АСПАПТЫ КҮТІП ҰСТАУ
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ
ҚОРҒАУ
1. Пешті электр желісінен өшіріңіз.
2. Пеш қуысын тазалықота ұстаңыз. Тағам бөлшектері немесе
сусын пештің қабырғаларына тисе, оларды ылғал түберекпен
сүртіңіз. Абразивті және агрессивті тазарту құралдарын
пайдалану ұсынылмайды.
3. Пештің ішкі бетін ылғал шүберектің көмегімен тазарту керек.
Пештің ішіндегі функционалдық бөлшектердің зақымдануын
болдырмас үшін, судың желдету тесіктеріне түспеуін
қадағалаңыз.
4. Судың басқару панеліне түспеуін қадағалаңыз. Оны
жұмсақ ылғал шүберекпен сүртіңіз. Басқару панелі тазарту
үшін абразивті және агрессивті тазарту құралдарын
пайдаланбаңыз.
5. Егер пештің жанында бу жиналса, пешті ылғал шүберекпен
сүртіңіз. Бұл үй-жайда жоғары ылғалдылық деңгейі болғанда
орын алады.
6. Пештің ішіндегі жағымсыз иісті жою үшін, терең ыдысқа
бір шынаяқ су құйыңыз және бір лимонның шырыны мен
цедрасын қосыңыз. Пештің 5 минутқа қосыңыз, содан кейін
оны жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
7. Доңғалақшалары бар тіректі және түбін пештің жұмыс істеу
барысында шуды болдырмау үшін жиі тазартып отыру керек.
Оларды жұмсақ детергент, су немесе шыны жууға арналған
құралымен сүрту керек. Даярлау барысында буланулар пайда
болады, бірақ олар пештің беттері мен тіреу дөңгелектері үшін
залалсыз. Сіз пештің барлық жабдығын орнына қайтарғанда,
олардың дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.
8. Пештің ішінен шығатын жағымсыз иісті кетіру үшін, терең
ыдысқа бір кесе су құйыңыз да, оған шырын мен бір
лимонның ұнтағын қосыңыз. Пешті 5 минутқа іске қосыңыз,
содан кейін оны жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
Қызмет мерзімі аяқталғаннан кейін аспапты тұрмыстық
қалдықтармен бірге тастамаңыз. Оны әрі қарай кәдеге жарату үшін
мамандандырылған орынға тапсырыңыз. Осылайша сіз қоршаған
ортаны қорғауға көмектесесіз.
273