Техникалық сипаттамалары және DIP қосқыштары туралы ақпарат осы нұсқаулықтың басында берілген.
Барлық суреттер осы нұсқаулықтың басында орналасқан. Олар әріптермен (A, B, C . . .) белгіленеді.
Мәтіндегі суреттер келесі әріптермен аталады. (Мысалы, " A суретін қараңыз".) Бұл суреттердің
кейбірінде сурет бөліктерін көрсететін нөмірленген көрсеткілер немесе сызықтар бар. Сандардың
мағынасын төмендегі тізімнен қараңыз.
Бұл нұсқаулық TM-U220 құрылғысының үш түріне қатысты болғандықтан, кейбір суреттер принтердегіден
аздап ерекшеленуі мүмкін; алайда, өзгеше көрсетілмесе, нұсқаулар барлық түрлерге қатысты.
Барлық құқықтар сақталған. Seiko Epson корпорациясының алдын ала жазбаша рұқсатынсыз бұл
жарияланымның ешбір бөлігін көшірмелеуге, іздеу жүйесінде сақтауға немесе электрондық,
механикалық, ксерокс көшірмесі, жазу немесе өзге қандай болмасын үлгіде немесе қандай болмасын
құрал арқылы беруге болмайды. Осында қамтылған ақпаратты пайдалануға қатысты ешбір патент
міндеттемесі көзделмейді. Осы кітапты дайындауда кез келген сақтық шара қолданғанымен, Seiko Epson
корпорациясы жіберілген қателер немесе ағаттықтар үшін жауап бермейді. Әрі осында қамтылған
ақпаратты пайдалану нәтижесінде орын алған шығындар үшін жауапкершілік көзделмейді.
Seiko Epson корпорациясы не еншілес бөлімшелері келеңсіз оқиға, осы өнімді дұрыс пайдаланбау немесе
теріс пайдалану немесе өнімге рұқсатсыз өзгерістер енгізу, оны жөндеу немесе өзгерту немесе (АҚШ
қоспағанда) Seiko Epson корпорациясының пайдалану және қызмет көрсету нұсқауларын жіті орындамау
нәтижесінде орын алған осы өнім сатып алушысының немесе үшінші тараптардың шығындары немесе
жоғалтуы үшін олар алдында жауап бермейді.
Seiko Epson корпорациясы Seiko Epson корпорациясының Түпнұсқа Epson өнімдерінен немесе Epson
мақұлданған өнімдерінен басқа мүмкіндіктерді немесе тұтынылатын өнімдерді пайдаланудан туындаған
шығындар немесе ақаулықтар үшін жауап бермейді.
EPSON - Seiko Epson Corporation компаниясының тіркелген сауда белгісі. Exceed Your Vision — Seiko Epson
Corporation компаниясының тіркелген сауда белгісі. Барлық басқа сауда белгілері тиісті иелерінің меншігі
болып табылады және тек айқындау мақсатында пайдаланылады.
ЕСКЕРТПЕ: Осы нұсқаулықтың мазмұны ескертусіз өзгертілуі мүмкін.
©Seiko Epson Corporation 2014-2019. Барлық құқықтар сақталған.
Пайдаланушы нұсқаулығы
DIP қосқыштары мен сипаттамалары
A суреті
1. Орам қағаз қақпағы
2. Бояу таспасы бар кассета
қақпағы
3. Басқару тақтасы
4. Қуат көзінің қосқышыL
Суреттер
Қазақ тілі