Ақауларды жою
KZ
Егер тоңазытқышыңыз жұмыс істемей қалса, қолдау
қызметіне («Қолдау» бөлімін қара) қоңырау шалмас бұрын
төмендегілерді тексеріп алыңыз:
Ішкі жарық жанбаған жағдайда.
• Вилка электр розеткасына қосылмаған немесе толық
байланыс жоқ, болмаса үйде электр энергиясы жоқ.
Тоңазытқыш немесе мұздатқыш суытпайды.
• Есік дұрыс жабылмаған немесе нығыздағыштары
зақымдалған.
• Есіктер жиі ашылады.
• Аса жоғары температура тапсырылған («Қосу» бөлімін
қара).
• Тоңазытқыш және мұздатқыш бөлімдері толып тұр.
• Тоңазытқыш айналасындағы температура 14°C төмен.
Тоңазытқыштағы тағам суымайды.
• ТЕМПЕРАТУРАНЫ РЕТТЕУ түймесі дұрыс орнатылмаған.
• Тағам тоңазытқыштың ішкі артқы қабырғасына тиіп
тұрады.
Желдеткіш айналмайды
• Тоңазытқыш есігі ашық.
• тоңазытқыш ішіндегі жұмыс шарттарын қалпына келтіру
қажет болған жағдайда, АУА БЕРУ жүйесі автоматты түрде
іске қосылады.
Мотор үнемі қосылып тұрады.
• Есік дұрыс жабылмаған немесе үнемі ашылып тұрады.
• Қоршаған орта температурасы өте жоғары.
• Мұздың қалыңдығы 2-3 мм артық («Техникалық қызмет
көрсету» бөлімін қара)
Тоңазытқыш қатты шулайды.
• Тоңазытқыш тегіс беткейде орналастырылмаған («Орнату»
бөлімін қара).
• Тоңазытқыш вибрация беретін және шу жасайтын
шкафтардың ортасына қойылған.
• ВІшкі хладагент өшірулі компрессордың өзінде аздап
шуылдап тұрады. Бұл қалыпты жағдай.
Тоңазытқыштың кейбір сыртқы бөліктері суық.
• Температураның осылай көтерілуі тоңазытқыштың кейбір
бөліктеріне конденсат жиналып қалмауы үшін қажет.
Тоңазытқыштың ішкі артқы қабырғасы мұзбен немесе
су тамшыларымен көмкерілген
• Бұл тоңазытқыштың қалыпты жұмысын білдіреді.
Тоңазытқыш түбінде су пайда болды.
• Суды ағызу тесігі бітеліп қалған («Техникалық қызмет
көрсету» бөлімін қара).
40