ғана іске қосуға
болады. Жұмыс істеу барысында қақпақ (A5) және/немесе бастиек бұғаттан шығарылған жағдайда
құрал жылдам тоқтайды. Қақпақты (A5) және/немесе бастиекті орнықтырыңыз, басқару батырмасын
(А1) "0" жағдайына бұраңыз, сосын қажет жылдамдықты таңдау арқылы құралды іске қосыңыз.
Құрал жұмыс қуатының талдауын және басқаруын жүргізетін микропроцессормен жабдықталған. Егер
жүктеме өте жоғары болса, құрал автоматты түрде тоқтайды. Құралды қайта іске қосу үшін бұралатын
ауыстырып-қосқышты (А1) "0" жағдайына орнатыңыз. Құралды бірнеше минут бойы салқындатыңыз.
E - Саптамаларға арналған бекіткіш
(үлгіге байланысты)
F - Ет тартқыштың бастиегі (үлгіге байланысты)
F1 Металл тұрқы
F2 Иірлік
F3 Пышақ
F4 Үлкен саңылаулары бар тор
F5 Ұсақ саңылаулары бар тор
F6 Сомын
F7 Итергіш
F8 Науа
G - Көкөніс турағыш (үлгіге байланысты)
G1 Цилиндрлерге арналған тұрқы
G2 Итергіш
G3 Кесетін цилиндр
G4 Ірілеп үгуге арналған цилиндр
G5 Ұсақтап үгуге арналған цилиндр
G6 Картоп тілімшелеріне арналған цилиндр
H - Шырынсыққыш (үлгіге байланысты)
H1 Итергіш
H2 Қақпақ
H3 Айналатын сүзгі
H4 Шырынды жинауға арналған сыйымдылық
H5 Кұятын шүмек
H6 Тоқтатқыш иінтірек
76

Publicité

loading