5.1.5.2 Бұранда тығыздағышы жеткіліксіз басылған
Бұранда тығыздағышы жеткіліксіз басылған жағдайда, тереңдік шектегішін солға қарай бұраңыз.
5.2 Жұмыс істеу
Назар аударыңыз! Зақымдалу қаупі бар!
▶ Жұмыс барысында ажыратқышты айналу бағытын және/немесе функцияны таңдау үшін іске
қосу аспаптың зақымдалуына апарып соғуы мүмкін.
▶ Бұл ажыратқышты жұмыс барысында іске қоспаңыз.
Осы құжаттамадағы және өнімдегі қауіпсіздік және ескерту нұсқауларын орындаңыз.
5.2.1 Қосу
Нұсқау
Негізгі сөндіргішті баяу басыңыз.
▶ Негізгі сөндіргішті баяу басыңыз.
5.2.2 Үздіксіз жұмыс режимін қосу
1. Бұғаттаудан шығару түймесін басыңыз.
2. Тежегіш түймені басыңыз.
3. Үздіксіз жұмыс режимін өшіру үшін, негізгі сөндіргішті басыңыз.
◁ Тежегіш түйме өзінің бастапқы күйіне қайтады.
5.2.3 Айналу моментін орнату
▶ Реттегіш сақинаны қалаулы айналу моментінің деңгейіне дейін айналдырыңыз.
5.2.4 Айналу бағытын орнату
▶ Оңға/солға айналу ауыстырып-қосқышын орнатыңыз.
5.2.5 Қондырылған бұранданы шығарып алу
1. Тереңдік шектегішін бөлшектеңіз. → Бет 111
2. Оңға/солға айналу ауыстырып-қосқышын орнатыңыз. → Бет 112
3. Қондырылған бұранданы шығарып алыңыз.
6 Күту және техникалық қызмет көрсету
ЕСКЕРТУ
Ток соғу қаупі! Желілік аша енгізіліп тұрған кезде күтім және техникалық қызмет көрсету ауыр
жарақаттарға және өртке апарып соғуы мүмкін.
▶ Кез келген күтім және техникалық қызмет көрсету жұмысын орындамас бұрын желілік ашаны
әрдайым тартып шығарыңыз!
Аспапты күту
•
Қатты жабысқан кірді мұқият кетіріңіз.
•
Желдету ойықтарын құрғақ қылшақпен жайлап тазалаңыз.
•
Корпусты тек сәл суланған шүберекпен тазалаңыз. Ешқандай силикон қамтитын күтім құралдарын
пайдаланбаңыз, өйткені олар пластмасса бөлшектерін зақымдауы мүмкін.
Техникалық қызмет көрсету
ЕСКЕРТУ
Ток соғу қаупі! Электрлік құрамдас бөлшектерді қате жөндеу ауыр жарақаттану мен өртке
апарып соғуы мүмкін.
▶ Аспаптың электр бөлігін жөндеуді тек маман-электрикке тапсырыңыз.
112
Қазақ
Printed: 05.04.2017 | Doc-Nr: PUB / 5070703 / 000 / 04
All manuals and user guides at all-guides.com
4
2