Bosch UniversalChainPole 18 Notice Originale page 228

Perche élagueuse sans fil
Masquer les pouces Voir aussi pour UniversalChainPole 18:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 25
OBJ_BUCH-3155-002.book Page 228 Wednesday, February 28, 2018 10:04 AM
228 | Қазақша
Ара шынжырының қызмет өмірі мен кесу өнімділігі оның
майлану үйлесімділігіне байланысты. Сондықтан ара
шынжыры май бүріккіші 21 арқылы іске қосып қолданған
уақытта автоматты түрде ара шынжыры үшін арналған
арнайы майымен майланып отырады.
Май резервуарын толтыру үшін төмендегідей әрекет
етіңіз:
– Биіктікте кесу құралын оның май резервуарының
мойының қақпағымен 3 лайықты үсті үстінен жоғарығы
қарай қаратып қойыңыз.
– Май резервуары қақпағының 3 айналасын шүберекпен
тазалап алып, қақпағын бұрап шығарып алыңыз.
– Май резервуарының биологиялық тұрғыда ажырай
алатын, Бош компаниясының шынжырлы араларға
арналған майымен толтырыңыз. Рұқсат етілмеген
майларды қолдану май жүйесінің жұмыс қабілетін
төмендете алады.
– Төмен температураларда май тұтқыр болып кетіп,
осының салдарынан май өнімділігінің деңгейі азайып
кетеді.
– Май резервуарына лас түспеуіне назар аударып
жүріңіз.
– Май резервуарының қақпағын қайта бұрып жауып
қойыңыз. Құрал үстіне төгіліп қалған майды
шүберекпен тазалап алыңыз.
– Май резервуарының қақпағы тым қатты тартылып
қалмауына көз жеткізіңіз.
– Майды май жүйесіне сорғып енгізу үшін алдымен
биіктікте кескіш құралын 30 секунд бойы іске қосып,
жүргізіп алыңыз.
Ескертпе: Май резервуарын желдету үшін, май
резервуарының қақпағында шағын ауа каналдары бар.
Майдың ағып шығып кетуін болдырмау үшін, биіктікте
кескіш құралын қолданбағанда оны ылғи май
резервуарының қақпағын 3 жоғарыға қарай қаратып
көлденең тұрғызып қойыңыз.
Шынжырлы араны ауыстыру (K + L суреттерін
қараңыз)
 Шынжырлы арамен жұмыс істегенде әрқашан
қорғау қолғапшаларын киіп жүріңіз.
 1,1 мм науасы бар шапқылар үшін тек қана Бош
компаниясы арқылы рұқсат етілген ара
шынжырларын қолданыңыз.
Құрал жапқышының екі бұрандаларын босатып, 22
жапқышты шығарып алып қойыңыз.
Ара шынжыры 1 мен шапқыны 2 шынжырлы дөңгелектен
23көтеріп алыңыз.
Дөкір ара шынжырын 1 шапқыдан шығарып алып, 2
лайықты түрде кәдеге жаратыңыз.
Жаңа ара шынжырын шапқының айналасындағы науаға
енгізіңіз. Дұрыс жүріс бағытына салғаныңызға көз
жеткізіңіз. Ол үшін ара шынжырының бағытын шапқыдағы
жүріс бағытымен салыстырыңыз.
F 016 L81 582 | (28.2.18)
Жаңа ара шынжырын шынжырлы дөңгелектін үстінен, 23
шапқыны 2 маңдайшы 24 үстінен орналастырыңыз.
Бөлшектерінің барлығы дұрыс енгізіліп орнатылғанына
көз жеткізіңіз. Құрал жапқышын қайта орнына қойып, 22
бекіту бұрандаларының 25 екеуін де қайтадан бекітіп
бұрап қойыңыз.
Қолдану алдынан алдымен ара шынжырының кернеуін
тексеріңіз. Керек болса, ара шынжырын арнайы ара
шынжырларды тартқыш бұрандасымен бекітіп алыңыз 5.
Пайдалану
Қосу/өшіру (M суретін қараңыз)
Құралды Қосу үшін алдымен бұғаттау түймешігін, 14 одан
кейін Қосу/Өшіру түймешігін 16 басыңыз. Құрал іске
қосылып жұмыс істеп тұрғанда Қосу/Өшіру түймешіктерін
басып тұрыңыз. Құрал іске қосылып тұрғанда бұғаттау
түймешігін жібере салыңыз.
Электр құралын өшіру үшін қосқыш/өшіргішті жіберіңіз
16.
Энергия қуатын үнемдеу үшін электр құралын тек
пайдаланарда қосыңыз.
Литий иондық аккумулятор «Электрондық элементтерді
қорғау (Electronic Cell Protection - ECP)» арқылы терең
қуатсыздануға қарсы қорғалған. Аккумуляторы
қуатсызданып қалған құрал қорғау айырғышы арқылы
өшіріліп қойылады. Одан кейін құрал жұмыс істемей,
тоқтатылып қалады.
 Электр құралы автоматты ретте өшкеннен соң
қосқыш/өшіргішті басқа баспаңыз. Әйтпесе
аккумулятор зақымдануы мүмкін.
Жұмыс бойынша нұсқаулар
(N суретін қараңыз)
Арамен кесу алдынан
Араны іске қосу алдынан және әрдайым арамен кесу
барысында төмендегідей тексеру жұмыстарын өткізуіңіз
лазым:
– Биіктікте кесу құралы жұмысқа лайықты қалпында ма?
– Май резервуары толтырылған ба? Май дәрежесін
көрсеткішін жұмыс алдында және үнемі түрде жұмыс
барысында тексеріп жүріңіз. Май дәрежесі май
көрсеткішінің төменгі белгісіне жеткенде үстінен май
құйып толтырыңыз. Бір толық май құйылуы, жұмыс
үзілістері мен жұмыс ауырлығына қарай, шамамен
15 минут үшін жетеді.
– Ара шынжыры лайықты түрде керілген және қайралған
қалыпта ма?
Жалпы жүріс-тұрыс ережелері
Ара шынжыры ағашпен жұмыс істеу алдынан толық
жылдамдылықпен істеп тұруы тиіс. Тілікше жасағанда
көмек ретінде бағыттаушы қорғаушысын қолданыңыз.
Bosch Power Tools

Publicité

Table des Matières
loading

Ce manuel est également adapté pour:

3 600 hb3 1 série

Table des Matières