OBJ_BUCH-283-007.book Page 160 Monday, October 21, 2013 11:35 AM
160 | Қaзақша
Перфораторлық бұрғылау, бұрғылау және ою үшін айналу
бағытын әрдайым оңға реттеңіз.
Қосу/өшіру
Энергия қуатын үнемдеу үшін электр құралын тек
пайдаланарда қосыңыз.
– Электр құралын қосу үшін қосқыш/өшіргішті басыңыз 9.
Электр құралын алғашқы рет қосу кезінде аз бөгелу болуы
мүмкін, себебі электр құралының электроникасы өзін
конфигурациялауы қажет.
– Өшіру үшін қосқыш/өшіргішті 9 жіберіңіз.
Айналымдар/қағу санын реттеу
Қосқышты/өшіргішті 9 басу күшін өзгерте отырып,
қосылған электр құралының айналымдар/қағулар санын
біртіндеп реттеуге болады.
Қосқыш/өшіргішке 9 жай басу төмен айналымдар/қағулар
санын қосады. Басу күшейсе айналымдар/қағулар саны
көбейеді.
Қорғауыш жалғастырғыш
Алмалы-салмалы аспап қысылса немесе ілінсе
бұрғылау шпинделіне беріліс тоқтатылады. Осында
пайда болатын күштер себебінен электр құралын
екі қолмен қатты ұстап бекем қалыпта тұрыңыз.
Егер электр құралы тіреліп қалса, электр құралын
өшіріп алмалы-салмалы аспапты босатыңыз.
Бұғатталған бұрғылайтын аспапты қосу кезінде
жоғары реактивті күш пайда болады.
Температураны бақылау индикаторы
Температураны бақылау индикаторының 14 қызыл жарық
диоды электр құралының аккумуляторы немесе
электроникасы (аккумулятор салынған күйде) оптималды
температура аймағында болмауын білдіреді. Бұл
жағдайда электр құралы жұмыс істемейді немесе толық
қуатпен жұмыс істемейді.
Аккумулятор температурасын бақылау:
– Қызыл жарық диоды 14 аккумуляторды зарядтау
құралына салғаннан соң үздіксіз жанады: аккумулятор
зарядтау температурасының 0 °C-тан 45 °C-ге шейін
болған аралықта болмай зарядталмайды.
– Қызыл жарық диоды 14 16 пернесін немесе
косқыш/өшіргішті 9 басқанда (аккумулятор салынған)
жыпылықтайды: аккумулятор пайдалану
температурасының – 10 °C-тан +60 °C шейін болған
аралығында емес.
– Аккумулятор температурасы 70 °C-тан жоғары болса
электр құралы аккумулятор оптималды температурада
болмағанынша өшеді.
Электр құралы электроникасының температурасын
бақылау:
– Қызыл жарық диоды 14 косқыш/өшіргішті 9 басқанда
үздіксіз жанады: электр құралы электроникасының
температурасы 5 °C-тан төмен немесе 75 °C-тан
жоғары.
– 90 °C-тан жоғары температурада электр құралы
электроникасы пайдалану температурасы болмауынша
өшеді.
1 619 92A 065 | (21.10.13)
Пайдалану нұсқаулары
Кескіш қалпын өзгерту (Vario-Lock)
Кескішті36 күйде бекітуге болады. Осылай оптималды
жұмыс істеу күйіне жете аласыз.
– Кескішті аспап патронына орнатыңыз.
– Қағуды/айналуды тоқтату қосқышын 11 „Vario-Lock"
күйіне бұраңыз („Пайдалану түрін орнату", 159 бетінде
қараңыз).
– Алмалы-салмалы аспапты керекті ою күйіне бұраңыз.
– Қағуды/айналуды тоқтату қосқышын 11 „ою" күйіне
бұраңыз. Осылай аспап патроны бекітіледі.
– Ою үшін айналу бағытын оңға айналуға орнатыңыз.
Бұранда ұштықтарын орнату (M суретін қараңыз)
Электр құралын сомын/бұрандаға тек өшірілген
күйде салыңыз. Айналатын алмалы-салмалы аспаптар
түсіп кетуі мүмкін.
Бұранда ұштықтарын пайдалану үшін әмбебап ұстағыш 26
SDS-plus-аспап патронымен (керек-жабдықтар) керек
болады.
– Тұтқаның салынатын ұшын тазалап, аздап майлаңыз.
– Айналмалы әмбебап ұстағышты құралды бекіту орнына
автоматты түрде бекітілгенше салыңыз.
– Әмбебап ұстағышты тартып, бекітілуді тексеріңіз.
– Ұстағышқа шуруптарды бұрап бекіту битасын салыңыз.
Тек шуруп басына жарайтын қондырма биталарды
пайдаланыңыз.
– Әмбебап ұстағышты алу үшін бекіту төлкесін 5 артқа
жылжытыңыз және әмбебап ұстағышты 26 құралды
бекіту орнынан шығарыңыз.
Аккумуляторды оңтайлы пайдалану туралы нұсқаулар
Аккумуляторды сұйықтықтардан және ылғалдан
қорғаңыз.
Аккумуляторды тек 0 °C–50 °C температура ауқымында
сақтаңыз. Аккумуляторды жазда көлікте қалдырмаңыз.
Аккумулятордың желдету тесігін жұмсақ, таза және құрғақ
щеткамен мұқият тазалаңыз.
Пайдалану мерзімінің айтарлықтай қысқаруы
аккумулятордың ескіргенін және ауыстыру керектігін
білдіреді.
Қоқыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды орындаңыз.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Кездейсоқ қосылғанда жарақат алу қаупі бар.
Дұрыс және сенімді істеу үшін электр құралмен
желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Зақымдалған шаңнан сақтайтын бұқтырма бірден
алмастырылуы қажет. Оны қызмет көрсету
шеберханасында орындау ұсынылады.
Bosch Power Tools