МҰЗДАТУ ЖҮЙЕСІН ТоҚТАТУ
ҚЫРАУДЫ ТОҚТАТУ ЖҮЙЕСІ (үлгіге байланысты қолжетімді) мұздату бөлімі үшін ерітуді
оңайлатады. ҚЫРАУДЫ ТОҚТАТУ құралы (1-сурет) мұздату бөлімінде түзілетін қырауды
жинау үшін жасалған және оны алып, тазалау оңай, сондықтан ол мұздату бөлімінің ішкі
жағын еріту уақытын қысқартады.
ҚЫРАУДЫ ТОҚТАТУ құралындағы қырауды алып тастау үшін төменде көрсетілген тазалау
рәсімін орындаңыз.
ҚЫРАУДЫ ТоҚТАТУ ҚҰРАЛЫН ТАЗАЛАУ
РӘСІМІ
- Мұздатқыш бөлімінің есігін ашыңыз және
жоғарғы жәшікті алыңыз (2-сурет).
- ҚЫРАУДЫ ТОҚТАТУ құралын (3-сурет)
ажыратыңыз да, төмендегі әйнек
сөреге құлап қалмауын қадағалап,
алыңыз (4-сурет). Ескертпе: Егер құрал
қыстырылып қалса немесе алынуы
қиын болса, оны алуға тырыспаңыз,
бірақ мұздату бөлімінің толық ерітілуін
жалғастырыңыз.
- Мұздату бөлімінің есігін жабыңыз.
- Құралдағы қырауды ағын (ыстық емес)
судың астында шаю арқылы тазалаңыз
(5-сурет).
- Құралды кептіріңіз және пластик бөліктерін
жұмсақ матамен сүртіңіз.
- 7-А суретінде көрсетілген шығыңқы
жерлерге құралды орнату арқылы қайта
енгізіңіз және құралдың тетігін жоғарыдағы
ұстағыштармен бекітіңіз (7-В суреті).
- Жоғарғы жәшікті қайта енгізіңіз де,
мұздатқыш бөлімінің есігін жабыңыз.
ҚЫРАУДЫ ТОҚТАТУ құралын өздігінен,
мұздатқыш бөлімін ерітусіз тазалау мүмкін
болады. ҚЫРАУДЫ ТОҚТАТУ құралын
жүйелі түрде тазалау мұздату бөлімін толық
еріту қажеттілігін азайтуға мүмкіндік береді.
Ескертпе: өнім сипаттамалары, соның
ішінде көлемі және қуаты ҚЫРАУДЫ
ТОҚТАТУ құралынсыз есептеледі.
(үлгіге байланысты)
1
2
5
7
A
13
3
4
6
B