Сору адаптерін орнату (B суретін қараңыз)
Сору адаптерін (24) жоңқаны шығаруға арналған келте
құбырға (16) тірелгенше салыңыз. Сору адаптерін (24)
қосымша бұрандамен (23) бекітіңіз.
Сору адаптеріне (24) диаметрі 35 мм сору шлангын
жалғауға болады.
Сору адаптерін сору құрылғысын жалғамай қосуға
u
болмайды. Әйтпесе сору арнасы бітеліп қалуы
мүмкін.
Сору адаптеріне шаң жинау қабын кигізуге
u
болмайды. Әйтпесе сору жүйесі бітеліп қалуы мүмкін.
Оңтайлы соруды қамтамасыз ету үшін сору адаптерін
(24) жүйелі түрде тазалап тұру керек.
Сыртқы сорғыш
Электр құралды қашықтан іске қосу құрылғысы бар Bosch
фирмасының әмбебап шаңсорғышының штепсельдік
розеткасына бірден қосуға болады. Ол электр құрал
қосылғанда автоматты түрде іске қосылады.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ
шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Германияда ағаш шаңдарына TRGS 553 негізінде
тексерілген сорғыш аспаптар талап етіледі, жеке
сорғыштарды өндірісте пайдалануға болмайды. Басқа
материалдар үшін пайдаланушы арнайы қызмет көрсету
орталықтарынан сәйкес талаптарды сұрау қажет.
Пайдалану
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Пайдалану түрлері
Кесік тереңдігін реттеу (C суретін қараңыз)
Аралау тереңдігін дайындаманың қалыңдығына
u
байланысты реттеңіз. Дайындаманы көру мүмкін
болуы үшін ол тістің толық биіктігінен азырақ болуы
керек.
Қысқыш тұтқышты (25) босату. Шағын аралау тереңдігі
үшін араны тірек тақтадан (14) ары тартыңыз, үлкен
тереңдік үшін араны тірек тақтаға (14) басыңыз. Аралау
тереңдігінің шкаласы бойынша қажет өлшемді
орнатыңыз. Цангалық қысқышты (25) берік бекемдеңіз.
Қысқыш тұтқыштың (25) қысу күшін реттеуге болады. Ол
үшін (25) қысқыш тұтқышты шешіп кемінде сағат тіліне
қарсы 30°-ке жылжытып қайта бекітіңіз.
Еңіс бұрышын реттеу
Электр құралды қорғағыш қаптаманың (1) бүйірлік
бөлігіне қойыңыз.
Қатпарлы бұрандамаларды (7) және (15) босатыңыз.
Араны бұраңыз. Қажетті өлшемді (6) шкаласында
орнатыңыз. (7) мен (15) қатпарлы бұрандаларын қайта
бекітіңіз.
Нұсқау: Бұрышпен аралау тереңдігі аралау тереңдігінің
шкаласында (26) көрсетілген саннан кем.
Bosch Power Tools
Аралау бұрышының белгілері
45
0
0° кесу белгісі (10) тік бұрышпен аралау кезіндегі аралау
дискісінің күйін көрсетеді. 45° кесу белгісі (9) 45°-
бұрышпен аралау кезіндегі аралау дискісінің күйін
көрсетеді.
Дұрыс кесік істеу үшін дискілік араны суретте
көрсетілгендей дайындамаға орнатыңыз. Сынақ кесігін
жасап көріңіз.
Пайдалануға ендіру
Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
u
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдармен 220 В жұмыс
істеуге болады.
Қосу/өшіру
Қолтұтқаны жібермей қосқыш/өшіргішті басу
u
мүмкіндігіне көз жеткізіңіз.
3 601 EA2 0K./3 601 EA2 0L./3 601 EA2 0F.:
Электр құралды қосу үшін қосқышты/өшіргішті (3) басып
тұрыңыз.
Басылған қосқыш/өшіргішті (3) құлыптау үшін құлыптау
пернесін (2) басыңыз.
Электр құралын өшіру үшін, қосқыш/өшіргішті (3)
жіберіңіз немесе құлыптау пернесімен (2) құлыптанған
болса, қосқыш/өшіргішті (3) қысқа уақыт басып
жіберіңіз.
3 601 EA2 08./3 601 EA2 0B./3 601 EA2 04./
3 601 EA2 00./3 601 EA2 07./3 601 EA2 001/
3 601 EA2 071:
Электр құралын іске қосу үшін алдымен құлыптау
пернесін (2) басып кейін қосқыш/өшіргішті (3) басып
ұстап тұрыңыз.
Электр құралды өшіру үшін қосқышты/өшіргішті (3)
жіберіңіз.
Нұсқау: Қауіпсіздік себебінен қосқыш/өшіргішті (3)
құлыптауға болмайды, ол жұмыс істеу кезінде басылған
болуы қажет.
Пайдалану нұсқаулары
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Кесік ені пайдаланған ара дискісіне байланысты өзгереді.
Аралау дискілерін соқтығысудан және соққыдан
қорғаңыз.
Қазақ | 145
45
0
1 609 92A 4BS | (03.02.2021)