Пайдалану Түрлері; Пайдалану Нұсқаулары - Bosch GHO 40-82 C Professional Notice Originale

Masquer les pouces Voir aussi pour GHO 40-82 C Professional:
Table des Matières

Publicité

118 | Қазақ
Пайдалану
Пайдалану түрлері
Жоңқалау тереңдігін реттеу
Айналмалы реттегіш (1) кесу тереңдігін кесу тереңдігінің
шкаласы (4) (шкала бөліктері = 0,1 мм) бойынша 0 – 4
мм аралығында сатысыз реттеуге мүмкіндік береді.
Сақтайтын башмак (G суретін қараңыз)
Сақтайтын башмак (28) электр құралын дайындама
немесе жонғы пышағын зақымдау қаупінсіз жұмыс
істеген соң тікелей тоқтатып қоюға мүмкіндік береді.
Жұмыс істеу кезінде сақтайтын башмак (28) жоғары
қарай қисайтылып, жонғы табандығының (10) артқы
бөлігі босатылады.
Пайдалануға ендіру
Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
u
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдармен 220 В жұмыс
істеуге болады.
Қосу/өшіру
Қолтұтқаны жібермей қосқыш/өшіргішті басу
u
мүмкіндігіне көз жеткізіңіз.
Электр құралын қолданысқа енгізу үшін алдымен іске
қосылудан қорғайтын құлыпты (6) басып, содан кейін
ажыратқышты (6) басып тұрыңыз.
Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (6) жіберіңіз.
Нұсқау: қауіпсіздік тұрғысынан ажыратқышты (6) бекітіп
қоюға болмайды, оны жұмыс істеу кезінде тұрақты түрде
басып тұру қажет.
Тұрақты электроника
Тұрақты электроника бос жүрісте және жүктеме кезінде
айналу жиілігін тұрақты дерлік деңгейде сақтайды және
жұмыстың біркелкі өнімділігін қамтамасыз етеді.
Бір қалыпты жұмыс бастау
Электрондық бірқалыпты іске қосу құралы қосу кезінде
айналу моментін шектеп, қозғалтқыш пен жетек белдігінің
қызмет ету мерзімін ұзартады.
Артық жүктемеден жылу қорғанышы
Артық жүктеме түскен жағдайда, айналу жиілігі
төмендейді. Электр құралын бос жүріс күйіндегі ең
жоғары айналу жиілігінде шамамен 30 секунд бойы
жүктемесіз жұмыс істетіңіз.
Пайдалану нұсқаулары
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Қызмет көрсету станциясын (29) жоңғы бекіту аспабы
ретінде, мысалы, пышақты алмастыру кезінде қолдануға
болады.
Қызмет көрсету станциясын жоңғыны үздіксіз
u
пайдалану үшін пайдаланбаңыз.
1 609 92A 4LG | (19.02.2019)
Жонғы әдісі (G суретін қараңыз)
Қажетті жоңқалау тереңдігін реттеп электр құралын
жонғы табандығының (10) алғы бөлігімен дайындамаға
қарай қойыңыз.
Электр құралын дайындамаға тек қосулы күйде
u
апарыңыз. Әйтпесе электр құралы дайындамаға ілініп
кері соғу қаупі пайда болады.
Электр құралын қосып бір қалыпты ретте өңделетін беттің
үстінен жылжытыңыз.
Жоғары сапалы жонуға жету үшін аздап жылжытып жонғы
табандығын орташа күшпен басыңыз.
Берік ағаш сияқты қатты материалдарды өңдеу және
максималды жонғы енін қолдануда кіші жоңқалау
тереңдігін орнатып, жонғыны жылжыту жылдамдығын
азайтыңыз.
Шамадан тыс жылдамдықпен жылжыту бет өңдеу
сапасын төмендетіп, жоңқа шығатын жерді жылдам
бітейді.
Тек өткір жонғы пышақтары дұрыс кесу сапасын
қамтамасыз етіп электр құралын сақтайды.
Орнатылған сақтайтын башмак (28) дайындаманың кез
келген жайында тоқтаған жонғы әдісін жалғастыруға
мүмкіндік береді:
– Электр құралын төменге қисатылған сақтайтын
башмакпен дайындаманың қайта өңделетін жайына
қойыңыз.
– Электр құралын қосыңыз.
– Алдыңғы жонғы табандығына басып, электр құралын
жай алға жылжытыңыз (➊). Сонда сақтайтын башмак
жоғарыға қисайтылып (➋), жонғы табандығының
артқы бөлігі дайындамаға қайта жатады.
– Электр құралын бір қалыпта өңделетін бет үстімен
жылжытыңыз (➌).
Қырлардың жүздерін кесу (H суретін қараңыз)
Алдыңғы жонғы табандығындағы V тәрізді ойықтар
дайындама қырларының жүздерін жылдам кесуге
мүмкіндік береді. Қажетті саңылау еніне сәйкес V тәрізді
ойықты пайдаланыңыз. Ол үшін жонғыны V тәрізді
ойығымен дайындама қырына қойып, үстінен
жылжытыңыз.
Пайдаланылатын
ойық
ешқандай
кіші
орташа
үлкен
Параллель/бұрыштық тірекпен кесу (D – F суреттерін
қараңыз)
Параллель тіректі (21) немесе бұрыштық тіректі (24)
бектіткіш бұрандамен (23) электр құралына орнатыңыз.
Пайдалану әдісіне байланысты саңылау тереңдігінің
шектегішін (27) бекіткіш бұрандалармен (26) электр
құралына орнатыңыз.
Өлшемі a (мм)
0 – 5,7
1,9 – 7,6
4,7 – 10,3
5,9 – 11,6
Bosch Power Tools

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières