Bosch UniversalChain 35 Notice Originale page 212

Masquer les pouces Voir aussi pour UniversalChain 35:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 23
212 | Қазақ
Үлкенірек бұтақтар мен ағаш діңдерін арамен кесу
барысында тісті таянышты тереңірек орында қойып
кесіңіз. Ол үшін, тісті таянышты босатып алу үшін
шынжырлы араны артқа қарай тартып, оны қайтадан
төменірек қоя отырып енгізіңіз. Бұл әрекет барысында
шынжырлы араны кесік жасалған жерден шығармаңыз.
Арамен кесу барысында ара шынжырына барлық күшпен
баспаңыз, ара шынжыр құралын тісті таянышты (10)
үстінен біраз тетіктік қысым арқылы жұмыс істеткіңіз.
Шынжырлы араны ешқашан қолыңызды созып тұрып
қолданбаңыз. Құралмен жетуге қиын болатын жерлерде
немесе тасымал басқыш үстінде тұрғанда өнімдерді
арамен кеспеуіңіз лазым. Иықтарыңыздың биіктігінен
жоғары болған өнімдерді ешқашан арамен кеспеңіз.
Ең жоғары кесу нәтижелеріне шынжыр жылдамдығы
шамадан тыс жүктелу арқылы түсіп қалмағанда жетуге
болады.
Арамен кесік жасау соңында сақ болыңыз. Шынжырлы
ара өзінің тек қана бір кескіш жиегімен жұмыс йстей
бастағаннан сәттен бастап ауырлық күші кездейсоқ түрде
өзгеріледі. Аяқтардың жарақаттану қауібі пайда болады.
Шынжырлы араны кесіктен тек қана ара шынжыры жүріп
тұрғанда шығарыңыз.
Ағаш діңгектерін арамен кесу (F–I суреттерін
қараңыз)
Ағаш діңгектерін арамен кескенде төмендегі қауіпсіздік
нұсқауларына назар аудара отырып әрекет етіңіз:
Ағаш діңгегін суретте көрсетілгендей жатқызып, оны,
кесілген жері жабылмайтын қылып және ара шынжыры
қысылатындай қылып тіретіңіз.
Қысқарақ ағаш бөлшектерін, оларды арамен кесу
алдынан реттеп алып, жақсылап қысып бекітіп қойыңыз.
Тек қана ағаш өнімдерін арамен кесіңіз. Тастар, инелер,
тікендер мен шегелермен жанасып түртіп қалуына жол
бермеңіз, себебі олар кесу барысында жоғарыға қарай
шашылып, ара шынжырының зақымданып бұзылуына
немесе қолданушының немесе жұмыс барысында оның
жанында тұрған адамдардың ауыр жарақаттануларына
апара алады.
Шынжырлы ара жұмыс істеп тұрғанда осы құралдың
сымды дуалдармен немесе қыртыспен жанасып түртіп
қалуын болдырмаңыз.
Шынжырлы ара жіңішке бұтақшаларды кесіп қию үшін
мақсатталмаған.
Ұзындығынан жасалатын кесіктерді аса сақ бола отырып
жасаңыз, себебі тісті таяныш (10) бұл жерлерде қолдана
алмайтын болады. Араның кері соққысына жол бермеу
үшін шынжырлы араны еңіс бұрышпен жүргізіңіз.
Еңкіш жерлерде өткізілетін кесу жұмыстары барысында
ағаш діңгектерін немесе жер үстінде жатқан кесілетін
өнімдерді әрқашан үстінен немесе бүйірінен тұрып
өндеңіз.
Сүрініп қалу қауібіне апара алу себебінен ағаш
түбірлеріне, бұтақтарға, тамырларға және т.б. назар
аударыңыз.
F 016 L81 829 | (28.11.2019)
Ағашты кернеу астында арамен кесу (I суретті
қараңыз)
Кернеу астында тұратын ағаш өнімдерін,
u
бұтақтарды және ағаштарды арамен кесу
жұмыстары тек қана арнайы білімі және
тәжірибесі бар мамандар арқылы өткізілуі тиіс. Аса
сақ болуыңыз қажет. Жазатайым апаттардың қауібі
артады.
Ағаш өзіңіз тұрған жерде екі жағынан жатса, алдымен
жоғарыдан (Y) ағаш діңгегі бойы диаметрінің үштен бір
бөлігін арамен кесіңіз, одан кейін, ағаш уатылуы мен
ұшықтардың пайда болуы мен шынжырлы араның
қысылып қалуына жол бермеу үшін төменінен (Z) дәл сол
жерде ағаш діңгегін кесіп тастаңыз. Ара шынжыры жер
қыртыспен жанасып түртіп кетуіне жол бермеңіз.
Ағаш тек қана бір жағынан жатса, алдымен астынан (Y)
диаметрінің үштен бір бөлшегін жоғарыға қарай кесіп,
одан кейін, ағаш уатылуы мен ұшықтардың пайда болуы
мен шынжырлы араның қысылып қалуына жол бермеу
үшін жоғарыдан (Z) дәл сол жерде ағаш діңгегін кесіп
тастаңыз.
Ағаштарды кесіп шабу (J суретін қараңыз)
Шынжырлы араны қолдану алдынан әрқашан
u
алдымен жергілікті және ұлттық заңдар,
шектеулер мен ережелерінде рұқсат етілмейтін
қолдану тәсілдерінің бар не жоқ болуын тексеріп
алыңыз.
Жоғарыдан түсіп жататын бұтақтарынан сақтану
u
үшін әрқашан қорғау шлемін киіп жүріңіз.
Шынжырлы арамен тек қана діңгек диаметрі
u
шапқы ұзындығынан азырақ болатын ағаштарды
кесіп шабуға болады.
Жұмыс аймағының қауіпсіздігін қамтамасыз
u
етіңіз. Ағашты (➊) кесіп шабу айналасында ешбір
адамдар немесе жануарлардың жоқ болуын
тексеріңіз.
Қысылып қалған ара шынжырын оның
u
қозғалтқышы жүріп тұрғанда босатпаңыз.
Қысылып қалған ара шынжырын босату үшін ағаш
сынасын қолданыңыз.
Ағаш екі немесе бірнеше адамдар арқылы кесіліп
шабылғанда арамен кесіп тұрған және қиып тұрған
адамдар арасындағы аралық кесіліп шабылатын ағаштың
биіктігінен екі есе үлкенірек болу керек. Ағаштарды кесіп
шабу барысында басқа адамдарға ешбір қауіп
түспейтіндігіне, ешбір инженерлік коммуникациялық
жүйелерді түртіп бұзбауына және ешбір шығын
шықпайтынына назар аудара отырып әрекет етіңіз. Егер
жұмыс барысында бір ағаш инженерлік
коммуникациялық жүйелерінің бірімен жанасып қалған
жағдайда энергия қуатпен қамтамасыз ететін мекемені
бұл туралы дереу хабардар ету қажет.
Арамен кесу жұмыстарын еңкіш жерлерді өткізгенде
шынжырлы араны қолданушы сол аймақта кесіліп
құлатылатын ағаштан жоғарырақ болған жерде тұруы
Bosch Power Tools

Publicité

Table des Matières
loading

Ce manuel est également adapté pour:

Universalchain 40

Table des Matières