үшін оны алғаш рет пайдаланудан алдын толық
зарядтаңыз.
Литий-иондық аккумуляторды пайдалану мерзімін
қысқартусыз кез келген уақытта зарядтауға болады.
Зарядтау процесін үзу аккумулятордың зақымдалуына
әкелмейді.
Литий-иондық аккумулятор "Electronic Cell Protection
(ECP)" (электрондық элементтерді қорғау) арқылы терең
заряд жоғалтудан қорғалған. Аккумулятор заряды жоқ
болса электр құралы қорғаныс схемасы арқылы
өшіріледі: алмалы-салмалы аспап басқа қозғалмайды.
Электр құралы автоматты өшкеннен соң қосқыш/
u
өшіргішті енді басушы болмаңыз. Әйтпесе
аккумулятор зақымдануы мүмкін.
Аккумуляторды шешу (A суретін қараңыз)
Аккумуляторды (6) шығару үшін аккумуляторды босату
түймесін (5) басыңыз және аккумуляторды электр
құралынан төменге қарай шығарыңыз. Осы кезде күш
салмаңыз.
Жұмыс құралын ауыстыру
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
u
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
GDR 120-LI:
Енгізу құралын енгізу (B суретін қараңыз)
Бекіту төлкесін (2) алға тартып, алмалы-салмалы аспапты
тірелгенше аспап патронына (1) жылжытып, бекіту
төлкесін (2) жіберіп, алмалы-салмалы аспапты бекітіңіз.
Басқа бұрауш биттерді (13) шарлық ысырмасы бар
әмбебап бит ұстағышы (12) арқылы орнатыңыз.
Алмалы-салмалы аспапты шығарыңыз
Бекіту төлкесін (2) алдынға жылжытып алмалы-салмалы
аспапты шешіңіз.
GDS 120-LI: (C суретін қараңыз)
Алмалы-салмалы аспаптарды орнатқанда олардың
u
аспап патронында бекем тұруына көз жеткізіңіз.
Алмалы-салмалы аспап аспап патронымен бекем
біріктірілген болмаса, ол бұрау кезінде босап кетуі
мүмкін.
Алмалы-салмалы аспапты (14) аспап патронының (1)
квадратына салыңыз.
Жүйеге байланысты ретте алмалы-салмалы аспап (14)
аспап патронында (1) аздап бос тұрады; бұл жұмыс
істеуіне/қауіпсіздігіне әсер етпейді.
Bosch Power Tools
Пайдалану
Функционалды жұмыс істеу әдісі
Аспап патроны (1) алмалы-салмалы аспаппен электр
қозғалтқыштан беріліс пен қағу механизмі арқылы
жүргізіледі.
Жұмыс барысы екі фазаға бөлінеді:
Бұрап бекіту және Тарту (қағу механизмі жұмыс істейді).
Қағу механизмі бұранда қатып қозғалтқыш жүктелгенде
іске қосылады. Қағу механизмі де осылай қозғалтқыш
күшін бір қалыпты бұрап қағуларға айналдырады.
Бұранда немесе сомындарды босатуда бұл әдіс керісінше
орындалады.
Пайдалануға ендіру
Аккумуляторды орнату
Айналу бағытының ауыстырып-қосқышын (7) ұяшыққа
бекітілгенін және ұяшыққа берік тиіп тұрғанын сезгенше
салыңыз. Зарядталған аккумуляторды (6) разъемға
бекітілгенін және разъемға тығыз тиіп тұрғанын сезгенше
салыңыз.
Бұрау бағытын реттеу (D суретін қараңыз)
Айналу бағытының ауыстырып-қосқышы (7) көмегімен
айналу бағытын өлшеуге болады. Бірақ қосқышты/
өшіргішті (8) басқанда бұл мүмкін емес.
Оң жаққа айналу бағыты: бұрандаларды бұрап кіргізу
және сомындарды тарту үшін айналу бағытының
ауыстырып-қосқышын (7) солға тірелгенше басыңыз.
Сол жаққа айналу бағыты: бұрандалар мен
сомындарды босату немесе бұрап алу үшін айналу
бағытының ауыстырып-қосқышын (7) оңға тірелгенше
басыңыз.
Берілістің механикалық таңдалуы
Берілісті таңдау ауыстырып-қосқышын (3) электр
u
құрылғысы тоқтап тұрғанда ғана пайдаланыңыз.
Беріліс ауыстырып-қосқышы (3) арқылы 2 айналу
жиілігінің диапазонын таңдауға болады.
I беріліс:
Төмен айналымдар саны; үлкен бұрғылау диаметрімен
бұрау немесе жұмыс істеу үшін.
II беріліс:
Жоғары айналымдар саны; кіші бұрғылау диаметрімен
жұмыс істеу үшін.
Беріліс ауыстырып-қосқышы (3) тірелгенше бұралмаса,
редуктор шпинделін бұрғымен айналдырыңыз.
Қосу/өшіру
Электр құралды қосу үшін қосқышты/өшіргішті (8) басып
тұрыңыз.
Шырақ (9) косқыш/өшіргішті (8) жай немесе толық
басылғанда жеткіліксіз болған жарық жағдайында жұмыс
аймағын жарықтандырады.
Электр құралды өшіру үшін қосқышты/өшіргішті (8)
жіберіңіз.
Қазақ | 129
1 609 92A 7TL | (04.08.2022)