KAZ
AENO EG1, EG1-UK электр грилі әртүрлі ет және балық тағамдарын
дайындауға арналған.
Техникалық сипаттамалары
Қуат кернеуі: AC220–240В; жиілігі: 50/60 Гц. Қуаты: 2000.0 Вт. Жұмыс бетінің
өлшемі (Ұ × Е): 320 мм × 220 мм. Алынбалы панельдер бетінің жұмыс
температурасы: 80–230 °C. Ашылу бұрышы: 40°–130° (кез келген ашылуы),
180° (толық ашылуы). Қалыңдығы 15 мм стейктің дайындалу уақыты: 5 мин.
Майды жинауға арналған астауша: пластик. Алынбалы панельдер:
екіжақты. Салмағы: 5,08 кг.
Жеткізілім жинақтамасы
AENO грилі, алынбалы панельдер (2 дана), майды жинауға арналған
пластик астауша, қысқаша нұсқаулық, кепілдік талоны.
Шектеулер мен ескертулер
Балалар мен мүмкіндігі шектеулі тұлғалар грильді тек ересектер мен
тәжірибелі
адамдардың
бақылауымен
пайдалана
алады.
Грильді
балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз. Грильдің жұмыс істеуі
кезінде оның корпусы жоғары температураға дейін қызады, өнімдер
ыстық бу және май шашырандыларын шығарады. Гриль корпусының
қақпағын ❷ тек тұтқасынан ❶ ұстап көтеріңіз (а суретін қараңыз). Гриль
корпусының ❺ негізінің ішінде түпқоймада ❾ майды жинауға арналған
пластик астауша ❽ бар (b суретін қараңыз): егер астаушада ыстық май
жиналса,
гриль
корпусын
абайлап
қозғаңыз.
Аспап
суымағанша
астаушаны гриль корпусының негізінен алып шықпаңыз. Гриль корпусын
жұмыс істеп тұрғанда қолмен ұстамаңыз, құрылғымен жұмыс істеу үшін
жылудан қорғағыш биялай немесе қолғап қолданыңыз. Грильді бөлмеден
тыс пайдаланбаңыз, оны жылу көздерінен, күн сәулесінен, ашық оттан
немесе жоғары ылғалдылықтан сақтаңыз және оны ешқашан дымқыл
қолмен ұстамаңыз. Грильді пайдаланбаған кезде әрқашан ашаны
розеткадан суырыңыз. Құрылғыны суға немесе басқа сұйықтықтарға
батырмаңыз. Егер гриль суға құлап кетсе, алдымен оны розеткадан
ажыратыңыз және тек осыдан кейін қолғап киіп, құрылғыны судан алып
шығыңыз. Гриль немесе оның қуат сымы зақымдалған болса, грильді
70
aeno.com/documents