ешқашан пайдаланбаңыз. Құрылғыны өзіңіз жөндеуге тырыспаңыз.
Грильді әрқашан сенімді және ыстыққа төзімді негізі бар тегіс орнықты
жерге және жақсы желдетілетін бөлмеде орнатыңыз. Егер грильде тағам
көп болса және ол әрең жабылатын болса, ешқашан күш қолданбаңыз, бұл
құрылғыны зақымдауы мүмкін. Өрт қаупін болдырмау үшін құралды жұмыс
істеп тұрған кезде оны ешқашан қараусыз қалдырмаңыз. Электр желісіне
қосар алдында гриль жабық күйде болуы керек: корпустың қақпағы ❷
түсіріледі. Пісіргеннен кейін дайындалған тағамды тек ағаш немесе
ыстыққа төзімді қалақшаны қолданып салыңыз. Дайындалған тағамды алу
үшін өткір шанышқыны немесе пышақты пайдаланбаңыз, бұл күюге қарсы
жабынды зақымдауы мүмкін.
Жұмысқа дайындық
Грильдің орамасын ашып, кабельді тарқатыңыз, бірақ оны розеткаға
қоспаңыз. Майды жинауға арналған астауша ❽ гриль корпусы негізінің ❺
артқы жағындағы (a суретін қараңыз) түпқоймаға ❾ орнатылғанына (b
суретін қараңыз) көз жеткізіңіз. Жоғарғы алынбалы панельді ❼ шешіп алу
үшін оның бекіткішінің жоғарғы батырмасын ❹ басыңыз, осыдан кейін
бекіткіштің төменгі батырмасы ❹ арқылы төменгі алынбалы панельді ❻
жай ғана жоғары көтеріп, шешіп алыңыз. Грильдің алынбалы панельдерін
жылы сабынды сумен жуып, жұмсақ шүберекпен құрғатып сүртіңіз. Бұл
бөлшектерді
сондай-ақ
ыдыс
жуатын
машинада
жууға
болады.
Панельдерді әр тағам дайындаған сайын жуып, кептіріңіз. Пайдаланар
алдында грильдің жоғарғы және төменгі панельдерін өз орындарына
қайта қойыңыз. Грильді тегіс және орнықты ыстыққа төзімді бетке
қойыңыз.
ЕСКЕРТПЕ. Алынбалы панельдер өзара ауыстырмалы және екіжақты: бір
жағы қырлы, ал екіншісі — жазық бетке ие. Өнімдерді өз таңдауыңыз
бойынша кез келген жағында дайындауға болады. Панельдерді майды
ағызу науасы ❿ артқа қарайтындай етіп орнатыңыз: май одан майды
жинауға арналған астаушаға ❽ ағып кетуі тиіс. Грильдің алынбалы
панельдерін бірінші қолданар кезінде олардың жұмыс бетіне қағаз
майлықпен аспаздық майдың жұқа қабатын жағыңыз. Қажет болса күюге
aeno.com/documents
71