Télécharger Imprimer la page

Philips Sonicare HX6907/01 Manuel D'utilisation page 150

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 35
3 Щетка басын дезинфектордағы 2 ілгектің біреуіне қылшықтарды
жарық шамына (сурет 5) қаратып қойыңыз.
Ескерту: Philips Sonicare щетка бастарын тек дезинфекторда тазалаңыз.
УК дезинфектор барлық салынбалы Sonicare щетка бастарына бекітуге
арналған.
4 Дезинфектордың тиісті кернеулі розеткаға қосылғанын тексеріңіз.
5 Есікті жабыңыз және УК тазалау циклін (сурет 6) таңдау үшін жасыл
қуатты қосу/өшіру түймесін бір рет басыңыз.
-
Терезеде жарық көрінсе, дезинфектор жұмыс істеуде.
Ескерту: есік дұрыстап жабылған жағдайда ғана дезинфекторды қосуға
болады.
Ескерту: дезинфекциялау кезінде есікті ашсаңыз, дезинфектор
тоқтайды.
Ескерту: Дезинфектор циклі 10 минут бойы жұмыс істейді, одан кейін
автоматты түрде өшеді.
Sonicare электр тіс щеткасын зарядтау
Ескертпе: Зарядтағышыңыз түбінде (сурет 7) зарядтау саңылауы бар Philips
Sonicare тіс щеткаларымен ғана үйлесімді.
1 Сапты зарядтағышқа қойыңыз.
2 Зарядтау көрсеткіші мен күйін тіс щеткасы нұсқаулығынан қараңыз.
Ескертпе: Sonicare электр тіс щеткасын зарядтау нұсқаулығын және
зарядтау уақытын тіс щеткасы нұсқаулығынан қараңыз.
Дезинфекторды тазалау
Абайлаңыз! дезинфекторды ағын суға салмаңыз немесе шүмек
астында шаймаңыз.
Абайлаңыз! УК жарық шамы ыстық кезде дезинфекторды
тазаламаңыз.
Тиімдірек болуы үшін дезинфекторды апта сайын тазалау ұсынылады.
1 Дезинфекторды розеткадан ажыратыңыз.
2 Тамшы науасын тігінен тартып шығарыңыз (сурет 8). Тамшы науасын
шайып, дымқыл шүберекпен тазалап сүртіңіз.
3 Ішкі беттердің барлығын ылғалды шүберекпен сүртіңіз.
4 УК жарық шамының алдындағы қорғағыш экранды алыңыз.
151
Қазақша

Publicité

loading