180 | Қазақ
Сезімтал беттерге сызат түсіруге жол бермеңіз..
Сыртқы USB құрылғыларын зарядтау (B суретін қараңыз)
Сыртқы USB құрылғыңыз аккумуляторлық шамның USB Type-C®
u
жалғағышы арқылы зарядтауға қолдау көрсететінін тексеріңіз.
"Техникалық мәліметтер" тарауындағы мәліметтерді ескеріңіз.
USB құрылғыңыздың зарядтағыш кабелін USB Type-C® шығысына (9) жалғаңыз.
Зарядтау процесін бастау үшін аккумуляторлық шамның USB түймесін (3) басыңыз.
Заряды толық аккумулятор анықталғаннан кейін, зарядтау процесі аяқталады.
Сыртқы USB құрылғысы аккумуляторының зарядын үнемдеу үшін зарядтағыш
кабельді USB Type-C® шығысынан (9) ажыратыңыз.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Аккумуляторды тасымалдау және сақтау үшін аккумуляторлық шамнан
u
шығарып алыңыз. Жарық ауыстырып-қосқышы қате қолданылған жағдайда,
қатты қызу және өрт қаупі туындайды.
Аккумуляторлық фонарь техникалық қызмет көрсетуді қажет етпейді және
ауыстыруды немесе қызмет көрсетуді қажет ететін элементтерді қамтымайды.
Зақымдарды болдырмау үшін аккумуляторлық фонарьдың пластик дискісін тек
құрғақ, жұмсақ шүберекпен тазалаңыз. Жуғыш заттарды немесе еріткіштерді
пайдаланбаңыз.
Егер жарық көзі бұзылған болса, аккумуляторлық шамды алмастыру қажет болады.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану кеңестері
Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және оған техникалық қызмет көрсету,
сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Құрамдас
бөлшектер бойынша кескін мен қосалқы бөлшектер туралы мәліметтер төмендегі
мекенжай бойынша қолжетімді:
www.bosch-pt.com
Bosch қызметтік кеңес беру тобы біздің өнімдер және олардың керек-жарақтары
туралы сұрақтарыңызға жауап береді.
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру кезінде міндетті түрде
өнімнің фирмалық тақтайшасындағы 10 таңбалы өнім нөмірін беріңіз.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен электр құралын жөндеу және
кепілді қызмет көрсету барлық мемлекеттер аумағында тек "Роберт Бош" фирмалық
немесе авторизацияланған қызмет көрсету орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ!
1 609 92A 93A | (15.12.2023)
Bosch Power Tools