Литий-ионды аккумуляторларды қолданған кезде
заң шығарушының ұсыныстарына назар аударыңыз.
Қолданылған жəне ақаулы аккумулятор жинақтарын
тиісті ережелерге сəйкес тастаңыз.
Құрамдағы заттар бойынша нұсқаулар (REACH)
Бұйымның құрамындағы заттар туралы соңғы
мəліметтерді мына мекенжай бойынша табуға
болады: www.kaercher.de/REACH
Керек-жарақ жəне қосалқы
бөлшектер
Тек түпнұсқалы керек-жарақ немесе қосалқы
бөлшектерді пайдаланыңыз, себебі ол құралдың
қауіпсіз жəне апатсыз жұмыс істеуіне кепілдік
болады.
Керек-жарақтар мен қосалқы бөлшектер туралы
ақпарат www.kaercher.com веб-сайтында қолжетімді.
Жеткізілім жинағы
Бұйымның жеткізілім жинағы орауыштың үстінде
көрсетілген. Бұйымды орауыштан шығарғанда
жинақтың толықтығын тексеріп шығыңыз. Керек-
жарақтар жетіспеген немесе тасымалдау кезінде
зақымдар тиген жағдайда, дилеріңізге
хабарласыңыз.
Құрылғының сипаттамасы
Сурет A
Қалпына келтіру түймесі
1
Үстіңгі қақпақ
2
Лазерлік датчик (LiDAR)
3
Қосу/өшіру түймесі
4
«Зарядтау станциясына оралу» түймесі
5
Сүрткіш шүберек
6
Щетка
7
Аккумуляторларға арналған бөлік
8
Дөңгелек
9
Құлау датчигі
10
Соқтығысу датчигі
11
Бүйірлік щетка
12
Ультрадыбыстық датчик
13
Камерасы бар 3D датчигі
14
Зарядтау байланыстары
15
Сүрткіш шүберек ұстағышы
16
Щетка қақпағы
17
Шаң жинағыш
18
Су багы
19
Тазалау құралы
20
Зарядтау станциясы
21
Қуат ашасы
22
Функционалдық сипаттама
Құрылғы зарядтау станциясынан жəне
аккумулятормен жұмыс істейтін тазалағыш роботтан
тұрады.
Мобильді робот-шаңсорғыш қуаты кірістірілген
аккумулятор арқылы жүзеге асырылады.
Аккумуляторы толық зарядталған тазалағыш робот
120 минутқа дейін жұмыс істей алады. Егер
аккумулятор заряды азайса, ол зарядталу үшін
автоматты түрде зарядтау станциясына оралады.
Робот-шаңсорғыштың қозғалысы ретке келтірілген.
Камерасы бар 3D лазерлік датчигінің (LiDAR)
көмегімен бөлмені сканерлеп, біртіндеп тазалайды.
Ол биіктігі LiDAR мұнарасының биіктігінен кем емес
кедергілерден аулақ болады.
Жасанды интеллект тазалағыш роботқа кабель
немесе аяқ киім сияқты күрделі кедергілерді еш
қиындықсыз айналып өтуге көмектеседі.
Жасанды интеллект арқылы интеллектуалды
жүргізу стратегиясын есептеп, кедергілерден
арылуға байланысты, робот бос аумақты түзу
жолдармен тазарту үшін кедергі жағдайына
байланысты бірнеше секунд кетуі мүмкін.
Тазалағыш роботтың тегіс конструкциясы оның
төсек, диван жəне шкаф сияқты жиһаздың астын да
тазалай алатынын білдіреді.
Ультрадыбыстық датчик кілемдерді анықтайды жəне
ылғалды тазалау немесе аралас тазалау кезінде
оларды айналып өтеді. Құрғақ тазалау кезінде
құрылғы кілемдердегі сору қуатын арттырады
(Autoboost).
Баспалдақтар мен алаңдарды анықтайтын құлау
сенсорлары құлаудың алдын ала алады.
Соқтығысу датчиктері құрылғыны айналып өту үшін
кедергілерді анықтайды.
Зарядтау станциясында тазалағыш роботтың
аккумуляторы зарядталады.
Егер тазалағыш робот тазалауды зарядтау
станциясынан бастаса, аккумулятор заряды аз
болған жағдайда, ол зарядтау станциясына
оралады.
Зарядтау аяқталған кезде, тазалағыш робот өзі
зарядтау станциясынан шығып, тазалауды
жалғастырады. Тазалағыш робот тазалауды
аяқтағаннан кейін, ол зарядталу үшін зарядтау
станциясына оралады.
Жарық диодты
көрсеткіш
Көк түс жанады
Көк түс баяу
жыпылықтайды
Көк түс жылдам
жыпылықтайды
Жасыл түс баяу
жыпылықтайды
Жасыл түспен
жанады
Қызыл түс баяу
жыпылықтайды
Қызыл түс жылдам
жыпылықтайды
Қазақша
Күй көрсеткіштері
Күй
Автономды түрде жүреді
Автономды жүру уақытша
тоқтатылды
WLAN қосылу режимі
Тазалағыш робот зарядталуда
Тазалағыш робот толық
зарядталған немесе сəтті
қосылған
Іске қосу үшін аккумулятор
тым бос
Қате жағдайы
269