Bosch GHO 40-82 C Professional Notice Originale page 117

Masquer les pouces Voir aussi pour GHO 40-82 C Professional:
Table des Matières

Publicité

дірілдеу деңгейі мен шуыл шығару мәндері өзгереді. Бұл
бүкіл жұмыс уақыты үшін тербелу және шуыл шығаруды
қатты көтеруі мүмкін.
Дірілдеу деңгейі мен шуыл шығару мәнін нақты есептеу
үшін құрал өшірілген және қосылған болып
пайдаланылмаған уақыттарды да ескеру қажет. Бұл
дірілдеу деңгейі және жұмыс уақытындағы шуыл шығару
мәнін төмендетеді.
Пайдаланушыны дірілдеу әсерінен сақтау үшін қосымша
қауіпсіздік шараларын қолдану қажет, мысалы: электр
құралды және алмалы-салмалы аспаптарды күту,
қолдарды ыстық ұстау, жұмыс әдістерін ұйымдыстыру.
Жинау
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Жұмыс құралын ауыстыру
Жонғы пышағын алмастыруда абай болыңыз.
u
Жонғы пышағын кесу қырынан ұстамаңыз. Кесу
қыры өткір болып жарақаттауы мүмкін.
Тек тұпнұсқа Bosch жонғы пышағын пайдаланыңыз.
Қатты металдан (HM/TC) жасалған жонғы пышағының 2
жүзі бар және оны аударып қоюға болады. Егер екі
кескіш қыры өтпейтін болса, жонғы пышағын (16)
алмастыру қажет. HM/TC жонғы пышағын қайрауға
болмайды.
Жонғы пышағын алып тастау (A суретін қараңыз)
Жонғы пышағын (16) аудару немесе алмастыру үшін
пышақ бастиегін (13) жонғы табандығына (10) параллель
болғанша айналдырыңыз.
➊ 2 бекіткіш бұранданы (15) алты қырлы дөңбек
кілтпен (18) шамамен 1 – 2 айналымға босатыңыз.
➋ Қажет болса, қысқыш элементті (14) ағаш сынасы
сияқты арнайы құралмен кішкене қағу арқылы
босатыңыз.
➌ Пышақ білігінің бүйірлік қорғанысын (17) төмен
төңкеріп, ағаш кесігінің көмегімен жонғы пышағын
(16) бүйірінен пышақ бастиегінен (13) жылжытып
шығарыңыз.
Жонғы пышағын орнату (B суретін қараңыз)
Жонғы пышағын бағыттау ойығы арқылы алмастыру
немесе аудару кезінде бірдей биіктік қамтамасыз етіледі.
Қажет болса, қысқыш элементтегі (14) пышақ орнын
және жонғы пышағын (16) тазалаңыз.
Жонғы пышағын орнату кезінде оның қысқыш элементтің
(14) бекіту бағыттауышында кедергісіз тұрғанына және
артқы жонғы табандығының (10) шеткі қырына
бағытталғанына көз жеткізіңіз. Содан кейін 2 бекіткіш
бұранданы (15) алты қырлы дөңбек кілтпен (18)
тартыңыз.
Нұсқау: қолданысқа енгізу алдында бекіту
бұрандаларының (15) берік бекітілгенін тексеріп
шығыңыз. Пышақ бастиегін (13) қолмен айналдырып,
Bosch Power Tools
жонғы пышағының еш жерде шығып тұрмағанына көз
жеткізіңіз.
Шаңды/жоңқаны сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы
өңделуі мүмкін.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Жоңқа шығатын жерді (2) жүйелі түрде тазалаңыз.
Бітелген жоңқа шығатын жерді тазалау үшін тиісті
құралды пайдаланыңыз, мысалы ағаш, қысылған ауа т.б.
Шығарылған жоңқаларды қолмен алмаңыз.
u
Айналатын бөлшектерден жарақат алуыңыз мүмкін.
Оңтайлы соруды қамтамасыз ету үшін бөлек сорғыш
құралын немесе шаң‑/жоңқа қабын пайдаланыңыз.
Сыртқы сорғыш (C суретін қараңыз)
Жоңқа шығатын жердің екі жағында сорғыш шлангын
(Ø 35 мм) (19) (керек-жарақтар) орнатуға болады.
Сорғыш шлангты (19) шаңсорғышқа қосыңыз (керек-
жарақтар). Осы нұсқаулық соңында түрлі
шаңсорғыштарға қосу әдістері көрсетілген.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ
шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Өзіндік сору (C суретін қараңыз)
Кіші жұмыстарда шаң/жоңқа қабын (керек-жарақтар)
(20) қосуға болады. Шаң қабының бекіткіштерін
жоңқаларды шығаруға арналған келте құбырға салыңыз
(2). Шаң/жоңқа қабын (20) өз уақытта босатып,
шаңсоруды оптималды ретте сақтайсыз.
Реттелетін жоңқа шығуы
Ауыстыру тұтқышымен (9) жоңқа шығатын жерді (2) оңға
немесе солға ауыстыру мүмкін. Ауыстыру тұтқышын (9)
әрдайым соңғы күйде тірелгенше басыңыз. Таңдалған
жоңқа шығу бағытын ауыстыру тұтқышындағы (9)
көрсеткі арқылы көрсетіледі.
Қазақ | 117
1 609 92A 4LG | (19.02.2019)

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières