Télécharger Imprimer la page

Hilti DWS 225 Mode D'emploi page 155

Masquer les pouces Voir aussi pour DWS 225:

Publicité

Қызмет көрсету
ЕСКЕРТУ
Зақымдалған кабельден қауіп бар! Егер жұмыс барысында желілік немесе ұзартқыш кабельге зақым тисе, аспап пен кабельді дереу
желіден ажыратыңыз. Бүлінген жерлерге тимеңіз!
Барлық жалғағыш сымдарды жүйелі түрде тексеріп тұрыңыз. Бүлінген ұзартқыш кабельді алмастырыңыз. Зақымдалған желілік
сымдарды ресми техник маманға жөндетіңіз.
Әдетте макс. өшіру тогы 30 мА шамасында болған кезде жылыстау тогынан қорғау автоматын (RCD) қолдану ұсынылады.
Қосу
Қосу/өшіру түймесін басыңыз.
Көп мақсатты жарық диоды жасыл түспен жанып тұр.
Назар аударыңыз! Электр аспабы іске қосылған кезде бірден айналу моментін шығарады.
Электр аспабын мүмкіндігінше әрдайым құрылыстық шаңсорғышпен бірге қолданыңыз.
Ажарлау
1. Қалаған жылдамдықты орнатыңыз. Ол үшін "Айналу жиілігін көтеру / төмендету" түймесін қолданыңыз.
Айналу жиілігін 4 000 және 8 000 айн/мин аралығындағы диапазонда реттеуге болады. Реттелген айналу жиілігі жарық диодында
көрсетіледі.
2. Электр аспабын бүкіл ажарлау бетімен өңделетін бетке қойыңыз.
3. Іске қосу / тоқтату түймесін басыңыз.
Ажарлау процесі басталады
4. Электр аспабын, айтарлықтай күш қолданып, өңделетін беттің үстінен жылжытыңыз.
Ажарлау процесін аяқтау
1. Ажарлау процесін аяқтамай тұрып, электр құралын өңделетін беттен алыңыз.
Кері жағдайда егеуқұм қағазының тым жоғары жылдамдығына байланысты өңделетін бетте атыз пайда болуы мүмкін.
2. Іске қосу / тоқтату түймесін басыңыз.
Өшіру
1. Қосу/өшіру түймесін басыңыз.
2. Электр аспабын, тәрелкелі ажарлағыш дөңгелек айналуын тоқтатқаннан кейін ғана сақтауға қойыңыз.
Күтім және техникалық қызмет көрсету
ЕСКЕРТУ
Ток соғу қаупі бар! Желілік аша енгізіліп тұрған кезде күтім және техникалық қызмет көрсету ауыр жарақаттарға және өртке апарып
соғуы мүмкін.
Кез келген күтім және техникалық қызмет көрсету жұмысын орындамас бұрын желілік ашаны әрдайым суырып алыңыз!
Аспапты күту
Қатты жабысқан кірді мұқият кетіріңіз.
Желдету ойықтарын құрғақ қылшақпен жайлап тазалаңыз.
Корпусты тек сәл суланған шүберекпен тазалаңыз. Ешқандай силикон қамтитын күтім құралдарын пайдаланбаңыз, өйткені олар
пластмасса бөлшектерін зақымдауы мүмкін.
Техникалық қызмет көрсету
ЕСКЕРТУ
Ток соғу қаупі! Электрлік құрамдас бөлшектерді қате жөндеу ауыр жарақаттану мен өртке апарып соғуы мүмкін.
Аспаптың электр бөлігін жөндеуді тек маман-электрикке тапсырыңыз.
Барлық көзге көрінетін бөлшектерде зақымдардың бар-жоғын және басқару элементтерінің ақаусыз жұмысын жиі тексеріп тұрыңыз.
Өнім зақымдалған және/немесе ақаулы болған жағдайда оны пайдаланушы болмаңыз. Бірден Hilti қызмет көрсету орталығына
жөндетіңіз.
Күтім және техникалық қызмет көрсету жұмыстарынан кейін барлық қорғауыш құрылғыларды орнатып, жұмысын тексеріңіз.
Қауіпсіз қолдану үшін тек түпнұсқа қосалқы бөлшектер мен жұмсалатын материалдарды қолданыңыз. Біз рұқсат еткен қосалқы
бөлшектер, шығын материалдары мен өнімге арналған керек-жарақтар Hilti Store дүкенінде немесе келесі веб-сайтта қолжетімді:
www.hilti.group.
4
Монтаждық түйіндер
Шпиндель мен мойынтірек түйіні
@
Ажарлағыш бастиек
;
Ажарлағыш бастиектің бекіткіш бұрандасы
=
Тәрелкелі ажарлағыш дөңгелекті ауыстыру
Қажетті құрал: 19 мм ішкі алты қырлы бүйірлік бастиек және алты қырлы бұрауыш.
1. Ашаны розеткадан шығарыңыз.
2. Бұрандалы қақпақты алып тастаңыз.
3. Тәрелкелі ажарлағыш дөңгелек бұрандасын босатыңыз.
*2301586*
4
2301586
Бұранданың қақпағы
%
Бекіткіш бұрандалары бар тәрелкелі ажарлағыш
&
дөңгелек
152

Publicité

loading