Bosch GBH 18V-26 D Professional Notice Originale page 146

Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 20
146 | Қазақ
Литий-иондық аккумулятор "Electronic Cell Protection
(ECP)" (электрондық элементтерді қорғау) арқылы терең
заряд жоғалтудан қорғалған. Аккумулятор заряды жоқ
болса электр құралы қорғаныс схемасы арқылы
өшіріледі: алмалы-салмалы аспап басқа қозғалмайды.
Электр құралы автоматты өшкеннен соң қосқыш/
u
өшіргішті енді басушы болмаңыз. Әйтпесе
аккумулятор зақымдануы мүмкін.
Аккумулятор NTC температура бақылауымен
жабдықталған, ол тек 0°C мен 45°C арасындағы
температурада зарядталуға жол береді. Сол арқылы
аккумуляторды ұзақ уақыт пайдалана аласыз.
Пайдалану мерзімінің айтарлықтай қысқаруы
аккумулятордың ескіргенін және ауыстыру керектігін
білдіреді.
Қоқыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды
орындаңыз.
Аккумуляторды шешу (A суретін қараңыз)
Аккумулятордың (8) екі құлыптау деңгейі бар, бұл
аккумуляторды босату түймесі (9) абайсызда басылып
кеткенде аккумулятордың түсіп кетуіне жол бермейді.
Аккумулятор электр құралында орнатулы болса, оны
серіппе жайында ұстап тұрады.
Аккумуляторды (8) шешу үшін:
– Аккумулятоды электр құралының тұтқасына (1.) қарай
басып, аккумуляторды босату түймесін (9) (2.)
басыңыз.
– Аккумуляторды электр құралынан тартып алыңыз (3.).
Аккумулятордың зарядталу күйі индикаторы (B
суретін қараңыз)
Аккумулятордың зарядталу күйі индикаторындағы (17)
бес жасыл жарық диод аккумулятордың (8) зарядталу
деңгейін көрсетеді.
Зарядталу күйін тек аккумуляторды алып тексеру мүмкін.
– Түймені (16) басып, зарядталу деңгейін көріңіз.
5 секундтан соң зарядталу күйі индикаторы өзі өшеді.
Жарық диоды
Үздіксіз жарық 5 x жасыл
Үздіксіз жарық 4 x жасыл
Үздіксіз жарық 3 x жасыл
Үздіксіз жарық 2 x жасыл
Үздіксіз жарық 1 x жасыл
Жыпылықтайтын жарық 1 x
жасыл
1 609 92A 4F0 | (05.11.2018)
Қуаты
> 80 – 100 %
> 60 – ≤ 80%
> 40 – ≤ 60%
> 20 – ≤ 40%
> 0 – ≤ 20%
0%
Түймені (16) басқаннан кейін жарық диоды жанбаса,
батарея ақаулы, оны ауыстыру керек.
Зарядтау процесінің барысында бес жасыл жарық диоды
бірінен соң бірі жанып, қысқа уақытқа өшеді. Бес жасыл
жарық диоды тұрақты түрде жанып тұрса, аккумулятор
толықтай зарядталған. Аккумулятордың толық
зарядталуынан кейін 5 минут өткен соң, бес жасыл жарық
диоды қайта өшеді.
Қосымша тұтқа
Қосымша тұтқасы(14) бар электр құралын ғана
u
пайдаланыңыз.
Теңселмелі қосымша тұтқа (C суретін қараңыз)
Қосымша тұтқаны (14) қозғалтып, қауіпсіз және ыңғайлы
жұмыс күйіне реттей аласыз.
– Қосымша тұтқаның (14) төменгі тұтқасын сағат тіліне
қарсы бағытта бұрап, қосымша тұтқаны (14) қалаулы
күйге бұраңыз. Қосымша тұтқаның (14) төменгі
тұтқасын сағат тілі бойынша айналдырыңыз.
Қосымша тұтқаның орау таспасы корпусіндегі арнайы
ойықта жатуына көз жеткізіңіз.
Бұрғылау патроны мен аспаптарды таңдау
Перфоратормен бұрғылау және ою үшін SDS-plus аспап
патронына салынатын SDS-plus аспаптары керек болады.
Ағаш, металл, керамика және пластикті соққысыз
бұрғылау, сондай-ақ құралдарды SDS-plus мүмкіндігінсіз
бұрғылау (мысалы, цилиндрлік сағасы жоқ бұрғылар)
үшін пайдаланылады. Осы аспаптар үшін жылдам қысу
бұрғылау патроны немесе тісті тәждік бұрғылау патроны
қажет.
Тісті тәждік бұрғы патронын орнату/шығару
(D суретін қараңыз)
Құралдармен SDS-plus құралынсыз жұмыс істеу үшін
(мысалы, цилиндрлік сағасы бар бұрғылар) тиісті
бұрғылау патронын орнатуыңыз керек (мысалы, тісті тәж
немесе жылдам ауыстырылатын бұрғылау патроны,
керек-жарақтар).
Тісті тәждік бұрғылау патронын орнату
– SDS-plus сағасын (20) тісті тәждің бұрғылау патронына
(19) бұрап салыңыз. Тісті тәждің бұрғылау патронын
(19) бекіткіш бұрандамен (18) бекітіңіз. Бекіткіш
бұранданың сол жаз оймасы бар болуын
тексеріңіз.
Тісті тәждік бұрғылау патронын орнату
– Тұтқаның салынатын ұшын тазалап, аздап майлаңыз.
– Тісті тәждік бұрғылау патронын (19) құрал ұстағышқа
салыңыз, ол автоматты түрде құлпыталуы тиіс.
– Тісті тәждік бұрғылау патронын бекітілуін тартып
тексеріңіз.
Тісті тәждік бұрғылау патронын шығару
– Бекіткіш бұранданы (4) кері жылжытып, тісті тәждік
бұрғылау патронын (19) алыңыз.
Bosch Power Tools

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières