Шығару тежеуіші/Кері соққыға қарсы
тежеуіші (E суретін қараңыз)
Шынжырлы ара екі қорғаныс құрылғысымен
жабдықталған:
Шығару тежеуіші ара шынжырын Қосу/Өшіру қосқышы
(2) босатылып жіберіліп қойылғанда тежейді.
Кері соққыға қарсы тежеуіші - шынжырлы араның кері
соққысы пайда болғанында кері соққыға қарсы тежеуішін
белсендіру тетігі (4) арқылы қосылатын қорғау
механизмі. Ара шынжыры дереу тоқтатылады.
Құралдың жұмыс істеуін әлсін-әлсін тексеріп жүріңіз.
Кері соққыға қарсы тежеуішін белсендіру тетігін (4) алға
қарай (➋ позиция) итеріп, шынжырлы араны қысқа уақыт
бойы іске қоса тұрыңыз. Ара шынжыры жүріп кетпеуі
керек. Кері соққыға қарсы тежеуішін құрсаулаудан
шығару үшін, кері соққыға қарсы тежеуішін белсендіру
тетігін (4) артқа қарай қайта тартыңыз (➊ позиция).
Шынжырлы араны кері соққыға қарсы тежеуішін
белсендіру тетігінен ұстап тасымалдамаңыз.
Шынжырлы арамен жұмыс істеу
Арамен кесу алдынан
Араны іске қосу алдынан және әрдайым арамен кесу
барысында төмендегідей тексеру жұмыстарын өткізуіңіз
лазым:
– Шынжырлы ара іске қосылып қолданылу үшін
жарамды қалыпта ма?
– Май резервуары маймен толтырылды ма? Май
дәрежесінің көрсеткішін жұмысты бастау алдында
және әрдайым жұмыс барысында тексеріңіз. Май
деңгейін тексеру саңылауында (26) май деңгейінің
минималдық деңгейі көріне басталғанда шынжырлы
араны, оны тегіс бір төсем үстінен көлденеңінен ұстап
тұрып, маймен толтырыңыз.
– Бір рет толтырылған май көлемі құралдын, жұмыс
барысында үзіліс жасауға және жұмыс
қарқындылығына қарай отыра, шамамен 40 минутқа
жетеді.
– Ара шынжыры дұрыс керілді ме немесе қайранып
алынды ма? Арамен кесу барысында шынжыр
кернеуін әрдайым әр 10 минут бойы тексеріңіз.
Әсіресе жаңа ара шынжырларын қолданғанда
алғашқы уақытта кеңейтудің жоғары бола алуына
назар аударуыңыз лазым. Ара шынжырының күйі
арамен кесу нәтижелеріне айтарлықтай әсер етеді. Тек
қана өткір ара шынжырлары шамадан тыс жүктелуден
қорғай алады.
– Кері соққы тежеуіші босатылып жіберіліп, оның жұмыс
функциясы қамтамасыз етіле ме?
– Талап етілетін лайықты қорғау жабдықтарын киіп
жүрсіз бе? Қорғаныс көзәйнек пен қорғау
құлаққаптарын қолданыңыз. Бас, қолдар мен аяқтар
үшін қосымша қорғау жабдықтарын киіп жүруіңіз
лазым. Лайықты қорғау киім арамен кесу барысында
ұшып жататын заттардан немесе ара шынжырын
Bosch Power Tools
кездейсоқ түрде түртіп қалудан түсе алатын
жарақаттану қауібін азайтады.
Араның кері соғуы (E суретін қараңыз)
Араның кері соғуы деген ұғым жұмыс істеп тұрған
араның, шапқы ұшы кесілетін өнімді түртіп қалғанда
немесе ара қысылып ілініп қалғанда пайда болатын,
жоғарыға және артқа қарай кездейсоқ соға бастауын
білдіреді.
Араның кері соққысы пайда болғанда шынжырлы ара
күтпеген түрде әрекеттене бастап, қолданушының немесе
арамен кесу жұмысы өткізіліп жатқан аумақта тұрған
басқа адамдардың ауыр жарақаттануына апара алады.
Арамен бүйірінен кесу, көлденеңінен және ұзынынан
кесу жұмыстары аса сақтықпен өткізілуі тиіс, себебі тісті
таяныш (10) осы жерлерде бекітіле алынбайды.
Араның кері соққысын болдырмау үшін төменгідей
әрекеттенуіңіз лазым:
– Шынжырлы араны мүмкін болғанша тегіс қылып қоя
отырып жұмыс істеңіз.
– Ешқашан босайған, кеңейтілген немесе аса тозып
қалған ара шынжырымен жұмыс істемеңіз.
– Ара шынжырын нұсқаулықта белгілеп көрсетілгендей
қайраңыз.
– Кесілетін өнімдерді ешқашан иықтарыңыздың
биіктігінен жоғары болғанда кеспеңіз.
– Ешқашан шапқы ұшымен кеспеңіз.
– Шынжырлы араны әрқашан екі қолыңызбен бекем
ұстап жүріңіз.
– Әрқашан Bosch компаниясының кері соққыны
болдырмайтын ара шынжырын қолданыңыз.
– Тісті таянышын (10) тетік ретінді қолданыңыз.
– Шынжырдың кернеуі лайықты түрде орнатылғанына
назар аударыңыз.
Жалпы жүріс және тұрыс ережелері (E–H
суреттерін қараңыз)
Сол қолыңызбен алдыңғы қол тұтқышын, оң қолыңызюен
артқы қол тұтқышын ұстап отырып, шынжырлы араны
әрқашан екі қолыңызбен бекем ұстап жүріңіз.
Тұтқаларды қолдарыңыздың басбармақтары мен
бармақтарымен ұстаңыз. Арамен кесу жұмыстарын
ешқашан бір қолмен өткізбеңіз. Желі кабелін әрқашан
артқы жаққа қарай жүргізіп, оны ара шынжыры мен
кесілетін өнімдер аймағынан алыста ұстаңыз; жұмыс
барысында желі кабелі бұтақтар мен діңгектерде оралып
қалмайтындай тұрыста тұрыңыз.
Шынжырлы араны тек қана өзіңіз тұрақты тұрыста тұра
алғанда іске қосып қолданыңыз. Шынжырлы араны
өзіңіздің денеңізден біраз оң жаққа қарай ұстаңыз.
Ара шынжыры ағашпен жанасу алдынан толық
жылдамдықпен жүріп тұруы қажет. Осы әрекет
барысында шынжырлы араны ағашта тірету үшін тісті
таянышты (10) қолданыңыз. Арамен кесу барысында
тісті таянышты тетік ретінде қолданыңыз.
Қазақ | 211
F 016 L81 829 | (28.11.2019)