OBJ_BUCH-304-006.book Page 167 Thursday, November 19, 2015 1:47 PM
Температураны бақылау индикаторы
Температураны бақылау индикаторының 28 қызыл жарық
диоды электр құралының аккумуляторы немесе
электроникасы (аккумулятор салынған күйде) оптималды
температура аймағында болмауын білдіреді. Бұл
жағдайда электр құралы жұмыс істемейді немесе толық
қуатпен жұмыс істемейді.
Аккумулятор температурасын бақылау:
– Қызыл жарық диоды 28 аккумуляторды зарядтау
құралына салғаннан соң үздіксіз жанады: аккумулятор
зарядтау температурасының 0 °C-тан 45 °C-ге шейін
болған аралықта болмай зарядталмайды.
– Қызыл жарық диоды 28 26 пернесін немесе косқыш/
ажыратқышты 3 басқанда (аккумулятор салынған
жағдайда) жыпылықтайды: аккумулятор рұқсат етілген
пайдалану температурасының аралығында емес.
– Аккумулятор температурасы 70 °C-тан жоғары болса
электр құралы аккумулятор оптималды температурада
болмағанынша өшеді.
Электр құралы электроникасының температурасын
бақылау:
– Қызыл жарық диоды 28 косқыш/өшіргішті 3 басқанда
үздіксіз жанады: электр құралы электроникасының
температурасы 5 °C-тан төмен немесе 75 °C-тан
жоғары.
– 90 °C-тан жоғары температурада электр құралы
электроникасы пайдалану температурасы болмауынша
өшеді.
Терең заряд жоғалту қорғанысы
Литий-иондық аккумулятор "Electronic Cell Protection
(ECP)" арқылы терең заряд жоғалтудан қорғалған.
Аккумулятор заряды жоқ болса электр құралы қорғаныс
схемасы арқылы өшіріледі: алмалы-салмалы аспап басқа
қозғалмайды.
Пайдалану нұсқаулары
Аралау дискілерін соқтығысудан және соққыдан
қорғаңыз.
Электр құралды біркелкі және кесу бағытында азғантай
қысыммен жүргізіңіз. Тым қатты қысым қондырманың
қызмет көрсету мерзімін айтарлықтай қысқартады және
электр құралды зақымдауы мүмкін.
Аралаудың өнімділігі және сапасы көбінесе аралау
дискісінің күйі мен пішініне байланысты. Сондықтан тек
өткір және өңделіп жатқан материалға жарайтын аралау
дискілерін пайдаланыңыз.
Ағашты аралау
Аралау дискісін дұрыс таңдау ағаштың түріне және
сапасына, сондай-ақ, бойлай немесе көлденеңінен
аралауға байланысты.
Көлденеңінен аралау кезінде ұзын серіппелі жоңқа пайда
болады.
Емен мен шамшат шаңы денсулыққа өте зиянды,
сондықтан тек шаңсорғышпен жұмыс істеңіз.
Bosch Power Tools
Параллельді тірек бар аралау (D суретін қараңыз)
Параллельді тірек 11 дайындама жиегі бойымен дәл
аралауларды жүзеге асыруға және өлшемі бірдей
жолақтарға кесуге мүмкіндік береді.
Қосымша тірекпен бірге аралау (E суретін қараңыз)
Үлкен дайындамаларды өңдеу және түзу жиектерді кесу
үшін дайындамада қосымша тірек ретінде тақтаны немесе
рейканы бекітуге боалды және дискілік тақтаны тірек
тақтасымен бірге қосымша тіректің бойымен жүргізуге
болады.
Ілгектер (F суретін қараңыз)
Ілгектердің 1 көмегімен электр құралды сатыға іліп қоюға
болады. Бұл үшін ілгектерді 1 қажет күйде бекітіңіз.
Ілінген электр құралдың аралау дискісі кездейсоқ
тиюден қорғалған болуына назар аударыңыз.
Жарақат алу қаупі бар.
Электр құралмен қайтадан жұмыс істегіңіз келсе,
Ілгектерді 1 алыңыз.
Аккумуляторды оңтайлы пайдалану туралы нұсқаулар
Аккумуляторды сұйықтықтардан және ылғалдан
қорғаңыз.
Аккумуляторды тек –20 °C ... 50 °C температура
ауқымында сақтаңыз. Аккумуляторды жазда көлікте
қалдырмаңыз.
Аккумулятордың желдету тесігін жұмсақ, таза және құрғақ
щеткамен мұқият тазалаңыз.
Пайдалану мерзімінің айтарлықтай қысқаруы
аккумулятордың ескіргенін және ауыстыру керектігін
білдіреді.
Қоқыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды орындаңыз.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Кездейсоқ қосылғанда жарақат алу қаупі бар.
Дұрыс және сенімді істеу үшін электр құралмен
желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Маятниктік қорғағыш қаптама әрқашан еркін қозғалуы
және өз бетінше жабылуы керек. Сондықтан маятниктік
қорғағыш қаптама айналасындағы аумақты әрқашан таза
ұстаңыз. Қысылған ауамен үрлеу немесе қылшақ
көмегімен шаңды және жоңқаларды кетіріңіз.
Жабыны жоқ аралау дискілерін қышқылсыз мұнайдың
жұқа қабатымен жауып қорғауға болады. Аралау алдында
мұнайды кетіріңіз, өйткені кері жағдайда ағашта дақтар
пайда болады.
Жүздегі шайыр немесе желімнің қалдықтары кесу
сапасына әсер етеді. Сондықтан пайдаланудан кейін
аралау дискілерін тазалаңыз.
Қaзақша | 167
1 609 92A 1SY | (19.11.15)