8. ЗАРЯДТАУ
Батареяны зарядтағыш құралға қойып, оның дұрыс (+ жəне -) орналасқанына (шырт
еткенше) көз жеткізіңіз
Зарядтағыш құралды тиісті розеткаға (230 В) жалғаңыз, зарядтағыш құралдың
қызыл шамы жанып тұрады.
Батареяны зарядтағыш құралға салыңыз, зарядтағыш құрал табанындағы қызыл
түсті шам заряд алу процесінің басталғанын көрсетеді.
Зарядтау аяқталғанда, зарядтағыш құрал табанындағы жарық жасыл түске ауысады.
Батарея толығымен зарядталған.
Əдетте батареяны толық зарядтау үшін 1 сағат қажет болады.
Зарядталғаннан кейін штепсельді розеткадан ажыратыңыз.
Батарея блогындағы босату түймелерін басып, батареяны шығарып алыңыз.
ЫСТЫҚ БАТАРЕЯ БЛОГЫН ЗАРЯДТАУ
Құралды үздіксіз пайдалану кезінде, батарея блогы қызып кетуі мүмкін. Ыстық
батарея блогын зарядтағыш құрал портына тікелей орналастыруға болады, бірақ
батарея температурасы жарамды температура ауқымына дейін салқындамайынша
зарядтау басталмайды. Ыстық батарея блогын зарядтағыш құралға қойған кезде,
зарядтағыш құрал блоктың зарядтауға дайын еместігін көрсетуі мүмкін. Зарядтағыш
құралдың пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз. Батарея блогы салқындаған кезде,
зарядтағыш құрал автоматты түрде зарядталып бастайды.
СУЫҚ БАТАРЕЯ БЛОГЫН ЗАРЯДТАУ
Суық батарея блогын зарядтағыш құрал портына тікелей орналастыруға болады,
бірақ батарея температурасы жарамды температура ауқымына дейін жылымайынша
зарядтау басталмайды. Суық батарея блогын зарядтағыш құралға қойған кезде,
зарядтағыш құрал блоктың зарядтауға дайын еместігін көрсетуі мүмкін. Зарядтағыш
құралдың пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз. Батарея блогы шамамен бөлме
температурасына дейін жылыған кезде, зарядтағыш құрал автоматты түрде
зарядталып бастайды.
ЗАРЯДТАУ ИНДИКАТОРЫ
шамдар
Шам индикаторлары
Жасыл түсті
төрт шам
қосулы
күйі
Батарея толық
зарядталды
«сақтауға
ЖАРАМДЫ»
FR
ES
PT
IT
EL
PL
RU
KZ
UA
RO
149