140 | Қазақ
Жинау
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
u
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Электр құралын (мысалы қызмет көрсету,
u
аспаптарды алмастыру т.б.) пайдалануда және
оларды тасымалдау және сақтауда айналу
бағытының реттеушісін орта күйге жылжытыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Аккумуляторды зарядтау (A суретін қараңыз)
Тек техникалық мәліметтерде жазылған зарядтау
u
құралдарын пайдаланыңыз. Тек қана осы зарядтау
құралдары сіздің электр құралыңыздың ішінде литий-
иондық аккумулятормен сәйкес.
Нұсқау: аккумулятор ішінара зарядталған күйде
жеткізіледі. Аккумулятордың толық қуатын пайдалану
үшін оны алғаш рет пайдаланудан алдын толық
зарядтаңыз.
Литий-иондық аккумуляторды пайдалану мерзімін
қысқартусыз кез келген уақытта зарядтауға болады.
Зарядтау процесін үзу аккумулятордың зақымдалуына
әкелмейді.
Литий-иондық аккумулятор "Electronic Cell Protection
(ECP)" (электрондық элементтерді қорғау) арқылы терең
заряд жоғалтудан қорғалған. Аккумулятор заряды жоқ
болса электр құралы қорғаныс схемасы арқылы
өшіріледі: алмалы-салмалы аспап басқа қозғалмайды.
Электр құралы автоматты өшкеннен соң қосқыш/
u
өшіргішті енді басушы болмаңыз. Әйтпесе
аккумулятор зақымдануы мүмкін.
– Аккумуляторларды (10) шығару үшін босату түймесін
(18) басып, аккумуляторды электр құралынан артқа
қарай тартып шығарыңыз. Осы кезде күш салмаңыз.
Кәдеге жарату бойынша нұсқауларды орындаңыз.
Бұрғылау патроны мен құралдарды таңдау
Соққымен бұрғылау үшін SDS-Quick алмалы-салмалы
аспабы қажет болады.
Ағаш, металл, керамика және пластмасса бойынша
соққысыз бұрғылау үшін жарамды SDS-Quick алмалы-
салмалы аспабын немесе алты қырлы білігі бар алмалы-
салмалы аспапты немесе SDS-Quick жоқ алмалы-салмалы
аспаптары бар жылдам қысқыш бұрғылау патронын
пайдалануға болады.
Бұрау үшін тек шар тәрізді ысырмасы бар бұрауыш
биттерді (14) (DIN 3126-E6.3) пайдаланыңыз. Басқа
бұрауыш биттерді (13) шар тәрізді ысырмасы бар
әмбебап бит ұстағышы (12) арқылы пайдалануға болады.
Жарамды алмалы-салмалы аспаптардың жинағын осы
нұсқаулықтың соңындағы керек-жарақтар шолуынан
табасыз.
1 609 92A 4WH | (31.03.2020)
Жылдам қысқыш бұрғылау патронын
алмастыру
SDS-Quick жоқ құралдармен (мысалы, цилиндрлік білігі
бар бұрғы) жұмыс істеу үшін жылдам қысқыш бұрғылау
патронын (19) орнату керек.
Жылдам қысқыш бұрғылау патронын орнату (B
суретін қараңыз)
– Бекіткіш біліктің жалғанбалы ұшын тазалап, аздап
майлаңыз.
– Жылдам қысқыш бұрғылау патронын (19) бекіткіш
білігімен құрал бекіткішіне өздігінен бекітілгенше
бұрап енгізіңіз.
– Жылдам қысқыш бұрғылау патронын тартып, бекітілуін
тексеріңіз.
Жылдам қысқыш бұрғылау патронын алып тастау
– Бекіту төлкесін (3) артқа жылжытып, жылдам қысқыш
бұрғылау патронын (19) алып тастаңыз.
Құралды алмастыру
Құрал бекіткішіне ойықты алты қырлы
білігі және SDS-Quick білігі бар әртүрлі
алмалы-салмалы аспаптарды салуға
болады.
Құрал бекіткішінің көмегімен алмалы-
салмалы аспапты қосымша құралдарды
пайдаланбай қарапайым түрде және оңай
алмастыруға болады.
Алмалы-салмалы аспап жүйе тұрғысынан еркін
қозғалады. Сол себептен еркін айналу кезінде радиалды
соққы пайда болады. Бұл саңылаудың дәлдігіне әсер
етпейді, себебі бұрғылау кезінде бұрғы өз бетімен ортаға
келтіріледі.
Шаңнан қорғайтын қаптама (2) жұмыс кезіндегі бұрғылау
шаңының құрал бекіткішіне кіріп кетуіне жол бермейді.
Құралды пайдалану кезінде шаңнан қорғайтын
қаптаманың (2) зақымдалмағанына көз жеткізіңіз.
Зақымдалған шаңнан қорғайтын қаптаманы дереу
u
ауыстыру керек. Оны қызмет көрсету
орталығында орындауға кеңес беріледі.
SDS-Quick алмалы-салмалы аспабын енгізу (C суретін
қараңыз)
– Алмалы-салмалы аспаптың жалғанбалы ұшын тазалап,
аздап майлаңыз.
– Алмалы-салмалы аспапты құрал бекіткішіне өздігінен
бекітілгенше бұрап енгізіңіз.
– Құралды тарту арқылы оның құлыптанғанын
тексеріңіз.
SDS-Quick алмалы-салмалы аспабын шығару (D
суретін қараңыз)
– Бекіткіш төлкені (3) артқа қарай жылжытып, алмалы-
салмалы аспапты шығарыңыз.
Bosch Power Tools