Қазақ тілі
Қауіпсіздік сақтық шаралары
Бұл бөлім осы өнімді қауіпсіз және тиімді пайдалануды қамтамасыз етуге
арналған маңызды ақпаратты ұсынады. Осы бөлімді мұқият оқып
шығыңыз және оны қол жеткізуге болатын орында сақтаңыз.
ЕСКЕРТУ:
Егер ішінен түтін, әдеттен тыс иіс шықса немесе әдеттегіден тыс шу
естілсе, жабдықты дереу өшіріңіз. Әрі қарай пайдалану өртке әкелуі
мүмкін. Дереу жабдықты розеткадан суырыңыз және кеңес алу үшін
дилерге немесе Seiko Epson сервистік орталығына хабарласыңыз.
Бұл өнімді өз бетіңізбен жөндеуге мүлдем әрекеттенбеңіз. Дұрыс
жөндемеу қауіпті болуы мүмкін.
Бұл өнімді мүлдем бөлшектемеңіз немесе өзгертпеңіз. Бұл өнімді шұқу
жарақатқа немесе өртке әкелуі мүмкін.
Көрсетілген қуат көзін пайдаланыңыз. Тиісті емес қуат көзіне қосу өрт
тудыруы мүмкін.
Жабдық ішіне бөгде заттардың түсіп кетпеуін қадағалаңыз. Бөгде
заттардың енуі өртке әкелуі мүмкін.
Егер су немесе басқа сұйықтық осы жабдық ішіне төгіліп кетсе, дереу қуат
сымын ажыратыңыз және кеңес алу үшін дилерге немесе Epson сервистік
орталығына хабарласыңыз. Әрі қарай пайдалану өртке әкелуі мүмкін.
Осы өнімнің ішіне немесе айналасына құрамында жанғыш газ бар
аэрозоль бүріккіштерін пайдаланбаңыз. Бұл әрекет өртке әкелуі мүмкін.
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Кабельдерді осы нұсқаулықта аталғаннан өзге жолмен жалғамаңыз. Өзге
жолмен жалғау жабдық зақымына немесе күйікке әкелуі мүмкін.
Осы жабдықты қатты, тұрақты, көлбеу бетке орнатыңыз. Өнім құласа
сынып кетуі немесе жарақатқа әкелуі мүмкін.
Жоғары ылғалдылық немесе тозаң деңгейлері бар орындарда
пайдаланбаңыз. Артық ылғалдылық және тозаң жабдықтың
зақымдалуына немесе өртке әкелуі мүмкін.
Осы өнімнің үстіне ауыр заттар қоймаңыз. Ешқашан осы өнімге тұрмаңыз
немесе сүйенбеңіз. Жабдық құлап немесе шашылып кетуі мүмкін және
сынып, жарақаттауы ықтимал.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін осы өнімді ұзақ уақыт бойы
пайдаланбайтын болсаңыз, оны ажыратыңыз.
70 TM-U590/U590P Пайдаланушы нұсқаулығы