Bosch GCM 10 MX Professional Notice Originale page 206

Masquer les pouces Voir aussi pour GCM 10 MX Professional:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 29
206 | Қазақ
– Ұзартқыш дөңесті (36) электр құралының екі жағынан
да тиісті саңылауларға (16) тірелгенше жылжытыңыз.
– Ұзартқыш қапсырманы бекіту үшін бекіткіш
бұрандаларды (37) бұрап қойыңыз.
Қатты немесе икемді орнату
Тұрақты пайдалануды қамтамасыз ету үшін электр
u
құралын пайдаланудан алдын тегіс бекем жұмыс
аймағына (мысалы верстак) орнату керек.Ж.
Жұмыс аймағында орнату (C1−C2 суретін қараңыз)
– Электр құралын жарамды бұрандалы қосылыммен
жұмыс аймағына бекітіңіз. Ол үшін саңылаулар (14)
пайдаланылады.
немесе
– Электр құралының аяқтарын стандартты бұрандалы
қысқыштармен жұмыс аймағына бекітіңіз.
Bosch жұмыс үстелінде монтаждау
Bosch ұсынған GTA жұмыс үстелдері электр құралдарын
биіктігі реттелетін аяқтары арқылы кез келген бетте
бекітеді. Жұмыс үстеліндегі дайындама тіреуіштері ұзын
дайындамаларды тіреуге арналған.
Жұмыс үстелі жинағындағы барлық ескертулер
u
мен нұсқаулықтарды оқыңыз. Ескертпелер мен
нұсқаулықтарды сақтамау тоқтың соғуына, өрт және/
немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
Электр құралын орнатудан алдын жұмыс үстелін
u
дұрыс құрыңыз. Бұзылу қауіпін болдырмау үшін
мінсіз құру маңызды болып қалады.
– Электр құралын тасымалдау күйінде жұмыс үстеліне
орнатыңыз.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы
өңделуі мүмкін.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Шаң-/жоңқа сору шаң, жоңқа немесе дайындама
сынықтары арқылы тығыздануы мүмкін.
1 609 92A 5U4 | (07.10.2020)
– Электр құралын өшіріп желі айырын розеткадан
тартып қойыңыз.
– Аралау дискісі толық тоқтағаныша күте тұрыңыз.
– Тығыздану себебін айқындап оны жойыңыз.
Өзіндік сору (D суретін қараңыз)
Жоңқаны ұстап алу үшін жинақтағы шаң жинағыш қапты
(19) пайдаланыңыз.
– Шаң жинағыш қапты (19) жоңқаны шығаруға арналған
келте құбырға (25) салыңыз.
Шаң жинағыш қап аралау кезінде жылжымалы құрылғы
бөліктеріне тимеуі тиіс.
Шаң жинағыш қапты дер кезінде босатыңыз.
Шаң жинағыш қапты әр пайдаланғаннан кейін
u
тексеріп тазалаңыз.
Өрт қаупінің алдын алу үшін алюминийді аралау
u
кезінде шаң жинағыш қапты алып тастаңыз.
Сыртқы сорғыш
Шаң сору үшін жоңқаны шығаруға арналған келте
құбырға (25) шаңсорғыш шлангісін (диаметрі 35 мм) де
жалғауға болады.
– Шаңсорғыш шлангісін жоңқаны шығаруға арналған
келте құбырға (25) жалғаңыз.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ
шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Ара дискісін алмастыру (E1−E3 суреттерін
қараңыз)
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Аралау дискісін орнату кезінде қорғағыш қолғап
u
киіңіз. Аралау дискісіне тигенде жарақат алу қаупі
бар.
Максималды рұқсат етілген жылдамдығы электр
құралыңыздың бос айналу моментіне жоғары болған
аралау дискілерін пайдаланыңыз.
Тек осы пайдалану нұсқаулығында берілген деректерге
сәй және EN 847-1 бойынша тексерілген болып тиісті
ретте белгіленген аралау дискілерін пайдаланыңыз.
Тек осы электр құралының өндірушісі ұсынған және сіз
өңдейтін материалға сәй аралау дискілерін
пайдаланыңыз. Бұл аралауда ара тістерінің қызып кетуіне
жол бермейді.
Аралау дискісін шешу
– Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
– Иінтіректі (2) басып, маятниктік қорғаныш қаптаманы
(5) тірелгенше артқа қайырыңыз.
Маятниктік қорғаныш қаптаманы осы күйде ұстаңыз.
– Бұранданы (38) жинақтағы крест ойықты бұрауышпен
(22) маятниктік қорғаныш қаптаманың бекіткіші де
тірелгенше артқа қайырылғанша босатыңыз.
– Ішкі алты қырлы бұранданы (39) жинақтағы алты
қырлы дөңбек кілтпен (22) бұрап, дәл сол уақытта
шпиндель бекіткішін (29) тірелгенше басыңыз.
Bosch Power Tools

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières