▶ Аспапта ешқашан бейімдеу не өзгерту жұмыстарын орындамаңыз.
▶ Тесіп өтетін бұрғылау кезінде қауіпті аймақты қабырғаның қарама-қарсы жағынан қоршаңыз.
Сыртқа шығатын және/немесе төмен түсетін сынықтар адамдарға жарақат тигізуі мүмкін.
▶ Бүйірлік тұтқыш дұрыс орнатылғанын және берік бекітілгенін тексеріңіз. Әрқашан аспапты екі
қолмен тұтқыштарынан берік ұстаңыз. Майланған тұтқыштарды дереу тазалаңыз, олар құрғақ және
таза болуы керек.
▶ Саусақтарыңыздың қандандыруын жақсарту үшін үзіліс жасап, жаттығулар жасаңыз. Ұзақ уақыт
жұмыс істеген кезде, дірілдердің салдарынан саусақ, қол не буындардың қантамыры не жүйкесіне
кері әсер тиюі мүмкін.
▶ Аспапты әлсіз адамдарға нұсқаусыз пайдалануға тыйым салынады.
▶ Аспапты балалардан алшақ ұстаңыз.
▶ Жұмысты бастау алдында дайындама материалы бойынша пайда болатын шаңның қауіп класын
анықтаңыз.
Аспаппен жұмыс істеу үшін қорғаныс дәрежесі қолданыстағы шаңнан қорғау
нормаларына сай құрылыс шаңсорғышын қолданыңыз.
▶ Мүмкіндігінше шаңсорғыш пен арнайы жылжымалы шаң жинағышты қолданыңыз. Құрамында
қорғасын бар бояулар, ағаштың кейбір түрлері, бетон/кірпіш қалауы/кварц қамтитын жыныстар
және минералдар мен металл сияқты материалдардан пайда болатын шаң денсаулық үшін зиянды
болуы мүмкін.
▶ Жұмыс орнындағы ауа алмасуды жақсарту үшін әрекет етіңіз және қажетінше тиісті шаңға
арналған респираторды тағыңыз.
пайдаланушыларда немесе жанындағы адамдарда аллергиялық реакциялардың және/немесе дем
алу жолдары ауруларының пайда болуына әкелуі мүмкін. Кейбір шаң түрлері (мысалы, еменді
немесе шамшатты өңдеу кезінде пайда болатын шаң) канцерогенді деп есептеледі, әсіресе ағашты
өңдеу үшін қолданылатын қосымша материалдармен (хром қышқылының тұзы, ағашты қорғау
заттары) тіркесімде. Құрамында асбест бар материалдарды тек мамандар өңдеуі керек.
▶ Жұмысты бастау алдында құрылыс телім бастығының келісімін алыңыз. Ғимараттарды және басқа
құрылыстарда тесіктерді жасау олардың беріктігін өзгертеді, әсіресе арматураны немесе ұстап
тұратын құрылыстарды кескенде.
Электр қауіпсіздігі
▶ Жұмысты бастамас бұрын, жұмыс аймағындағы электрлік сымдар, газ бен су құбырлары жабық
екендігіне көз жеткізіңіз. Ток сымына байқамастан зақым келтірген жағдайда, аспаптағы сыртта
орналасқан металл бөлшектер ток соғу қаупін тудыруы мүмкін.
▶ Аспаптың желілік кабелін тұрақты түрде тексеріңіз және зақымдалған кабельді ауыстыру үшін
тәжірибелі электрші маманды шақырыңыз. Электрлік құралдың байланыс кабелі зақымдалған
жағдайда оны арнайы дайындалған және рұқсат етілген кабельге ауыстыру керек. Оған клиенттерге
қызмет көрсету бөлімі арқылы тапсырыс беруге болады. Ұзартқыш кабельдерді тұрақты түрде
тексеріңіз және зақымдар бар болғанда оларды ауыстырыңыз. Жұмыс кезінде желілік немесе
ұзартқыш кабель зақымдалған жағдайда оған тиюге тыйым салынады. Желілік кабельді розеткадан
шығарыңыз. Ақаулы электр қуаты кабельдері және ұзартқыш кабельдер электр тогының соғу қаупін
тудырады.
▶ Ток өткізетін материалдарды жиі өңдеген кезде кір аспапты Hilti қызмет көрсету орталығына жүйелі
түрде тексертіңіз. Аспаптың үстіңгі бетіне жабысқан шаң, әсіресе ток өткізгіш материалдар немесе
ылғал жағымсыз жағдайларда ток соғу қаупін тудыруы мүмкін.
▶ Электрмен қамтуда кідірістер болғанда, аспапты өшіріңіз және кабельді желіден ажыратыңыз. Бұл
электрмен қамту қалпына келтірілгенде аспаптың өздігінен қосылуын болдырмайды.
3 Сипаттама
3.1 Өнімге шолу
1
Құрал бекіткіші
@
Желдету ойықтары
;
Бүйірлік тұтқыш
=
Тұтқыштар
%
Негізгі сөндіргіш
&
3.2 Мақсатына сай қолдану
Сипатталған өнім ауыр қашау жұмыстарына арналған электрлік қашайтын балға болып табылады.
Сипатталған өнім бетон, кірпіш қалау, тас және асфальт бойынша құрастыру және демонтаж
жұмыстарын орындауға арналған.
124
All manuals and user guides at all-guides.com
Мұндай шаңның бөлшектерімен дем алу немесе оған тию
(
)
+
§
/
Тұтқыш
Қуат ауыстырып-қосқышы
Желілік кабель
Қызметтік индикатор
Қуат индикаторы