150
Қазақша
-
Бұл құрылғы — жеке күтім құрылғысы және стоматологиялық жұмыста
немесе мекемеде көп емделушілерге қолдануға арналмаған.
-
Өнімді тек 0 °C және 40 °C аралығындағы температурада зарядтаңыз,
қолданыңыз және сақтаңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
-
Дезинфекторды тек орнындағы қорғағыш экранмен басқарыңыз.
-
Дезинфектордың УК жарық шамы зарарсыздандыру кезінде және одан
кейін ыстық болады. Ыстық кезінде УК жарық шамын ұстамаңыз.
-
Дезинфекторды 3 УК тазалау цикліне қатарынан пайдалансаңыз,
келесі УК тазалау циклін бастамас бұрын, оны кемінде 30 минутқа
өшіріп қойыңыз.
-
Өнімнің ешбір бөлігін ыдыс жуғыш машинада жууға болмайды.
Электромагниттік өрістер (ЭМӨ)
Бұл Philips құрылғысы электромагниттік өрістерге қатысты барлық
қолданыстағы стандарттар мен ережелерге сәйкес келеді.
Кіріспе
Осы затты сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына
қош келдіңіз! Philips ұсынатын қолдауды толық пайдалану үшін өнімді
www.philips.com/welcome торабында тіркеңіз.
Жалпы сипаттама (1-сурет)
1 Қосу/өшіру түймесі
2 Есік ойығы
3 Терезе
4 Sonicare электр тіс щеткасын зарядтағыш
5 Қуат сымы
Щетка бастарын зарарсыздандыру
УК дезинфектор көмегімен әр пайдаланудан кейін щетка басын тазалауға
болады.
Ескертпе: УК жарығы адам көзіне және терісіне зиянды болуы мүмкін.
1 Щеткамен тазалаудан кейін щетка басын шайыңыз және артық суды
(сурет 3) шайқап кетіріңіз.
Абайлаңыз! дезинфекциялау кезінде щетка басын жол
қақпағымен жаппаңыз.
2 Саусақты дезинфектордың үстіндегі есік ойығына салып, есікті (сурет 4)
ашыңыз.