Электр құралын тұрақты бетке, мысалы, верстакқа
қойыңыз. Айыр тәрізді кілтті (18) нық ұстап тұрып,
жылдам қысқыш бұрғылау патронын (1) алты қырлы
дөңбек кілтті (17) ➊ айналу бағытымен бұрау арқылы
босатыңыз. Берік орнатылған жылдам қысқыш бұрғылау
патроны азғантай соққымен алты қырлы дөңбек кілттің
(17) ұзын білігінде босатылады. Алты қырлы дөңбек кілтті
жылдам қысқыш бұрғылау патронынан шығарып,
жылдам қысқыш бұрғылау патронын толықтай бұрап
шығарыңыз.
Тісті тоғыны бар бұрғылау патронын (14) бөлшектеу
әрекеті жылдам қысқыш бұрғылау патроны үшін
сипатталған әрекетпен бірдей жолмен орындалады.
Бұрғылау патронын орнату (F суретін қараңыз)
Жылдам қысқыш/тісті тоғыны бар бұрғылау патронын
орнату әрекеті кері реттілікпен орындалады.
Бұрғылау патронын шамамен 30 – 35 Нм
тарту моментімен бекемдеу қажет.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандармен
өңделуі керек.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
u
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдармен 220 В жұмыс
істеуге болады.
Айналу бағытын реттеу (G – H суреттерін қараңыз)
Айналу бағытының ауыстырып-қосқышы (8) көмегімен
айналу бағытын өлшеуге болады. Бірақ қосқышты/
өшіргішті (6) басқанда бұл мүмкін емес.
Оң жаққа айналу бағыты: бұрғылау және шуруптарды
бұрап бекіту үшін айналу бағытының ауыстырып-
қосқышын (8) солға тірелгенше басыңыз.
Bosch Power Tools
Сол жаққа айналу бағыты: бұрандалар мен
сомындарды босату немесе бұрап алу үшін айналу
бағытының ауыстырып-қосқышын (8) оңға тірелгенше
басыңыз.
Пайдалану түрін орнату
Бұрғылау және бұрап кіргізу
Ауыстырып-қосқышты (4) "Бұрғылау"
белгісіне жылжытыңыз.
Перфоратормен жұмыс істеу
Ауыстырып-қосқышты (4) "Соққымен
бұрғылау" белгісіне жылжытыңыз.
Ауыстырып-қосқыш (4) тіреліп, қозғалтқыш
жұмыс істеп тұрғанда да қолданылуы мүмкін.
Қосу/өшіру
Электр құралды қосу үшін қосқышты/өшіргішті (6) басып
тұрыңыз.
Басылған ажыратқышты (6) бекіту үшін бекіту түймесін
(5) басыңыз.
Электр құралын өшіру үшін, ажыратқышты (6) жіберіңіз
немесе бекіту түймесімен (5) құлыптанған болса,
ажыратқышты (6) қысқа уақыт басып жіберіңіз.
Айналу жиілігін/соққы санын реттеу
Қосқышты/өшіргішті (6) басу күшін өзгерте отырып,
қосылған құралдың айналымдар санын біртіндеп реттеуге
болады.
Қосқышты/өшіргішті (6) жай басқанда, электр құрал
төменірек айналымдар санымен жұмыс істейді. Басу күші
күшейгенде айналу саны артады.
Айналу жиілігін/соққы санын алдын ала таңдау
(3 601 B17 103 құрылғы нұсқасында жоқ)
Айналу жиілігін алдын ала таңдауға арналған айналмалы
реттегіш (7) қажетті айналу жиілігін/соққы санын жұмыс
барысында реттеуге мүмкіндік береді.
Қажетті айналу жиілігі/соққы саны материал мен жұмыс
істеу шарттарына байланысты болады және тәжірибе
арқылы анықталуы мүмкін.
Пайдалану нұсқаулары
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Электр құралын сомын/бұрандаға тек өшірілген
u
күйде салыңыз. Айналып жатқан жұмыс құралдары
сырғып кетуі мүмкін.
Электр құралмен ұзақ жұмыс істегеннен кейін салқындату
үшін 3 минутқа ең жоғары айналымдар санына қосу
керек.
Плиткаларды бұрғылау үшін ауыстырып-қосқышты (4)
"Бұрғылау" белгісіне орнатыңыз. Плитканы тесіп
өткеннен соң аустырып-аустырып қосышты
„перфоратормен бұрағылау"белгісіне өткізіп соққымен
істеңіз.
Бетон, тас және құрылыста қатты метал бұрғысын
пайдаланыңыз.
Қазақ | 109
1 609 92A 53D | (12.07.2019)