Télécharger Imprimer la page

Stihl AL 101 Notice D'emploi page 125

Masquer les pouces Voir aussi pour AL 101:

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 15
4 Қауіпсіздік техникасы ережелері
4.3
Пайдаланушыларға
қойылатын талаптар
Сақтандыру
■ Үйретілмеген пайдаланушылар
қуаттағыштың қауіптілігін түсінбеуі және
оған мән бермеуі мүмкін. Пайдаланушы
және басқа да адамдар ауыр жарақат алуы
немесе қайтыс болуы мүмкін.
► Пайдалану нұсқаулығын оқып
шығыңыз, түсініңіз және сақтап
қойыңыз.
► Егер қуаттағыш басқа тұлғаға берілсе:
сонымен қатар пайдалану нұсқаулығы
қоса беріледі.
► Пайдаланушы келесі талаптарды
қанағаттандыратынына көз жеткізіңіз:
– Пайдаланушы шаршаған емес.
– Пайдаланушы қуаттағышты
физикалық, зияткерлік және
сенсорлық тұрғыдан басқара алады.
Егер пайдаланушының физикалық
қабілеті, дене түйсігі арқылы сезіну
қабілеті немесе ақыл-ой қабілеті
шектеулі болса, онда пайдаланушы,
жауапты тұлғаның бақылауымен
немесе нұсқауларымен ғана жұмыс
істей алады.
– Пайдаланушы зарядтау
құрылғысының қауіптілігін анықтай
және бағалай алады.
– Пайдаланушы кәмелетке толған тұлға
болып табылады немесе
пайдаланушы мамандыққа ұлттық
ережелерге сәйкес бақылаумен
оқиды.
– Пайдаланушы қуаттағышты бірінші
рет пайдаланудың алдында STIHL
мамандандырылған дилеріне немесе
құзыретті тұлғаға барып, білім алды.
– Пайдаланушы алкоголь, дәрі-дәрмек
немесе есірткі әсерінде емес.
► Кез келген күмән туындаған жағдайда:
STIHL мамандандырылған дилеріне
жүгініңіз.
4.4
Жұмыс кеңістігі және
қоршаған орта
Сақтандыру
■ Бөтен адамдар, балалар мен жануарлар
зарядтау құрылғысы мен электр тогының
қауіптілігін түсінбеуі және оған мән бермеуі
мүмкін. Бөтен адамдар, балалар және
0458-013-9901-A
жануарлар ауыр жарақат алуы немесе өлуі
мүмкін.
► Бөтен адамдар, балалар мен жануарлар
алшақ жерде болуы тиіс.
► Қуаттағыш балалардан алыс болғанына
көз жеткізу керек.
■ Қуаттағыш су өткізбейді. Жауын-шашын
кезінде немесе ылғал ортада жұмыс жасау
электр тогына соғылуға әкеліп соғуы
мүмкін. Пайдаланушы айтарлықтай жарақат
алуы мүмкін және қуаттағыштың
зақымдалуы мүмкін.
► Жаңбырлы күні және ылғалды
ортада жұмыс істемеңіз.
■ Қуаттағыш қоршаған ортаның әсерінен
қорғалмаған. Егер қуаттағыш қоршаған
ортаның белгіленген әсерлеріне
ұшырайтын болса, қуаттағыш тұтануы
немесе жарылуы мүмкін. Адамдар ауыр
жарақат алуы және оларға материалдық
нұқсан келтірілуі мүмкін.
► Зарядтау құрылғысын жабық әрі құрғақ
жайда қолданыңыз
► Қуаттағышты жеңіл тұтанатын және
жарылу қаупі бар орталарда қолданбау
керек.
► Қуаттағышты жеңіл тұтанатын бетте
пайдаланбаңыз.
► 5°C және 40°C температурасының
аумағында қуаттағышы орнатыңыз және
сақтаңыз.
■ Адамдар біріктіруші сымға сүрініп кетуі
мүмкін. Адамдар жарақат алуы, ал
қуаттағыш – бұзылуы мүмкін.
► Байланыстырушы сымды еденге тегіс
күйде қойыңыз.
4.5
Қауіпсіз күй
Егер келесі шарттар сақталса, қуаттағыш
қауіпсіз күйде болады:
– Қуаттағыш жарамды.
– Қуаттағыш құрғақ және таза.
Сақтандыру
■ Қауіпсіз емес күйде толықтырушы
бөлшектер дұрыс жұмыс істемеуі және
қауіпсіздік қондырғысының күші әрекет
етпеуі мүмкін. Адамдар ауыр жарақат алуы
немесе қайтыс болуы мүмкін.
► Жарамды қуаттаағышын қолданыңыз.
► Егер қуаттағыш кір немесе ылғалды
болса: Қуаттағышты тазартыңыз және
кептіріңіз.
► Қуаттағышты өзгертпеңіз.
қазақ
125

Publicité

loading

Ce manuel est également adapté pour:

Al 500