Philips RQ1180 Mode D'emploi page 100

Masquer les pouces Voir aussi pour RQ1180:
Table des Matières

Publicité

ҚазаҚша
100
Қыру бөлігін тазалау
Ыстық суды абайлап пайдаланыңыз. Қолыңызды күйдіріп алмас үшін, әрдайым судың өте ыстық еместігін тексеріп тұрыңыз.
1
Қыру бөлігін ыстық ағынды сумен біраз уақыт шайыңыз (Cурет 25).
Ескертпе: сондай-ақ, қыру бөлігін берілген щеткамен тазалауға болады.
2
Қыру ұшының ұстағышын тартып, қыру бөлігінің төменгі жағынан шығарыңыз да, ыстық ағынды сумен 30 секунд
шайыңыз (Cурет 26).
Ескертпе: қыру ұшының ұстағышын берілген щеткамен тазалауға болады.
3
Артық суды сілкіп тастап, қыру бөлігін кептіріңіз.
Қыру бөлігін орамалмен немесе шүберекпен сүртпеңіз. Қыру ұштары зақымдануы мүмкін.
4
Қыру ұшының ұстағышын қыру бөлігінің төменгі жағына қайта тағыңыз (сырт еткен дыбыс естіледі) (Cурет 27).
Қыру бөлігін Jet clean жүйесімен тазалау (тек кейбір үлгілерде болады)
Jet Clean жүйесінің автоматты түрде тазалау бағдарламасы бар. Қосу/өшіру түймесі басылғанда, Jet Clean жүйесі автоматты түрде тазалау
бағдарламасымен тазалауды бастайды.
Jet clean жүйесін пайдалану үшін дайындау
Алғаш қолданар алдында, тазалау орнын толтырып алыңыз.
1
Кішкентай штепсельдік ұшты Jet Clean жүйесіне жалғаңыз.
2
Адаптерді қабырғадағы розеткаға жалғаңыз.
Ұстағыш автоматты түрде ең жоғарғы позициясына жылжиды.
,
3
Тазалау орнының екі бүйіріндегі босату түймелерін бір уақытта басыңыз (1). Одан кейін, Jet Clean жүйесін тартып, тазалау
орнынан шығарыңыз (2). (Cурет 28)
Тазалау орны астында қалады.
,
4
Тазалау сұйықтығы бар шишаның қақпағын бұрап ашыңыз.
5
Тазалау орнының екі сызығының ортасына дейін HQ200 тазалау сұйықтығын құйыңыз (Cурет 29).
6
Jet Clean жүйесін тазалау орнына қайтадан салыңыз (Cурет 30).
Босату түймелері орындарына түсіп, сырт еткен дыбыстың шыққанын тексеріңіз.
Jet clean жүйесін пайдалану
Ескертпе: қырыну көбігімен немесе гелімен пайдаланған жағдайда, электр ұстараны Jet Clean жүйесімен тазаламас бұрын, ыстық ағынды
сумен шайып алған жөн. Бұл тазалау сұйықтығының біраз уақытқа жетуін қамтамасыз етеді.
1
Электр ұстараның дисплейін Jet Clean жүйесінің алдыңғы жағына қаратып, ұстағышқа төңкеріп салыңыз (Cурет 18).
2
Орнына түсіру үшін, электр ұстараны ұстағышқа мықтап салыңыз (Cурет 19).
Дисплейде электр ұстараның зарядталып жатқаны көрсетіледі («Дисплей» тарауын қараңыз).
,
3
Тазалау бағдарламасын іске қосу үшін, Jet Clean жүйесіндегі қосу/өшіру түймесін басыңыз. (Cурет 31)
Электр ұстараның дисплейі зарядтау барысын көрсетуді тоқтатады.
,
Тазалау шамы жыпылықтап, электр ұстара автоматты түрде тазалау сұйықтығына батырылады (Cурет 32).
,
Тазалау шамы бірнеше минутқа созылатын тазалау бағдарламасы барысында жыпылықтап тұрады.
,
Тазалау бағдарламасының бірінші кезеңінде, электр ұстара бірнеше рет автоматты түрде қосылып, өшеді және жоғары, төмен
,
жылжиды.
Тазалау бағдарламасының екінші кезеңінде, электр ұстара кептіру позициясына қойылады. Бұл кептіру белгісінің жыпылықтауы
,
арқылы көрсетіледі. Бұл кезең шамамен 2 сағатқа созылады. Электр ұстара бұл позицияда бағдарлама аяқталғанша
тұрады. (Cурет 33)
Тазалау бағдарламасы аяқталғаннан кейін, ұстараның дисплейінде зарядтау көрсеткіші пайда болады («Дисплей» тарауын
,
қараңыз).
Ескертпе: Jet Clean жүйесіндегі қосу/өшіру түймесі тазалау бағдарламасы барысында басылса, бағдарлама тоқтайды. Бұл жағдайда,
тазалау немесе кептіру шамы жыпылықтауын қойып, ұстағыш ең жоғарғы позициясына жылжиды.
Ескертпе: тазалау барысында адаптер қабырға розеткасынан ажыратылса, бағдарлама тоқтайды. Ұстағыш ағымдағы позициясында
қалады. Адаптер қабырға розеткасына қайтадан жалғанғанда, ұстағыш ең жоғарғы позициясына жылжиды.
-
Тазалау сұйықтығының деңгейі ең төменгі көрсеткіштен төмен түскенде, «тазалау орны бос» белгісі жыпылықтап, ұстағыш бастапқы
позициясына оралады (Cурет 34).
-
Электр ұстараны күнделікті тазалау үшін жуғыш машина қолданылатын болса, тазалау орнын шамамен 15 күн сайын толтырып тұру
керек болады.
Jet clean жүйесін тазалау
Тазалау орнын 15 күн сайын тазалап тұрыңыз.
Jet Clean жүйесінің сыртын дымқыл шүберекпен тазалауға болады.
1
Jet Clean жүйесінің екі бүйіріндегі босату түймелерін бір уақытта басыңыз (1). Одан кейін, Jet Clean жүйесін тартып, тазалау
орнынан шешіңіз (2). (Cурет 28)
Тазалау орны астында қалады.
,
2
Қалған тазалау сұйықтығын тазалау орнынан төгіп тастаңыз. (Cурет 35)
Тазалау сұйықтығын шұңғылшаға ағызып жіберуге болады.
3
Тазалау орнын ағынды сумен шайыңыз (Cурет 36).
тазалау орнын ыдыс жуғышта жууға болмайды.
4
Тазалау орнының екі сызығының ортасына дейін HQ200 тазалау сұйықтығын құйыңыз (Cурет 29).

Publicité

Table des Matières
loading

Ce manuel est également adapté pour:

Rq1160Rq1150Rq1150/16Rq1160/21

Table des Matières