OBJ_BUCH-2501-003.book Page 91 Wednesday, May 18, 2016 12:55 PM
Бұрғылау патронын ауыстыру
Бұрғылау шпинделінің патроны жоқ электр
құралдарда патронды Bosch электр құралдарының
сервистік орталығында ауыстыруға болады.
Бұрғылау патронын шамамен 30–35 Нм бекіту
моментімен бекемдеуге болады.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар
және металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу
қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге
канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал
тек қана мамандармен өңделуі керек.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналуын болдырмаңыз.
Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдары 220 В жұмыс істеуі
мүмкін.
Айналу бағытын орнату (C–D суреттерін қараңыз)
Айналу бағытының ауыстырып-қосқышының 8 көмегімен
айналу бағытын өлшеуге болады. Бірақ
қосқышты/өшіргішті 9 басқанда бұл мүмкін емес.
Оң жаққа айналу бағыты: Бұрғылау және шуруптарды
бұрап бекіту үшін айналу бағытының ауыстырып-
қосқышын 8 солға тірелгенше басыңыз.
Сол жаққа айналу бағыты: Бұрандалар мен сомындарды
босату немесе бұрап алу үшін айналу бағытының
ауыстырып-қосқышын 8 оңға тірелгенше басыңыз.
Пайдалану түрін орнату
Бұрғылау және бұрап кіргізу
Ауыстырып-қосқышты 6 "Бұрғылау" белгісіне
жылжытыңыз.
Перфоратормен жұмыс істеу
Ауыстырып-қосқышты 6 "Перфораторлық
бұрғылау" белгісіне жылжытыңыз.
Ауыстырып-қосқыш 6 тіреліп жұмыс істеп тұрған
қозғалтқыш ретінде де қолданылуы мүмкін.
Bosch Power Tools
Қосу/өшіру
Электр құралды қосу үшін қосқышты/өшіргішті 9 басып
тұрыңыз.
Басылған қосқыш/өшіргішті 9 құлыптау үшін құлыптау
пернесін 7 басыңыз.
Электр құралын өшіру үшін, қосқыш/өшіргішті 9 жіберіңіз
немесе құлыптау пернесімен 7 құлыптанған болса,
қосқыш/өшіргішті 9 қысқа уақыт басып жіберіңіз.
Энергия қуатын үнемдеу үшін электр құралын тек
пайдаланарда қосыңыз.
Айналымдар/қағу санын реттеу
Қосқышты/өшіргішті 9 басу күшін өзгерте отырып,
қосылған электр құралының айналымдар/қағулар санын
біртіндеп реттеуге болады.
Қосқыш/өшіргішке 9 жай басу төмен айналымдар/қағулар
санын қосады. Басу күшейсе айналымдар/қағулар саны
көбейеді.
Пайдалану нұсқаулары
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Электр құралын сомын/бұрандаға тек өшірілген
күйде салыңыз. Айналатын алмалы-салмалы аспаптар
түсіп кетуі мүмкін.
Тұрақты болмаса, электр құралмен жұмыс
істемеңіз. Ол тек бір жұмысқа ғана арналған, мысалы
штативте жұмыс істеуге арналмаған.
Электр құралмен ұзақ жұмыс істегеннен кейін салқындату
үшін 3 минутқа ең жоғары айналымдар санына қосу керек.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Дұрыс және сенімді істеу үшін электр құралмен
желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса,
қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермес үшін алмастыруды
тек Bosch немесе Bosch электр құралдарының
авторизацияланған клиенттерге қызмет көрсету
орталықтарында орындаңыз.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
кеңестері
Қызмет көрсету шеберханасы өнімді жөндеу және күту,
сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап
береді. Қажетті сызбалар мен қосалқы бөлшектер туралы
ақпаратты мына мекенжайдан табасыз:
www.bosch-pt.com
Кеңес беруші Bosch қызметкерлері өнімді пайдалану және
олардың қосалқы бөлшектері туралы сұрақтарыңызға
тиянақты жауап береді.
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру
кезінде міндетті түрде өнімдің зауыттық тақтайшасындағы
10-санды өнім нөмірін жазыңыз.
Қaзақша | 91
1 609 92A 224 | (18.5.16)