Hilti SB 4-A22 Mode D'emploi Original page 115

Masquer les pouces Voir aussi pour SB 4-A22:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 18
▶ Аспаппен жұмыс істеу үшін тек тиісті аккумуляторларды қолданыңыз. Басқа аккумуляторларды
пайдалану жарақаттарға әкелуі және өрт тудыруы мүмкін.
▶ Пайдаланылмайтын аккумуляторларды контакттардың тұйықталуының себебі болуы мүмкін
скрепкалардан, тиындардан, кілттерден, инелерден, винттерден және басқа металл
заттардан ары сақтаңыз. Аккумулятор контакттарының тұйықталуы күйіктерге немесе тұтануға
әкелуі мүмкін.
▶ Аккумулятормен тиісті емес түрде жұмыс істегенде одан электролит ағып шығуы мүмкін. Оған
тиюді болдырмаңыз. Кездейсоқ тигенде сумен шайыңыз. Электролит көзге тигенде дәрігер
көмегіне жүгініңіз. Аккумулятордан ағып шыққан электролит тері тітіркенуін немесе күйіктерді
тудыруы мүмкін.
▶ Зақымдалған не пішіні өзгертілген аккумуляторларды қолданбаңыз. Зақымдалған не пішіні
өзгертілген аккумуляторларды болжауға болмайды және олар өрт, жарылыс не жарақаттану қаупін
тудырады.
▶ Аккумуляторды өрт не жоғары температуралы аймақтардан алшақ ұстаңыз. Өрт немесе 130
°C (265 °F) жоғары температуралар жарылыс тудыруы мүмкін.
▶ Зарядтау үшін барлық нұсқауларды орындаңыз және аккумулятор не аккумуляторлық
құралды ешқашан пайдалану бойынша нұсқаулықта берілген температура ауқымдарынан
тыс зарядтамаңыз. Қате зарядтау немесе рұқсатты температура ауқымдарынан тыс зарядтау
аккумуляторды бұзуы және өрт қаупін арттыруы мүмкін.
Қызмет
▶ Электр құралын жөндеуді тек түпнұсқа қосалқы бөлшектерді қолданатын білікті
қызметкерлерге сеніп тапсырыңыз. Бұл электр құралын қауіпсіз күйде сақтауды қамтамасыз
етеді.
▶ Зақымдалған аккумуляторларға ешқашан қызмет көрсетпеңіз. Аккумулятордың толық күтімін
тек өндіруші немесе өкілетті қызмет көрсету орталықтары орындауы тиіс.
2.2
Қауіпсіздік бойынша қосымша нұсқаулар, аралау
Адамдардың қауіпсіздігі
▶ Қолдарды аралау орнынан және ара төсемінен ары ұстаңыз. Араны екінші қолмен қосымша
тұтқышынан немесе мотор корпусынан ұстаңыз. Араны екі қолмен ұстасаңыз, аралау кезінде
қолдарыңызды жарақаттамайсыз.
▶ Өнімді тек техникалық мінсіз күйінде қолданыңыз.
▶ Аспапты бейімдеуге немесе өзгертуге тыйым салынады.
▶ Аспаптың айналатын бөлшектеріне тимеңіз - жарақат алу қаупі бар!
▶ Құралды алмастырған кезде қорғаныс қолғаптарын да киіңіз.
кесіктерге және күйіктерге апарып соғуы мүмкін.
▶ Жұмысты бастау алдында дайындама материалы бойынша пайда болатын шаңның қауіп класын
анықтаңыз.
Аспаппен жұмыс істеу үшін қорғаныс дәрежесі қолданыстағы шаңнан қорғау
нормаларына сай құрылыс шаңсорғышын қолданыңыз.
ағаштың кейбір түрлері, бетон/кірпіш қалауы/кварц қамтитын жыныстар және минералдар мен
металл сияқты материалдардан пайда болатын шаң денсаулық үшін зиянды болуы мүмкін.
▶ Жұмыс орнындағы ауа алмасуды жақсарту үшін әрекет етіңіз және қажетінше тиісті шаңға
арналған респираторды тағыңыз.
пайдаланушыларда немесе жанындағы адамдарда аллергиялық реакциялардың және/немесе дем
алу жолдары ауруларының пайда болуына әкелуі мүмкін. Құрамында асбест бар материалдарды
тек мамандар өңдеуі керек.
▶ Аралау алдында аралау тереңдігін және бұрышын реттеу қысқыштарын бекемдеңіз. Егер аралау
кезінде параметрлер өзгерсе ара полотносы қысылып кері соғу пайда болуы мүмкін.
▶ Кесу тереңдігін дайындама қалыңдығына сай орнатыңыз. Ол дайындама астында толық тіс биіктігінен
кем көрінуі керек.
▶ Бойлай аралау кезінде әрқашан тіректі немесе түзу бағыттауыш жиекті қолданыңыз. Бұл кесу
дәлдігін жақсартады және ара төсемінің сыналану мүмкіндігін азайтады.
▶ Өңделетін бұйымды астынан ұстап алмаңыз. Қорғауыш қалпақ дайындама астында аралардан
қорғай алмайды.
▶ Аралап жатқан дайындаманы ешқашан қолда немесе аяқ үстінде ұстамаңыз. Дайындаманы тұрақты
тірекке бекітіңіз.
▶ Аспапты әрдайым екі қолмен арнайы тұтқыштарынан берік ұстаңыз және бұл кезде қолдарды кері
соққы күшіне қарсы тұра алатындай орналастырыңыз.
▶ Тұтқышты құрғақ әрі таза күйінде ұстаңыз.
*2145465*
Мұндай шаңның бөлшектерімен дем алу немесе оған тию
2145465
Алмалы-салмалы аспапқа тию
Құрамында қорғасын бар бояулар,
Қазақ
109

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières