3M Peltor Twin CupMT72H540P3 50 Serie Mode D'emploi page 62

Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 8
KZ
Peltor MT72H540*-50 құлақаспабы
Peltor құлақаспаптары сынақтан өткізіліп, PPE (жеке қауіпсіздік жабдықтары) 89/686/EEC директивасымен
мақұлданған, сондықтан CE белгіленуіне сәйкес келеді. Peltor өнімін барынша тиімді пайдалану үшін осы нұсқауларды
мұқият оқып шығыңыз.
A) ҚҰЛАҚАСПАП
Сапалары
1a. Құлақаспапты пайдаланылмағанда сақтауға ыңғайлы жиналмалы басқа тағылатын бөлік (MT72H540F-50).
1b. Құлақаспапты барлық қарапайым дулығалармен киюге мүмкіндік беретін дулығаға бекіту тетіктері (MT72H540P3E-50).
2.
Тот баспайтын серіппелі болаттан жасалған жеке басқа тағылатын бөліктің серіппе орнатылған сымдары.
3.
Төмен орналасқан екі нүктелі бекіткіштері және шығып тұратын бөліктерсіз биіктікті оңай реттеу мүмкіндігі.
4.
Жұмсақ әрі кең пенопласттан жасалған және сұйықтық толтырылған төменгі қысымды, жақсы оқшаулауды және
керемет ыңғайлылық қамтамасыз ететін кірістірілген қысымды біркелкі тарату арналары бар тығыздау сақинасы.
5.
Шулы орталарда да тамаша дыбыстың естілуін қамтамасыз ететін гарнитура.
6.
Икемді полиуретанмен оқшауланған және мүсінді қосқышы бар қосу сымы.
7.
Жоғары шуды басу мүмкіндігі бар динамикалық микрофон. Қосқышпен оңай ауыстыруға болады.
СТАНДАРТТЫ ҮЛГІЛЕР
230 Ω гарнитурадан және жұмсақ, мүсінді Nexus TP-120 қосқышы бар спиральді полиуретаннан жасалған 0,5-
1,4 м қосқыш кабелінен тұратын MT72H540*-50 EX мақұлданған құлақаспабы. Салмағы (қосқыш сымынсыз):
MT72H540F-50 — 335 гр, MT72H540P3E-50 — 345 гр.
ЕСКЕРТПЕ: қауіпсіз пайдаланудың арнайы нұсқаулары
«Ex» куәлігінде (EC түріне жататын сынақ куәлігі: Nemko 09ATEX1119X) құрылғысында қосылған
жабдықтардың электрондық деректеріне қатысты шектеулер бар.
MT72 МИКРОФОНЫ.
Түрі: шуды басатын динамикалық микрофон.
Қабылдау деңгейі: -60дБ±3дБ (0дБ=1В/Па @ 1 кГц).
Кедергі: 230 Ω +20% -10%
C) ОРНАТУ/ПАРАМЕТРЛЕР
А және F басқа тағылатын бөліктері (B суреті)
(C:1) Құлақаспаптың табақшаларын шығарыңыз. Гарнитураны тығыздау сақиналары тығыз тұратындай етіп тағыңыз.
(C:2) Басқа тағылатын бөлікті қолыңызға көлденең қойып, табақшаларды төмен немесе жоғары жылжыту арқылы
олардың биіктігін ыңғайлы етіп реттеңіз. (C:3) Басқа тағылатын бөлік бастың тура жоғарғы жағында тұруы керек.
Дулығаға бекітілетін, бірге пайдалану үшін мақұлданған нұсқасы
Дулығаға бекітілетін нұсқадағы шудан оқшаулайтын құлақаспаптар түрлі өндірістік қауіпсіздік дулығаларымен
сәйкес келу үшін жасалған басқа адаптерлермен берілген. Олар төменде көрсетілген өлшемдегі дулығалармен
үйлеседі: кішкентай (S), орташа (M) және үлкен (L). Бұл шудан оқшаулайтын құлақаспаптар тек тізімде (G суреті)
көрсетілген өндірістік қауіпсіздік дулығаларымен сәйкестендіріліп, пайдаланылуы керек.
P3E дулығаға бекіту тетіктері (C суреті)
(E:1) Дулығадағы тесікке бекіткішті орнатыңыз.
Ескертпе. Табақшаларды үш қалыпта орнатуға болады: Жұмыс қалпы (E:2), желдетілетін қалып (E:3) және шетке
жинап қою қалпы (E:4). Пайдалану кезінде табақшаларды жұмыс қалпына орнату керек. Екі жағынан сырт еткен
дыбыс естілгенше, сымдарды ішке қарай итеріңіз. Жылыстау орын алмау үшін, жұмыс қалпындағы табақша
және басқа тағылатын бөлік сымы дулығаның астарын немесе қорғаныс шлемінің жиегін қысып тұрмағанын
тексеріңіз. Біраз пайдаланғаннан кейін табақшалардың ішкі жағы ылғал болса, шетке жинап қою қалпын
қолдануға болмайды.
Z3E ілмекті бекіткішін Z3* ілмекті бекіткішімен ауыстыру
Құралдың ілмекті бекіткішін ауыстыру мақсатында басында ойығы бар бұрандаларды алу үшін бұрауыш керек.
(E:5) Z3E ілмекті бекіткішін ұстап тұрған ортадағы бұранданы бұрап алыңыз.
(E:6) Қауіпсіздік дулығасының қай түрі пайдаланатынына байланысты ілмекті бекіткішті Z3* ілмекті бекіткішімен
ауыстырыңыз. ЕСКЕРТПЕ. Ілмекті бекіткіш дұрыс жағымен айналдырылғанын тексеріңіз.
(E:7) Ортадағы бұранданы қайтадан бұрып қатайтыңыз.
МАҢЫЗДЫ ПАЙДАЛАНУШЫ АҚПАРАТЫ
Шудан қорғайтын құлақаспаптарды 100% пайдалану есту қабілетіңізді жоғалтудан сақтаудың жалғыз кепілдігі
болып табылады. Құлақтың ішіндегі дыбыс рецепторлары зақымдануы мүмкін болғандықтан, 85 дБ шамасынан
жоғары өлшенген дыбыс деңгей ортасында есту қабілетіңізді қорғау қажет. Құлақаспаптарды шулы ортада аз
ғана уақытқа шешкеннің өзінде, қауіпті ортада боласыз. Белгілі бір шу деңгейінде пайдалануға арналған шудан
қорғау құлақаспаптарының ыңғайлылығы — оларды жұмыс сағаттарында бір мезгіл шешпей киіп жүру және есту
қабілетіңізді қорғау кепілдігі.
62

Publicité

Table des Matières
loading

Ce manuel est également adapté pour:

Peltor twin cup mt72h540f-50

Table des Matières