Қақтан тазарту картриджін ауыстыру
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
Құрылғыны зақымдау жəне қызмет көрсету
мерзімінің қысқартылуы
Қақты жинақтау патронын ауыстыру
аралықтарын сақтамау (басқару шамы
индикациясы) құрылғыны зақымдауы жəне қызмет
көрсету мерзімін қысқартуы мүмкін.
Ауыстыру аралықтарын (басқару шамы
индикациясы) сақтаңыз.
Нұсқау
Бакты суға толтырып, құрылғыны іске қосқаннан
кейін, қақтан тазарту картриджінің қаққа қарсы
əрекеті іске қосылады. Судағы қақ қақтан тазарту
картриджіндегі түйіршіктермен сіңіріледі.
Қосымша қақтан тазарту талап етілмейді.
Нұсқау
Қақтан тазарту картриджіндегі түйіршіктер
сумен жанасқаннан кейін түсі өзгеруі мүмкін, бұл
судың құрамында минералдардың болуына
байланысты. Мұндай түс өзгеру зиянсыз болып
табылады жəне құрылғыға, тазалау жұмысына
немесе қақтан тазарту картриджінің жұмысына
кері əсерін тигізбейді.
Жұмыс уақыты аяқталған кездегі бақылау шамы
Бақылау шамы қақтан тазарту картриджін қашан
ауыстыру қажет екендігін көрсетеді.
● Бақылау шамы жұмыс уақытының аяқталуына
1 сағат қалғанда қызыл болып жыпылықтайды.
Сурет R
● Қақтан тазарту картриджінің жұмыс уақыты
таусылғанда бақылау шамы тез жыпылықтайды.
Құрылғының зақымдалуын болдырмау үшін
сорғы автоматты түрде өшеді (су буы жоқ).
Қақтан тазарту картриджін орнату
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
Құрылғыны зақымдау қаупі
Бұрын пайдаланылған қақты жинақтау патронын
орнату құрылғыны зақымдауы мүмкін.
Патрондарды ауыстырып алмау үшін, абайлап
жұмыс істеңіз.
---
1-де. Қақтан тазарту картриджін шығарып, қайта
орнатқаннан кейін булау кезінде бу суреті əлсіз
немесе тұрақты емес болуы мүмкін жəне жеке су
тамшылары ағып кетуі мүмкін. Құрылғыға қақтан
тазарту картриджіне су толтыратын қысқа іске
қосу уақыты керек. Максималды бу мөлшеріне
50 секунд ішінде қол жеткізілмесе, шығатын будың
мөлшері тұрақты түрде көбейе береді.
Нұсқау
Су багын алып тастау арқылы, қақтан тазарту
картриджін оңай шығарып, қайта орнатуға
болады.
1. Желі істікшесін токтан ажыратыңыз.
Сурет N
2. Бак қақпағын алып тастаңыз.
3. Қақтан тазарту картриджін алыңыз.
4. Жаңа қақтан тазарту картриджін салыңыз жəне
ол орнына түскенше басыңыз.
Сурет S
5. Бу тетігін басып, желі істікшесін розеткаға
қосыңыз.
6. Бу тетігін 7 секунд басып ұстап тұрыңыз.
Сурет T
140
7. Қалпына келтіру сəтті орындалғаннан кейін
құрылғы 2 рет жасыл болып жыпылықтайды,
содан кейін қыздыру режиміне ауысады.
8. Қақтан тазарту картриджінен ауаны шығару үшін,
бу тетігін шамамен 50 секунд басып ұстап
тұрыңыз.
Толымдаушыларға күтім көрсету
(Жеткізілуіне қарай толымдаушылар)
Нұсқау
Микрофазадан жасалған майлық кептіргіште
кептіруге арналмаған.
Нұсқау
Маталарды жуу үшін, жуу затбелгісіндегі
нұсқауларды орындаңыз. Майлықтар ласты жақсы
сіңіре алуы үшін, жұмсақ шайғышты
пайдаланбаңыз.
1. Еден маталарын кір жуғыш машинада ең көбі
60°C температурасында жуыңыз.
Ақаулар кезіндегі көмек
Ақаулардың себептері көп жағдайда келесі шолуды
пайдалану арқылы өздігінен жоюға болатындай
қарапайым болады. Күдіктер болса немесе осы
жерде көрсетілмеген ақаулар болған кезде, рұқсат
етілген сервистік орталыққа хабарласыңыз.
ЕСКЕРТУ
Күйіктер қаупі жəне электр тогынан жарақат
алу
Құрылғы қуат көзіне қосылу кезде немесе суымаған
кзде, ақауларды жою қауіпті.
Желілік штекерді розеткадан шығарып алыңыз.
Құрылғыны суытыңыз.
Бактегі судың жеткілікті мөлшеріне қарамастан
будың жоқтығы/жеткіліксіз мөлшері
Қақтан тазарту картриджі орнатылмаған немесе
дұрыс орнатылмаған.
Қақтан тазарту картриджін орнатыңыз жəне/
немесе қақтан тазарту картриджі бакта берік
бекітілгенін тексеріңіз, қажет болған жағдайда
оны қайтадан басыңыз.
Қақтан тазарту картриджін суды толтыру кезінде
шығарылған жəне/немесе жаңа қақтан тазарту
картриджі салынған
Толтыру кезінде қақтан тазарту картриджін үнемі
су багында қалдырыңыз.
Бу тетігін үздіксіз басып ұстап тұрыңыз.
Шамамен 50 секундтан кейін будың толық
өнімділігіне қол жеткізіледі.
Бақылау шамы тұрақты түрде қызыл болып
жыпылықтайды
Жуырда қақтан тазарту картриджінің мерзімі
аяқталады.
Жаңа қақтан тазарту картриджін орнатыңыз,
бөлімін қараңыз Қақтан тазарту картриджін
орнату.
Бактегі судың жеткілікті мөлшеріне қарамастан
будың жоқтығы. Бақылау шамы қызыл болып
тез жыпылықтайды.
Қақтан тазарту картриджінің мерзімі аяқталуға таяп
қалды
Жаңа қақтан тазарту картриджін орнатыңыз,
бөлімін қараңыз Қақтан тазарту картриджін
орнату.
Егер жаңа қақтан тазарту картриджі орнатылса
жəне бұл қате қайта-қайта шыға берсе, қалпына
келтіру процесі дұрыс жүргізілмеген болуы
Қазақша