ҚҰРЫЛҒЫНЫҢ ПАЙДАЛАНБАУ
ЖАҒДАЙЫНДА
Құрылғыны қуат көзінен ажыратыңыз, босатыңыз, мұзды ерітіңіз (қажет болғанда) және
тазалаңыз. Бөлімдер ішінде ауаның циркуляциясына мүмкіндік беру үшін есіктерді сәл
ашық ұстаңыз. Осының нәтижесінше зең және жағымсыз иістің таралуын болдырмауға
болады.
ҚУАТПЕН ҚАМТУ ҮЗІЛГЕН ЖАҒДАЙДА
Есіктерді жабық ұстаңыз, осылайша тағамдар мүмкіндігінше ұзақ уақыт бойы сұық күйінде
сақталады. Ішінара ерітілген тағамдарды қайта мұздатпаңыз. Егер қуат үзілісі ұзаққа
созылса, шамды өшіру сигналы белсендірілуі мүмкін (электроникалық өнімдерде).
ТоҢАЗЫТҚЫШ БӨЛІМІ
Тоңазытқыш бөлімі балғын тағамдар және сусындарды сақтауға мүмкіндік береді.
Тоңазытқыш бөлімі автоматты түрде толық ерітіледі.
Бөлімнің ішіндегі артқы бетінде су тамшыларының болуы автоматты еріту кезеңінің белгісі
болып табылады. Еріген су төгу құбырына бағытталады және кейін буланатын контейнерде
жиналады.
Үлгісіне байланысты өнім арнайы «Нөлдік градус» бөлімімен жабдықталуы мүмкін, ол
балғын ет және балықты сақтау үшін аса оңтайлы.
Ескерту: тоңазытқыштың керек-жарақтарын ыдыс жуғыш машинасында тазаламаңыз.
Ескертпе: ортаның температурасы, есіктердің ашылу жиілігі және құрылғының орналасуы
екі бөлімдердегі ішкі температурасына әсер етуі мүмкін. Температураларды осы
жағдайларға сәйкес орнатыңыз.
Ескертпе: өте ылғалды жағдайларда тоңазытқыш бөлімінде, әсіресе әйнек сөрелерде
конденсат түзілуі мүмкін. Мұндай жағдайда сұйықтық бар контейнерлерді (мысалы,
сорпа құйылған ыдыс) жабу, сұйықтығы көп тағамдарды (мысалы, көкөністер) орау және
жабдықталған жағдайда желдеткішті қосу ұсынылады.
Жеміс және көкөніс жәшігін шығару
(үлгіге байланысты)
Жәшікті сыртқа қарай мүмкіндігінше алыс етіп тартыңыз да, жоғары көтеріп шығарыңыз.
Жеміс және көкөніс жәшігінің шығарылуын оңайлату үшін екі төменгі есік сөрелерін
босатып, (және мүмкіндігінше шығарып алу) кейін жәшікті шығару қажет болуы мүмкін.
Желдеткіш және бактерияға қарсы иісті болдырмайтын сүзгі
(үлгіге байланысты)
Желдеткіш бөлімдер ішіндегі температураның таралуын және сәйкесінше тағамдардың
сақталуын жақсартып, шамадан тыс ылғалдылықты азайтады. Желдету аймағын бөгемеңіз.
Желдеткіш қолмен қосыла/өшіріле алады (Қысқа нұсқаулықты қараңыз); егер желдеткіш
қосулы болса, қажет болғанда ол автоматты түрде жұмыс істейді.
11