Télécharger Imprimer la page

Dexter 20VSD2-35RCA.11A Mentions Légales & Consignes De Sécurité page 142

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 1
FR
2. ЭЛЕКТР ҚҰРАЛЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША ЖАЛПЫ
ES
ЕСКЕРТУЛЕР
b) Жеке қорғаныс жабдығын пайдаланыңыз. Қорғаныс көзілдірігін үнемі
PT
тағып жүріңіз. Шаңнан қорғайтын маска, сырғанамайтын арнайы аяқ-киім, берік
каска немесе есту мүшесін қорғайтын құрал сияқты қорғаныс жабдығын сəйкес
IT
жағдайларда пайдаланғанда жеке жарақат алу қаупі азаяды.
c) Электр құралының абайсызда іске қосылуына жол бермеңіз. Қуат көзіне
жəне/немесе батареяға қоспас бұрын, құралды жинамай не тасымалдамай
EL
тұрып, ауыстырып-қосқыштың өшірулі күйде болуына көз жеткізіңіз. Электр
құралдарын ауыстырып-қосқышынан ұстап тасымалдау немесе ауыстырып-
PL
қосқыш қосулы күйде қуаттандыру салдарынан оқыс оқиғалар орын алуы мүмкін.
d) Электр құралын іске қоспас бұрын, реттегіш кілттер мен сомынды бұрайтын
кілттерді алып тастаңыз. Электр құралының айналатын бөлігінде бекітулі күйде
RU
қалған реттегіш кілт немесе сомынды бұрайтын кілт дене жарақатына əкелуі мүмкін.
e) Қатты күш жұмсамаңыз. Үнемі тұрақты қалыпта тұрыңыз жəне тепе-теңдік
сақтаңыз. Бұл кездейсоқ жағдайларда электр құралын дұрыс басқаруға мүмкіндік береді.
KZ
f) Тиісті түрде киініңіз. Кең киім кимеңіз немесе əшекей тақпаңыз. Шашыңызды,
киіміңізді жəне қолғабыңызды жылжымалы бөлшектерден алшақ ұстаңыз.
UA
Кең киім, əшекей немесе ұзын шаш жылжымалы бөлшектерге ілініп қалуы мүмкін.
g) Құралдармен бірге шаң сору жəне шаң жинау жүйесі қамтамасыз
етілсе, олардың дұрыс жалғанып, пайдаланылатынына көз жеткізіңіз.
RO
Шаңсорғыштарды пайдалану шаңға қатысты қауіптерді азайтады.
h) Құралды жиі пайдалану нəтижесінде босаңсып, қауіпсіздік қағидаларын
елеусіз қалдырмаңыз. Салғырттық таныту бір мезетте ауыр жарақатқа əкеп
соқтыруы мүмкін.
4) ЭЛЕКТР ҚҰРАЛЫН ПАЙДАЛАНУ ЖƏНЕ ОҒАН КҮТІМ КӨРСЕТУ
a) Электр құралына артық жүктеме түсірмеңіз. Жұмысыңыз үшін дұрыс электр
құралын пайдаланыңыз. Дұрыс электр құралы өзінің арнайы жылдамдығында
жұмысты едəуір тиімді əрі қауіпсіз түрде орындайды.
b) Ауыстырып-қосқышы қосылмайтын жəне өшпейтін электр құралын
пайдаланбаңыз. Ауыстырып-қосқыш арқылы басқарылмайтын кез келген электр
құралы қауіпті жəне оны жөндеу қажет.
c) Реттеу əрекеттерін орындау, керек-жарақтарды ауыстыру немесе қуат
құралдарын сақтаудан бұрын штепсельді қуат көзінен жəне/немесе
батареяны электр құралынан ажыратыңыз. Мұндай сақтық шаралары электр
құралының кездейсоқ іске қосылу қаупін азайтады.
d) Пайдаланылмайтын электр құралдарын балалардың қолы жетпейтін
жерде сақтаңыз. Электр құралымен немесе осы нұсқаулармен таныс емес
адамдарға құралды пайдалануға рұқсат бермеңіз. Электр құралдарын
жаттықтырылмаған пайдаланушылар қолданса, қауіп төнеді.
e) Электр құралдарына техникалық қызмет көрсетіңіз. Жылжымалы
бөлшектердің қисаюын немесе кептелуін, бөлшектердің бұзылуын жəне
электр құралының жұмысына əсер етуі мүмкін басқа барлық жағдайдың
бар-жоғын тексеріңіз. Электр құралы зақымдалса, оны пайдаланар алдында
жөндеңіз. Көптеген оқыс оқиғалар электр құралдарына тиісті түрде техникалық
қызмет көрсетпеу салдарынан орын алады.
142

Publicité

loading