364 | Қазақ
Қысқыш тұтқаның (14) қысу күшін реттеу (Y суретін
қараңыз)
Қысу тұтқасының (14) қысу күшін реттеуге болады.
Тексеріңіз
– Қысу тұтқасының қысу күші кез келген вертикалды
еңіс бұрышында жылжымалы тұтқаның күйін бекем
ұстау керек.
Реттеу
– Қысу тұтқасын (14) босатыңыз.
– Екі реттеу бұрандамасын (75) (17 мм) дөңбек кілтпен
сағат тіліне қарсы бұрап қысу қуатын төмендетіңіз
немесе сағат тілімен бұрап қысу қуатын көтеріңіз.
– Вертікальды еңіс бұрышын реттеңіз, қысу тұтқышын
(14) қайта бекітіп керекті қысу күші жетілгенін
тексеріңіз.
Тасымалдау (Z суретін қараңыз)
Электр құралын тасымалдаудан бұрын төмендегі
қадамдарды орындау керек:
– Жылжымалы тұтқаны (33) толығымен артқа
жылжытып, осы күйде бекітіңіз.
– Тереңдік шектегішінің (27) толығымен ішке басылуын
және дәлдеу бұрандасы (26) жылжымалы тұтқаны
жылжытқан кезде тереңдік шектегішіне тимей ойыққа
кіруін қамтамасыз етіңіз.
– Жылжымалы тұтқаны тасымалдау кезіндегі қорғаныс
(34) ішке толық басылғанша төмен жылжытыңыз
– Аралау үстелінің ұзартқыштарын (8) толығымен ішке
жылжытыңыз.
– 0° тік еңіс бұрышын орнатып, қысқыш тұтқаны (14)
бұрап бекітіңіз.
– Аралау үстелін (41) тірелгенше солға бұрап, бекіткіш
тетікті (12) тартып қойыңыз.
– Электр құралына берік монтаждау мүмкін болмайтын
барлық керек-жарақтарды шығарып алыңыз.
– Пайдаланылмаған ара дискілерін тасымалдау үшін
мүмкіндігінше жабық контейнерге салыңыз.
– Тасымалдау үшін аралау үстелінің бүйіріндегі ұстау
ойықтарын (16) ұстаңыз.
Электр құралын тасымалдаған кезде тек
u
тасымалдау құрылғыларын пайдаланыңыз және
еш жағдайда қорғаныш құрылғыларды,
жылжымалы тұтқаны немесе қол тұтқасын
пайдаланбаңыз.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
u
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
1 609 92A 5HG | (08.04.2020)
Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін электр құралы
u
мен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Тербелу қорғағыш қаптамасы әрдайым бос жылжып өзі
жабылатын болуы керек. Сондықтан маятниктік қорғағыш
қаптама айналасындағы аумақты әрқашан таза ұстаңыз.
– Әр жұмыс қадамынан кейін шаң мен жоңқаны
жаққышпен кетіріңіз.
Сырғанақ дөңгелекті (20) жүйелі түрде тазалап тұрыңыз.
Өнімдерді олардың сақтығын қамтамасыз ететін,
өнімдерге атмосфералық жауын-шашынның тиюіне және
асқын температура көздерінің (температураның шұғыл
өзгерісінің), соның ішінде күн сәулелерінің әсер етуіне
жол бермейтін дүкендерде, бөлімдерде (секцияларда),
павильондар мен киоскілерде сатуға болады.
Сатушы (өндіруші) сатып алушыға өнімдер туралы
қажетті және шынайы ақпаратты беріп, өнімдерді
тиісінше таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
Өнімдер туралы ақпарат міндетті түрде тізімі Ресей
Федерациясының заңнамасымен белгіленген
мәліметтерді қамтуы тиіс.
Егер тұтынушы сатып алатын өнімдер әлдеқашан
пайдаланылған немесе өнімдерде ақаулық (ақаулықтар)
жойылған болса, тұтынушыға бұл туралы ақпарат берілуі
тиіс.
Өнімдерді сату процесінің аясында төмендегі қауіпсіздік
талаптары орындалуы тиіс:
– Сатушы сатып алушыға ұйымының фирмалық атауы,
орналасқан жері (мекенжайы) және жұмыс режимі
туралы мәліметтер беруге міндетті;
– Сауда бөлмелеріндегі өнімдердің сынамалары сатып
алушыға бұйымдардағы жазбалармен танысуға
мүмкіндік беруі және визуалды тексерістен басқа
бұйымдардың іске қосылуына әкелетін, сатып
алушылар өз бетінше орындайтын ешқандай
әрекеттерге жол бермеуі тиіс;
– Сатушы осы бұйымдардың белгіленген талаптарға
сәйкестігінің растамасы, сертификаттардың немесе
сәйкестік жөніндегі мәлімдемелердің бар болуы
туралы ақпаратты сатып алушыға беруге міндетті;
– Идентификациялық сипаттары жоқ (жоғалған),
жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, бұзылу белгілері бар
және пайдалану бойынша нұсқаулығы (кітапшасы),
міндетті сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік
белгісі жоқ өнімдерді сатуға тыйым салынады.
Керек-жарақтар
Шаң қабы
GTA 2500 W жұмыс үстелі
GTA 2500 Compact жұмыс үстелі
GTA 2600 жұмыс үстелі
GTA 3800 жұмыс үстелі
3 601 M43 000: ағаш пен плиталық материалдар,
панельдер мен планкаларға арналған ара дискілері
Өнім нөмірі
1 600 A01 ZE5
0 601 B12 100
0 601 B12 400
0 601 B12 300
0 601 B24 000
Bosch Power Tools