Пайдалану
Іске қосу
Аккумуляторды орнату
Зарядталған аккумуляторды (1) аккумулятор орнына сырт еткен дыбыс естілгенше
енгізіңіз.
Қосу/өшіру
Аккумуляторлық шамды іске қосу үшін ажыратқышты (4) басыңыз.
Аккумуляторлық шамды өшіру үшін ажыратқышты (4) қайтадан басыңыз.
Пайдалану нұсқаулары
Ілгектер (A суретін қараңыз)
Ілгектердің (5) көмегімен аккумуляторлық шамды бөгде затқа бекітуге болады.
Жарық бастиегін қайыру (B суретін қараңыз)
Пайдалану әдісіне сәйкес жарық бастиегін (3) 6 деңгейге қайыруға болады.
Ықтимал пайдалану мысалдары:
– Бөлмені жарықтандыру
– Жұмыс орнын жылтылдаусыз жарықтандыру
– Еденді жарықтандыру
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Аккумуляторлық фонарьмен кез келген жұмыстарды (мысалы, орнату,
u
қызмет көрсету және т.б.) бастамай тұрып, сондай-ақ, аккумуляторлық
фонарьды тасымалдау және сақтау кезінде аккумуляторды алыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін тудырады.
Аккумуляторлық фонарь техникалық қызмет көрсетуді қажет етпейді және
ауыстыруды немесе қызмет көрсетуді қажет ететін элементтерді қамтымайды.
Зақым келтірмеу үшін аккумуляторлық шамның әйнек пластинкасын тек құрғақ әрі
жұмсақ шүберекпен тазалаңыз. Жуғыш заттарды немесе еріткіштерді
пайдаланбаңыз.
Bosch Power Tools
Қазақ | 143
1 609 92A 5X5 | (08.10.2021)