Télécharger Imprimer la page

Electrolux EIS82453 Notice D'utilisation page 259

Publicité

• Егер экранда E3 коды көрінсе, плитаны
дереу ажыратып, электр қосылымы мен
желі кернеуінің дұрыстығын тексеріңіз.
2.3 Пайдалану
АБАЙЛАҢЫЗ!
Жарақат алу, күйіп қалу және тоқ соғу
қаупі бар.
• Бұл құрылғының техникалық
сипаттамасын өзгертпеңіз.
• Бірінші рет пайдалану алдында бүкіл
орауышты, жапсырмаларды және
қорғағыш пленканы (тиісті болса) алып
тастаңыз.
• Желдету саңылауларының бітелмегенін
тексеріңіз.
• Жұмыс істеп тұрған құрылғыны
назардан тыс қалдырмаңыз.
• Пісіру аймағын қолданып болғаннан
кейін әрқашан «off» (өшіру) күйіне
орнатыңыз.
• Пісіру аймақтарына пышақтарды
немесе кәстрөл қақпақтарын қоюға
болмайды. Олар ыстық болуы мүмкін.
• Құрылғыны дымқыл қолдармен немесе
суға тиіп тұрғанда пайдаланбаңыз.
• Құрылғыны жұмыс беті немесе сақтау
беті ретінде пайдаланбаңыз.
• Егер құрылғының беті жарылса,
құрылғыны қуат желісінен дереу
ажыратыңыз. Бұл ток соғуын
болдырмау үшін істеледі.
• Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда,
жүрекширатқышы бар пайдаланушылар
индукциялық пісіру аймақтарынан
кемінен 30 см аралықта болуы қажет.
• Тағамды ыстық майға қойсаңыз, ол
шашырауы мүмкін.
• Егер осы құрылғының өндірушісі
басқаша көрсетпесе, пісіру беті мен
ыдыс арасында алюминий фольга
немесе басқа материалдарды
пайдаланбаңыз.
• Бұл құрылғыда өндіруші ұсынған
аксессуарларды ғана пайдаланыңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ!
Өртену және жарылу қаупі бар.
• Қыздырғанда майлардан тұтанғыш
булар бөлінуі мүмкін. Майлармен
пісіргенде, отты немесе қыздырылған
заттарды алыс ұстаңыз.
• Өте ыстық майдан бөлінетін булар
өздігінен өртенуі мүмкін.
• Құрамында тамақ қалдықтары болуы
мүмкін пайдаланылған май бірінші рет
пайдаланылған майға қарағанда
төменірек температурада өртенуі
мүмкін.
• Тұтанғыш өнімдерді немесе тұтанғыш
өнімдермен ылғалдандырылған
заттарды құрылғының ішіне, жанына
немесе үстіне қоймаңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ!
Құрылғыға зақым келу қаупі бар.
• Басқару тақтасында ыстық ыдыстарды
сақтамаңыз.
• Ыстық табаның қақпағын пештің ыстық
әйнек бетіне қоймаңыз.
• Ыдысты құрғақ болғанша қайнатпаңыз.
• Құрылғының үстіне заттардың немесе
ыдыстардың құлауына жол бермеңіз.
Бет зақымдалуы мүмкін.
• Әзірлеу аймақтарын бос ыдыс қойып
немесе ыдыссыз белсендірмеңіз.
• Құйылған шойыннан жасалған немесе
астына нұқсан келген ыдыстар, шыны/
шыны керамика бетке сызат түсіреді.
Әзірлеу бетінде жылжыту керек
болғанда әрқашан осы заттарды
жоғары көтеріңіз.
2.4 Күту және тазалау
• Құрылғының бетіндегі материалдың
сапасы түспес үшін мезгіл-мезгіл
тазалаңыз.
• Тазалау алдында құрылғыны өшіріп,
суытыңыз.
• Құрылғыны дымқыл жұмсақ шүберекпен
тазалаңыз. Бейтарап жуғыш заттарды
ғана қолданыңыз. Егер басқасы
көрсетілмесе, жеміргіш өнімдерді,
түрпілі жөкелерді, еріткіштерді немесе
металл заттарды пайдаланбаңыз.
2.5 Қызмет
• Құрылғыны жөндеу үшін уәкілетті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз. Тек түпнұсқалық
қосалқы бөлшектерді пайдаланыңыз.
ҚАЗАҚ
259

Publicité

loading