ТӨМЕНГІ ТЕМПЕРАТУРАЛЫ БӨЛІМДІ
ПАЙДАЛАНУ ЖОЛЫ
Төменгі температуралы бөлім, егер болса –
жұлдызшалы бөлім.
Қатқан тағамдарға арналған дұрыс сақтау
уақыттары әрбір тағам өнімінің орамында
көрсетіледі.
Мұздатылған өнімдерді сатыпу алу кезінде:
• Орамның зақымданбағанына көз жеткізіңіз, себебі
олай болса тағам сапасы нашарлауы мүмкін. Егер
орам ісіп кетсе немесе аққан сұйықтық іздері
байқалса, ол қолайлы жағдайларда сақталмауы
және еруі әлдеқашан басталған болуы мүмкін.
• Азық-түлікті сатып алған кезде мұздатылған
тағамдарды соңына қалдырып, өнімдерді
изотермиялық дорбада тасымалдаңыз.
• Заттарды үйге жеткен соң дереу төменгі
температуралы бөлімге салыңыз.
• Егер тағамның бір бөлігі бұзылса, оны қайта
қатырмаңыз. 24 сағат ішінде пайдаланып
тастаңыз.
• Температураның минималды деңгейге дейін
өзгеруін болдырмаңыз немесе азайтыңыз.
Орамдағы жарамдылық мерзіміне дейін
пайдаланыңыз.
• Мұздатылған тағам қаптамасындағы сақтау
нұсқаулықтарын әрқашан орындаңыз.
Мұз текшелерін жасау
• Мұз кесектері науасын 3/4 етіп сумен толтырып,
төменгі температуралы бөлімнің түбіне қойыңыз.
Егер науа төменгі температуралы бөлім түбінде
қатып қалса, оны ажырату үшін өткір немесе істік
заттарды пайдаланбаңыз.
110