OBJ_BUCH-2019-001.book Page 161 Wednesday, September 11, 2013 9:22 AM
Сорғыш шлангін 10 шаңсорғышқа қосыңыз (жабдықтар).
Осы нұсқаулық соңында шаңсорғышға қосу әдістері
көрсетілген.
Бетонды тегістеу машинасын пайдалану туралы
ескертулер
Жұмыс уақытында болатын шаңды шығаруды азайту үшін
келесі сақтық шараларын қолданыңыз.
– Тек Bosch ұсынған кірістірілген қорғағыш және шығару
қаптамасы, сондай-ақ, M сыныпты шаңсорғыш бар
алмас, тостаған тәрізді тегістеу дөңгелектерінің,
тегістеу машиналарының тіркесімдерін пайдаланыңыз.
Басқа тіркесімдер шаңды жинаудың нашарлауына
және шаңның жиналуына әкелуі мүмкін.
– Шаңсорғыштың техникалық қызмет көрсету және
шаңсорғыш пен сүзгілерді тазалау туралы нұсқауларын
орындаңыз. Толы болса, шаңжинағыштарды бірден
тазалаңыз. Жүйелі түрде шаңсорғыштағы сүзгіні
тазалаңыз және шаңсорғышта сүзгіні әрқашан
дұрыстап орнатыңыз.
– Тек қамтамасыз етілетін Bosch сору шлангтарын
пайдаланыңыз. Сору шлангысын ашпаңыз. Егер
вакуумдық шлангқа тас сынықтары кірсе, жұмысты
бірден тоқтатыңыз және сору шлангысын тазалаңыз.
Сору шлангысының майысуларын болдырмаңыз.
– Бетонды тегістеу машинасын тек мақсатына сай
пайдаланыңыз.
– Құрылыс алаңдарындағы жұмысқа қойылатын жалпы
талаптарды орындаңыз.
– Жақсы желдетуді қамтамасыз етіңіз.
– Еркін жұмыс аймағын қамтамасыз етіңіз. Ұзақ
жұмыстар кезінде шаңсорғыш еркін қозғалуы немесе
уақтылы қозғалуы керек.
– Қажет болса, есту органдарын қорғау құралдарын,
қорғағыш көзілдірікті, респираторларды, қолғапты
киіңіз. Шаңтұтқыш ретінде FFP 2 сыныпындағы кемінде
бір бөлшекті сүзгілейтін жартылық шаңтұтқышты
пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнын тазалау үшін сәйкес шаңсорғышты
пайдаланыңыз. Бұрылыстарда жиналған шаңды
көтермеңіз.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдары 220 В жұмыс істеуі
мүмкін.
Қосу/өшіру
Электр құралын Іске қосу үшін қосқыш/өшіргішті 1 алға
жылжытыңыз.
Қосқыш/өшіргішті 1 орнату үшін қосқыш/өшіргішті 1
алды төменге тірелгенше басыңыз.
Электр құралын өшіру үшін, қосқыш/өшіргішті 1 жіберіп
немесе ол бекітілген болса қосқыш/өшіргішті 1 қысқа
артында төмен басып сосын жіберіңіз.
Bosch Power Tools
Пайдаланудан алдын ажарлау құралдарын қайта
тексеріңіз. Ажарлау құралы берік орнатылып, еш
кедергісіз айналуы қажет. 1 минут ішінде сынау
жұмысын жүктемесіз орындаңыз. Ақауы бар,
домалақ емес және дірілдейтін ажарлау
құралдарын пайдаланбаңыз. Бұзылған ажарлау
құралдары жарылып зақымдарға алып келуі мүмкін.
Энергия қуатын үнемдеу үшін электр құралын тек
пайдаланарда қосыңыз.
Қайта қозғалу сақтағышы
Кездейсоқ қосылудан қорғау қуатпен қамтудағы үзілістен
кейін электр құралдың бақылаусыз іске қосылуын
болдырмайды.
Қайта пайдалану үшін ажыратқышты 1 өшірілген күйге
келтіріп электр құралды қайта қосыңыз.
Ескертпе: Жұмыс кезінде желілік ашаны суырып, қайта
қосу арқылы қайта іске қосу функциясын жүйелі түрде
тексеріп тұрыңыз.
Іске қосу тогының шектеулері
Іске қосу тогын шектеудің электрондық жүйесі электр
құралды қосу кезіндегі қуатты шектейді және 16 А
розеткадан жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Тұрақты электроника
Тұрақты электроника бос жүрісте және жүктеме кезінде
айналымдар санын тұрақты дерлік деңгейде сақтайды
және жұмыстың біркелкі өнімділігін қамтамасыз етеді.
Артық жүктеу қорғанысы
Қайта іске қосқанда қозғалтқыш тоқтайды. Құрылғының
бос жүрістегі ең жоғары жүктемеде шамамен 30 секунд
бойы сууына мүмкіндік беріңіз.
Жиекке жақын тегістеу (GBR 15 CAG) (В суретін
қараңыз)
Жиекке жақын тегістеу үшін бұғаттауды 7 алға ()
жылжытыңыз және қорғағыш қаптаманың жылжымалы
бөлігін 6 шетке () жылжытыңыз. Бұғаттауды 7 бекітіңіз
( ).
Пайдалану нұсқаулары
Салмағы тұрақты қалыпты қамтамасыз етпесе,
дайындаманы бекітіңіз.
Электр құралға тоқтағанша жүктеме түсірмеңіз.
Алмас, тостаған тәрізді тегістеу дөңгелегіне
суығанша тимеңіз. Алмас, тостаған тәрізді тегістеу
дөңгелектері жұмыс уақытында қатты қызады.
Электр құралын дайындамаға тек қосулы күйде апарыңыз.
Электр құралды аз қысыммен, бетке параллель немесе
ішінара көлденең және тік бағытта дайындамаға қарай
жылжытыңыз. Жабынды кетіру үшін электр құралды
сонымен бірге жүйесіз дайындаманың бетіне азғантай
бұрышпен басқаруға болады, бұл шаңсорғышқа зиян
тигізбейді.
Қaзақша | 161
3 609 929 C68 | (11.9.13)