қауіп мүмкіндіктерінің алдын алу шаралары
қамтамасыз етілсе ғана рұқсат. Жуу және жөндеу
жұмыстарын 8 жастан төменгі балаларға
ересектердің қадағалауынсыз тапсыруға болмайды.
Құрал мен оның сымын 8 жастан төменгі
балалардың қолдары жетпейтін жерде сақтаңыз.
• Қолданғаннан кейін тағаммен қатынасқа түскен
барлық жабдықтарын бірден сумен жуыңыз.
• Қауіпсіздігіңіз үшін, бұл құрал барлық ережелер мен нормаларға сай өндірілген:
- Төменгі кернеу туралы ереже
- Электромагниттік үйлесімділік
- Тағаммен қатынасқа түсетін материалдар туралы ережелер.
• Құралда көрсетілген қуат көзіне қосу талаптары мен үйдегі қуат
көрсеткіштерінің сәйкес болуын тексеріңіз. Нұсқаудан тыс жолдармен қосу
кепілін жояды.
• Құралды ыстық беткейге қоймаңыз және жалын көзіне (газ плита) жақын жерде
қолданбаңыз.
• Мотор блогын суға салмаңыз және үстінен су ағызып жумаңыз.
• Құралды жазық және тұрақты беткейде және су тимейтін жерде ұстаңыз.
• Жуу және күнделікті күтуден басқа жөндеулерді қызмет көрсету орталығы іске
асыруы тиіс.
• Құралды ешқашан сымынан тартып суырмаңыз.
• Ұзартқыш қолданғанда алдымен оның күйін тексеріп алыңыз.
• Құралды мына жағдайларда қолдануға болмайды:
- Егер оны жерге құлатып алсаңыз,
- Егер құрал бұзылған болса немесе жабдықтары жетіспесе.
• Ондай жағдайда, барлық жөндеу жұмыстары сияқты, арнайы қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
• Құрал үйде қолдануға ғана арналған. Егер құрал коммерциялық мақсатта
қолданылса немесе мақсатынан тыс қолданылса, немесе құралды қолдану
нұсқаулары орындалмаса, өндіруші кепілдігенен бас тартады.
• Қолданыстан кейін құралды қуат көзінен ажыратыңыз.
• Тағамды көрсетілген мөлшерінен асырмаңыз және құралды көрсетілген
уақытынан ұзақ қолданбаңыз.
• Шырын кедергісіз дұрыс ағу үшін, сүзгісін жиі тазалап отырыңыз.
• Құралдың өзінің жабдықтарынан басқа жабдықтарды қолданбаңыз. Ондай
жағдай орын алса, бұл құралдың жұмысына кепіл берілмейді.
Қоршаған ортаны қорғауға қатысыйық!
Берілген құралда бағалы немесе қайта өңделетін материалдардан
дайындалған көптеген жиынтықтар бар.
Қызмет көрсету мерзімі аяқталғаннан кейін оны келесі өңдеу үшін қабыл-
дау пунктіне тапсырыңыз.
37
KK