Бақ қайшылары үшін қауіпсіздік
нұсқаулықтары
Ауа райы нашар болып тұрған жағдайларда,
u
әсересе найзағай түсу қауібі пайда болғанда,
секаторды пайдаланбаңыз. Құралды осындай ауа
райы жағдайларында қолданбау найзағай түсу қауібін
азайтады.
Электр қуатқа қосу кабелін және электр тоқ
u
өткізетін кабельдерін бұталар кесу аумағынан
ұзақта ұстаңыз. Электр қуатқа қосу кабелі немесе
электр тоқ өткізетін кабельдері бұталар немесе тал-
шіліктер арасында, көрінбейтін түрде орналасып
жатып, пышақ арқылы кесііліп кетуі мүмкін.
Құлақ сақтағышын киіңіз. Лайықты қорғаныш
u
құралдары жарақаттану қаупін төмендетеді.
Секаторды тек қана оның оқшауланған
u
тұтқаларынан ұстаңыз, себебі құрал пышағы
көзбен көрінбейтін тоқ кабелдеріне тиіп қалуы
мүмкін. Құрал пышақтары кезкелген электр кернеу
өткізгіш кабелдеріне жанасып тиіп кетуі бақ
қайшысының металдан жасалған бөлшектерін кернеу
астына қойып, электр соққыға апаруы мүмкін.
Дене мүшелердің барлығын құрал пышағынан
u
алыс ұстаңыз. Пышақ іске қосылып жұмыс істеп
тұрғанында кесілген заттарды электр құралдан
шығармаңыз, немесе кесілетін материалдарды
ұстамаңыз. Пышақтар құрал өшіріліп қойылғаннан
кейін де әлі жылжып тұрады. Бақ қайшысын
қолданғанда бір сәт алаңғасарлық пен абайсыздық
ауыр апаттарға апара алады.
Құралда қысылып қалған заттарды алып тастау
u
алдынан немесе құралда күтім жұмыстарын өткізу
алдынан алдымен Қосу/Өшіру түймелердің
барлығы өшіріліп, және аккумулятор құралдан
шығарылып немесе ажыратылып қойылғанына
көз жеткізіңіз. Құрал ішінде қысылып қалған
заттарды алу барысында немесе құралды күту
жұмыстарын өткізу барысында бақ қайшысының өз-
өзімен іске қосылып кетуі ауыр жаралануларға апара
алады.
Секаторды тасымалдағанда, оның пышағы
u
өшіріліп және тоқтап тұрғанда, тұтқасынан ұстап
тасымалдаңыз және құралдың Қосу/Өшіру
түймесінің басылып қалмауына назар аударыңыз.
Бақ қайшысын ұқыпты түрде ұстап тасымалдау
құралдың өз-өзімен іске қосылып кету қауібін және
осының саласынан пайда бола алатын жаралану
қауіптерін азайтады.
Бақ қайшысын тасымалдаған немесе сақтаған
u
уақытта пышақтарды үстінен әрқашан қорғау
жапқышымен жауып қою керек. Бақ қайшысын
ұқыпты түрде қолдану оның пышағынан пайда бола
алатын жаралану қауібін азайтады.
Bosch Power Tools
Қосымша қауіпсіздік нұсқаулықтары
Бұл құралдың құрамында магниттер бар - Магнитті
u
ешбір имплантаттар және басқа медициналық
құралдардың жанына, мысалы жүрекширатқыш
(кардиостимулятор) немесе инсулин сорғысы,
магниттік деректер тасығыштар және магниттік
тұрғыдан сезімтал құралдардың жанына
жақындатпаңыз. Магнит арқылы медициналық
құралдарының жұмысына жағымсыз әсер ете алатын
немесе деректердің қайтымсыз жоғалуына апара
алатын өріс туындауы мүмкін.
Бұл құрал физикалық, сенсорлық немесе психикалық
u
қабілеттері шектелген, немесе бұл құралды қолдану
үшін керекті тәжірибесі және/немесе білімі болмаған
адамдар арқылы (осылардың арасында балалар да)
тек өздерінің бақылау астында болып, немесе осы
құралды қауіпсіз түрде қолдану бойынша
нұсқаулармен танысып, мүмкін бола алатын
тәуекелдермен танысқаннан кейін ғана қолданыла
алады.
Балалардың электр құралымен ойнамауын
қамтамасыз ету үшін балаларға қарап жүруіңіз керек.
Электр құралды пайдалануда оны екі қолмен берік
u
ұстап, тұрақты қалыпта тұрыңыз. Электр құралы екі
қолмен сенімді басқарыла алынады.
Бұйымды қолдану алдында құралдың сақтандыру
u
құрылғылары мен тұтқаларының барлығы
орнатылып қойылғанын тексеріңіз. Құрал
толығымен құрастырылып орнатылмаған жағдайда
немесе құралда рұқсат етілмеген өзгертулері
өткізілген жағдайларда құралды ешқашан іске қосып
қолданбаңыз.
Құралды қолдану алдынан оның пышақ деңгегін
u
әрқашан күту бүріккіш спрэймен майлап өңдеңіз.
Электр құралын жерге қою алдынан алдымен оның
u
әбден тоқтауына дейін күтіңіз.
Электр бұйым қолданылып жатқан уақытта оның
u
аймағында 3 метрлік аралық ішінде басқа адамдар
немесе жануарлардың болмауы қажет. Жұмыс
өткізіліп жатқан аумақта электр бұйым қолданушы
үшінші тараптарға қарай жауапты болады.
Бақ қайшысын ешқашан пышақ діңгегінен ұстамаңыз.
u
Балаларға немесе осы қолдану нұсқаулармен таныс
u
болмаған адамдарға бақ қайшысын қолдануға рұқсат
етпеңіз. Құрал қолданылып жатқан елдегі ұлттық
заңдар мен ережелері арқылы қолданушы жасының
шектелуі мүмкін.
Жақын жерде басқа адамдар, әсіресе балалар немесе
u
үй жануарлары бар болғанда бақ қайшысын ешқашан
сыртқа шығарып қолданбаңыз.
Электр бұйым иесі немесе қолданушысы басқа
u
адамдардың денсаулығына немесе осылардың
мүлігіне түскен апаттар немесе шығындар үшін
жауапты болады.
Аяқ киімін кимей немесе жеңіл ашық сандалын ғана
u
киіп жүргеніңізде бақ қайшысын қолданбаңыз.
Қазақ | 167
F 016 L94 792 | (08.08.2024)