Bosch GO Professional Notice Originale page 241

Masquer les pouces Voir aussi pour GO Professional:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 30
Қазақ | 241
Солға айналу: бұрандаларды босату немесе бұрап шығару үшін айналу бағытын
ауыстырып-қосқышты (5) артқа жылжытыңыз.
Шпиндельді бұғаттау (C суретін қараңыз)
Шпиндельді бұғаттау үшін айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (5) ортаңғы күйге
жылжытыңыз.
Бұл аккумулятор заряды таусылғанда да бұрандаларды бұрап кіргізу немесе электр
құралын бұрауыш ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.
Айналу моментін алдын ала таңдау
Айнау моментін алдын ала таңдауға арналған реттегіш сақинаның (3) көмегімен
қажетті айналу моментін 6 қадам бойынша таңдауға болады. Реттелген айналу
моментіне жеткенде электр құралы тоқтап қалады.
1-қадам:
Шағын диаметрлі немесе жұмсақ дайындамадағы бұрандаларды бұрап кіргізуге
арналған төменірек айналу моменті.
6-қадам:
Үлкен диаметрлі немесе қатты дайындамадағы бұрандаларды бұрап кіргізуге
арналған жоғарырақ айналу моменті.
Қосу/өшіру
Электр құралын қолданысқа енгізудің екі мүмкіндігі бар.
– Шпиндельді басып, осы күйде ұстап тұрыңыз. Өшіру үшін шпиндельден
қысымды босатыңыз.
– Ажыратқышты (4) басыңыз. Өшіру үшін ажыратқышты (4) жіберіңіз.
Артық жүктемеден жылу қорғанышы
Тағайындалуына сәйкес пайдалансаңыз, электр құралы артық жүктелмейді. Асқын
жүктелгенде немесе аккумулятор температурасы ұйғарынды мөлшерден асып
кетсе, электроника электр құралын тиісті температура аймағына қайту үшін
автоматты өшіреді.
Терең заряд жоғалту қорғанысы
Литий-иондық аккумулятор "Electronic Cell Protection (ECP)" (электрондық
элементтерді қорғау) арқылы терең заряд жоғалтудан қорғалған. Аккумулятор
заряды жоқ болса электр құралы қорғаныс схемасы арқылы өшіріледі: алмалы-
салмалы аспап басқа қозғалмайды.
Bosch Power Tools
1 609 92A 56G | (10.09.2019)

Hide quick links:

Publicité

Table des Matières
loading

Ce manuel est également adapté pour:

Go 2

Table des Matières