OBJ_BUCH-2501-003.book Page 89 Wednesday, May 18, 2016 12:55 PM
Пайдаланылмайтын электр құралдарды балалар
қолы жетпейтін жайға қойыңыз. Осыларды
білмейтін немесе осы ескертпелерді оқымаған
адамдарға бұл құралды пайдалануға жол бермеңіз.
Тәжірібесіз адамдар қолында электр құралдары қауіпті
болады.
Электр құралдарын ұқыпты күтіңіз. Қозғалмалы
бөлшектердің кедергісіз істеуіне және кептеліп
қалмауына, бөлшектердің ақаусыз немесе
зақымдалмаған болуына, электр құралының
зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Зақымдалған
бөлшектері бар құралды пайдаланудан алдын
жөндеңіз. Электр құралдарының дұрыс күтілмеуі
жазатайым оқиғаларға себеп болып жатады.
Кескіш аспаптарды өткір және таза күйде сақтаңыз.
Дұрыс күтілген және кескіш жиектері өткір кескіш
аспаптар аз кептеліп, кесілетін бетке оңай бағытталады.
Электр құралын, жабдықтарды, алмалы-салмалы
аспаптарды және т.б. осы нұсқауларға сай
пайдаланыңыз. Сонымен жұмыс шарттарымен
орындайтын әрекеттерге назар аударыңыз. Электр
құралдарын арналмаған жұмыстарда пайдалану
қауіпті.
Қызмет
Электр құралыңызды тек білікті маманға және
арнаулы бөлшектермен жөндетіңіз. Сол арқылы
электр құралының қауіпсіздігін сақтайсыз.
Бәрбілер үшін қауіпсіздік нұсқаулықтары
Перфоратормен жұмыс істеуде құлақ сақтағышын
киіңіз. Шуыл әсерінен есту қабілетіңіз зақымдануы
мүмкін.
Электр құралмен бірге жіберілген қосымша
тұтқаларды ұстаңыз. Бақылауды жоғалту зақымдарға
алып келуі мүмкін.
Алмалы-салмалы аспап жұмыс істегенде
жасырылған тоқ сымдарына немесе өз желі
кабеліне тиюі мүмкін болғанда аспапты
оқшаулантырылған тұтқасынан ұстаңыз. Тоқ
өткізетін сымға тию металды аспап бөліктеріне тоқ
өткізіп тоқ соғуына алып келуі мүмкін.
Қажетті темір іздеу құралдарын пайдаланып,
жасырылған су, газ, электр сымдарын табыңыз
немесе жергілікті қызмет көрсету ұйымдарын
шақырыңыз. Электр сымдарына тию өрт немесе тоқ
соғуына алып келуі мүмкін. Газ құбырын зақымдау
жарылысқа алып келуі мүмкін. Су құбырына тию
материалдық зиян немесе тоқ соғуына алып келуі
мүмкін.
Сыналанса, электр құралын бірден сөндіріңіз. Кері
соққыға әкелетін жоғары реакция сәттеріне дайын
болыңыз. Жұмыс құралы келесі жағдайларда
тұтығады:
– электр құралына шамадан тыс жүктеме түскенде
немесе
– өңделіп жатқан бөлшек қисайса.
Bosch Power Tools
Электр құралын берік ұстаңыз. Шуруптарды бұрап
бекіту және бұрап босату кезінде қысқаша жоғары
мезеттер пайда болуы мүмкін.
Электр құралды пайдалануда оны екі қолмен берік
ұстап, тұрақты қалыпта тұрыңыз. Электр құралы екі
қолмен сенімді басқарылады.
Дайындаманы бекітіңіз. Қысу құралына немесе
қысқышқа орнатылған дайындама қолыңызбен
салыстырғанда, берік ұсталады.
Электр құралын жерге қоюдан алдын оның
тоқтауын күтіңіз. Алмалы-салмалы аспап ілініп электр
құрал бақылауының жоғалтуына алып келуі мүмкін.
Өнім және қызмет сипаттамасы
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді оқыңыз.
Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді сақтамау тоқтың
соғуына, өрт және/немесе ауыр
жарақаттануларға апаруы мүмкін.
Тағайындалу бойынша қолдану
Бұл электр құралы кірпіш, бетон және тастарды сондай-ақ,
ағаш, металл, керамика және пластмассаны
перфораторлық бұрғылауға арналған. Электронды
басқаруы және оңға/солға айналуы бар құрылғылар
бұрауға да сай.
Бейнеленген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамдастар нөмірленген суреттері бар
беттегі электр құралының сипаттамасына сай.
1 Тереңдік шектегіші *
2 Алдыңғы гильза
3 Артқы гильза
4 Тез қысатын бұрғылау патроны
5 Тереңдікті шектеу тірегін орнату пернесі *
6 "Бұрғылау/перфораторлық бұрғылау"
ауыстырып-қосқышы
7 Қосқыш/өшіргіш құлыптау пернесі
8 Айналу бағытының ауыстырып-қосқышы
9 Қосқыш/өшіргіш
10 Қосымша тұтқа (беті оқшауландырылған) *
11 Қалақты бұрғы қосымша тұтқаны жылжыту үшін *
12 Тұтқа (беті оқшауландырылған)
13 Қондырма биталардың әмбебап ұстағышы*
14 Қондырма бита*
*Бейнеленген немесе сипатталған жабдықтар стандартты
жеткізу көлемімен қамтылмайды. Толық жабдықтарды біздің
жабдықтар бағдарламамыздан табасыз.
Қaзақша | 89
1 609 92A 224 | (18.5.16)